ШЕРНИЯЗ ЖАРЫЛҒАСҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ТУЫНДЫЛАРЫ


Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881)- халық ақыны. Қазіргі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан дейтін өзеннің бойындағы Ақкете руынан шыққан. Ақкете — оның он бірінші атасы. Ақын көтеріліс басталысымен бірден Орда жағына өтіп, Исатай мен Махамбетті өзі іздеп барып қосылады. 1836 жылы Шернияз Бөкей хандығына келіп, Исатайға жолығады. Ұзамай оның ең жақын достарының бірі болып алады.
Көтеріліс күшпен басылғаннан кейін Шернияз Махамбетпен бірге Жайықтың шығыс бетіне өтіп, ел аралап үгіт жүргізеді. Махамбетеке еріп, Хиуаға да барады, бірақ көтерілісті қайтадан бастай алмайды, қуғын азабын тартады, Баймағамбеттің ел көзген жендеттері Шернияздың барарға жерін, басарға тауын қалдырмайды. Ұсталатынына көзі жеткен ақын өзі ақынға келіп, өнер асырып, оның кешірімін қабылдайды. Бірақ ол ешқашан өзінің Исатайдың Шерниязы екенін жасырмай, басына түскен жағдайға сай, сақтана жүріп қызмет етеді. Жұмбақтар шығарып , бүкпелей сөйлейді. «Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы» 1925 жылы басылады.
Сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасаған: “Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай”, “Исатай ел еркесі, ел серкесі”, т.б. жырларын шығарды. Шернияздың “Ай, Қазы би, Қазы би”, “Тостағанды қолға алып”, “Ай жігіттер”, “Сөз сөйлеймін бөлмелеп”, “Көл қылып құдайым талай судай ағын”, т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. Жалпы Шернияз поэзиясы мазмұндық сипатымен, стильдік айқындығымен, көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді. Шернияз өлеңдері үш нұсқасы (Алыш ақын, Мәшїүр Жүсіп, Омарбек нұсқалары) бар. Шығармалары 1925 жылы Мәскеуде, Ташкентте (Қ.Жансүгіров жариялауында) жарық көруінен бастап, әр кездерде шыққан орта мектептерге арналған хрестоматияларда, “18 — 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Айтыс” (1-т., 1965) жинақтарында басылған. Баймағамбет Шерниязды өз сынынан өткізеді. Сүйінбекұлы Оразғалидың айтуынша, Шернияз 15 жасар шамасынан — ақ кішкене ділмар шері атанады. Сол он бес шамасында Шернияз адайдың атақты ақыны домбырашы Абылмен кездеседі. Абыл кіші жүз елін аралап жүріп, кете еліне келеді. Кейбір деректерге қарағанда, Шернияз 1817 жылы туып, 1881 жылы қайтыс болған. Ол Исатай Тайманов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне қатысқан. Исатай қазаға ұшырап, көтеріліске қатысқандар жазаға тартыла бастағаннан кейін, Шернияз Баймағамбет сұлтанның қудалауына түседі. Бас сауғалап лажсыздан Баймағамбетке бағынышты болып, онымен татуласса да, Исатаймен жолдас болған кезін аңсауын, қуғында жүрген Махамбет ақынмен кездесуін қоймаса керек.
Қазақ әдебиетінде Шернияздың әкелген бір жаңалығы ертеден келе жатқан импровизация өнерін кемелдендіре, жетілдіре түсіп, оны өзіне қарсыласушылардың мін – кемістіктерін, оғаш мінездерін көрсетуге, әжуа етуге шебер пайдалануында демекпіз.Бұған үлгі ретінде, Шернияздың Баймағамбет төремен кездескендігі айтқандарын атаса жеткілікті. Сонымен бірге Шернияз он бір буынды қара өлеңді де кең қолданады.
Шернияздың өлеңдері, көбінесе, ауызша тараған, шығармалары 1925 жылдан бері әр кезде жарияланып келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *