Қазақстан Қарулы Күштерінің құрудың заңдың негіздері


Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуына байланысты, алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет — өзінін қарулы күштерін құру қойылды. Жаңа қағидалы заңдык негіздерді жасау армияның механизмін еске ала отырып, республиканың ерекщелігіне жөне географиялық жағдайына байланысты қайта құруды, айтарлықтай материалдық шығындарды қажет етті. 1991 ж. 25 қазанда Қазақстай Президентінін Жарлығы бойынша, Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды, кейіннен республиканың қорғаныс мәселелері толық түрде өз бетімен дербес шешуге етуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып аталды. Тәуелсіз республиканың зандық құқықтарынын негіздеріне және Тәуелсіз Мемлеқеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты, 1992 ж. 7 мамырында Президенттің Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағыгіда орналасқан Қарулы Күштер өздерінің, мүліктерімен қоса республиканын ‘ қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретіңде Қарулы Күштерді басқаруды Президнет өзіне алды, ал тікелей басқаратын Қорғаныс министрі болды. Қазақстанньгң тұнғыш Қорға-ныс министрі болып генерал-полковниқ С.Қ.Нұрмағамбетов тағайындалды. Қазақстан Қарулы Күштерінін, құрамына, негізінен, 40-жалпы әскерлік армияның әскерлері кірді. Бұлар бұдан бұрын, 1979 жыл 27 желтоқсанда, генерал-майор А.Тохариновтың басшылығымен Ауғанстанның шекарасына кірген болаты. 9 жылдан аса мыңдаған моджахеттердің қарулы оппозициясына қарсы қарулы операцияларға қатысты.
1989 ж 15 ақпанда Женева келісімі арқылы бекітілген мерзімінде 40-армияның әскерлері Ауғанстаннан шығарылды. Содан кейін әскери бөлімдер тәртіп бойынша таратылды, мерзімді қызметтің солдаттары запасқа шықты. Ал офицерлер мен прапорщиктер Ауғанстанға қай жерден барса (отбасының тұратын жеріндегі), сол жердің әскери бөлімшелеріне кетті. 40-армияның штабы Ташкентте орналасты. Осыдан кейін Реслублика Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құруды 1992 ж. 7 мамырда заңды түрде бекітті. Бүгіңгі күні Қазақстан өзінін азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін өз бетімен анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару-жарақтың және техниканың орналасу мәселесін щешеді.
Қазақстан Республиқасы Коңституциясының 66- бабыңда Қазақстан Республикасыныд Үқіметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудін негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады делінген, ал 36-бапта (1-пункт) Қарулы Күштердің қағидалы міңдеттерін анықтайды. «Қазақстан Республикасьш қорғау — оңың әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы» деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабыңда (3-пунқт) Қарулы Күщтердің мақсатын көрсете келе, Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді деп айтылғаң!
Қазақстан Республикасының Президенті.Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның тәуелсіздігі: тарих сабақтары және қазіргі заман» деген баяндамасыңда былай деді: «Біздін тәуелсіздігіміздің бес жылдығында Қазақстан халқының көп жылдық тарихында миллиондағаи ата-бабаларымыздың бостандық үшін күресі мен құрбандығының нәтижесі бар. Екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін өз өмірлерін қиып, құрбан болған жүз мындаған отандастарымызды ұмыта алмаймыз».
Қазақстан Республикасы өзінің қарулы күштерің құру арқылы соңғы кездері армияны құрудағы біраз проблемаларды шешіп алды. Біріншіден, қарулы күштердің саны, құрамы жөне әскери қызмет атқарудың мерзімі анықталды. Екіншіден, Ресей Федерациясы мен Қазақстанның және ТМД елдеріңің де мүддесіне жауап беретін бірлескен әскери тұжырымдама мен доктринаны білдіретін әскери келісімге қол қойылып, 1994 ж. 29 наурыздағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасында достық, өзара көмек, бір-бірімен қарым-қатынас туралы шарт бойынша, әскери-стратегиялык кеңістікті сақтауды, республикалар арасыңдағы шекаралардың бұзылмауын толық түрде мойындай отырып, әскери базаларды, полигон және басқа да объектілерді бірлесіп пайдалануға қол жеткізді. Ресей мен Қазақстанның қорғаныс одағы орыс және қазақ халкының көп жылдық достық қатынасына негізделеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *