Қазақстан армиясындағы негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары

Қазақстанның Қарулы Күштерін құрғаннан кейін Президент пен үкімет Қазақстан армиясын реформалаудың өзара байланысты басымдык жиынтығын жасады. Бұл дегеніміз — әскерлердің құрылымын өзгерту, әскери кадрларды дайындау, армияны қаруландыру, еуропалык қауымдастықтың ар-мияларымен қарым-қатынас жасау, әскери қызметтін мәртебесін көтеру, әскери ұжымдардағы ұлтаралық қатынастың проблемаларын шешу.
Армиядағы реформаларды айтар алдында, бірінші, басты проблеманы белгілеп алу қажет. Қарулы куштер — бұл мобильдік, жаттыққан, жабдықталған, елді қорғау міндетін атқаруға қабілетті әскерлер.
Екінші проблема әскери кадрлар болып табылады. Тарихтың жүздеген жылдарынан бері мемлекеттердің әскер ұстауының екі әдісі болды: өз еркімен жалдамалы тәртіптегі және әскери міндет түріндегі. Қазіргі кезде Қазақстан Қарулы Күштерінде офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, мерзімнен тыс қызметтегі әскери қызметшілер және әскери қызметші әйелдер құрамын жинақтаудың аралас тәсілі қолданылады. Өз еркімен, жалдамалы түрде, шартпен (контрактімен) және мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы заңға сәйкес шақырылады. Соңғы кездері «жалдамалы армия» термині «кәсіпқой армия» терминінің баламасы болып жүр, сонда да Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің негізі кәсіпқой кадрлардан тұрады деп айтуға болады.
Сонымен бірге, бұл проблеманың езіндік ерекшеліктері бар жене оларды әскери мамандықтардьщ санын еске түсіру арқылы түсінуге болады. 1990 ж. КСРО Қарулы Күштерінін тізіміне 4 мыңнан аса мамандықтар кірді. Қазакстанның алдында номенклатура бойьшша қажетті шамада әскери ма-мандар даярлауды қамтамасыз ету тұр. Жоғары кәсіпқой армия кұру үшін жеткілікті шамада әскери мамандар болуы керек және әскерлерді мамандар бірден-бір тиімді нұсқасы контрактілік жүйеге өту болып табылады. Әрбір өз еркімен келгендер мемлекетпен шарт жасасады, онда қызмет ететін уақыты, ерекше жагдайдағы қызметі үшін өтемақысының тәсілдері көрсетілуі керек. Армияға, сонымен бірге, қаржымен және басқа да материалдык ресурстармен қамтамасыз етудің толықтырылған жүйесі қажет, өскери қызметтің мәртебесін халық арасында көтеру керек. Бұл үшін бағдарламалық саясат қажет жөне армиялык қызметтің баспасөзде, кинода, теледидарда, видеороликтерде және т.б. жарнамасы болуы керек.
Үшінші проблема — Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қару-жарақпен, техниканың жаңа түрлерімен жабдыктау. Қанша дегенмен, әзірге Қазақстанның өзінің жеткілікті қорғаныстық өңдірісінін болмауы оны бірінші кезекте Ресейдің әскери рыногынан алынған қару-жаракпен, әскери техникамен байланыстырады. Өйткені, бұрынғы КСРО-ның барлық қорғаныстық өндірісі, сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздіктің ғылыми-өндірістік потенциалы Ресей Федерациясының аумағында жинақталған. Сондықтан Қазакстан қару-жарақ сатып алу саясатын жасағанда және ұлттық саясатын анықтағанда Ресейге бет бұруы керек, өйткені, ол қару-жарақ пен техниканы әлемдік стандарт дәрежесінде шығарады. Бірақ Қазақстанның қорғаныс қабілеті, қаншалықты достықта болса да, басқа мемлекетке тәуелді болмауы керек.
Төртінші проблема — Қазақстанның әскери кадрларын даярлаудағы Ресеймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Тәжікстанмен, Беларусьпен, Украинамен және әлемдік қауымдастықтың басқа да мемлекеттерімен өзара тәуелді қарым-қатынаста болуы. Жас егеменді Қазақстанның қарулы күштерінің кұрылу және қалыптасу кезеңінде ұлттық офицер мамандардың жетіспеуі бірден-бір өткір проблема болды. Бірак бүгінде, Қарулы Күштердің сегіз жылдық өмірінде бұл проблема күн тәртібінен алынып тасталды. Қазақстан Республикасының құрылған және табысты жұмыс істеп жатқан жоғары әскери оқу мекемелерінің, азаматтық оқу мекемелеріндегі кен,тармақты әскери кафедралардың жүйесі қарулы күштерді жыл сайын қажетті мөлшерде билікті әскери мамандармен толықтыруға мүмкіндік береді. Әскери жөне ғылыми-педагогикялык кадрлардын қажеттілігін ескере отырып, 1997 ж. 11 акланыііда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қіірулы Куштердің әскери Академиясы құрылды.
Бүгінде Қазақстан Респубдикасының Қарулы К.үштсрі даму және жетілу үстінде. Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» деген халыққа Жолдауында ұлттык қауіпсіздіктің және қарулы күштердің дамуы мен жетілуінін бағытын, әсіресе кәсіптік даярлықтың мөлшері көтерілуінін қажеттілігін және армияны қазіргі заманғы қару-жарак қүралдарымен қамтамасыз етуді ерекше атап айтты. Бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді тәсілі көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты жақсарту болып табылады.
Әскери кадрларды даярлаудағы мәселеде маңызды орынды өзінің мықты әскери экономикалық және ғылыми потенциялымен, мүмкіндігімен Ресей Федерациясы алады. Қазақстан Ресеймен әскери-экономикалық және стратегиялық тығыз байланыста. Бұған дәлел жоғарғы дәрежеде әскери деле-гациялардын алмасуы және Қазақстан мен Ресейдің бірігіп, Самарада болған «Редут-97» сияқты жаттығулар өткізуі. 1992 ж. бастап, Ресейдің жоғарғы әскери орындары мен абыройлы әскери академиялары Қазақстан азаматтарынан курсанттар мен тыңдаушылар қабылдап келеді. Және қарулы күштерге өте қажет мамандықтар бойынша кадрлар даярлайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *