Сүйінбай Аронұлы


«Жетісу ақындарының алтын діңгегі».
М.Әуезов
ХIХ ғасырда Жетісу өлкесінің тарихында өзіндік өшпес із қалдырған белгілі қоғам қайраткері және өз елінің, жерінің қа¬мын ойлаған ірі тұлғаның бірі – Сүйінбай Арон¬ұлы. Өз заманында Сүйінбай Жетісу жұртына дарынды ақын, жыршы ретінде ғана белгілі болып қоймады, сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және заң жоралғыларын жетік білетін қуатты би ретінде де танылды. Сүйінбай ауыл биі қызметіне 1871 жылдың қаңтар айында сайланып, содан 1895 жылғы жаңа сай¬лауға дейін сеніп тапсырылған осы лауазымды мүлтік¬сіз атқарып, жиырма үш жылға жуық ауыл биі болды. Бұл кел¬тірілген мәліметтің нақ¬ты¬лығы мұрағат құжаттары арқылы анық¬та¬лып отыр.
Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы бұ¬рынғы Жетісу облысы, Верный уезі, Қа¬рақастек деген жерде (қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қара¬қас-тек ауылында) дүниеге келген. Оның әкесі Арон жастайынан өткір¬лі¬гі¬мен, мәмлегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атасы Құсеп Жиенқұлұлы жауын¬гер ақын, жыршы, күйші, қо¬быз¬шы бол¬ған екен. Сондай-ақ, әкесі Аронның бауырлары Жаңбыршы мен Жаманақ та қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болған. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Арон¬ның Жаманшал, Жұмық, Сүйін-бай, Оспан және Қосуақ атты ұлдары бол¬ған. Осы ұл¬да¬ры¬ның ішінде аты шы¬ғып, танымал болғаны Сүйінбай еді.
Сүйінбай Аронұлы жөнінде «Қазақ¬стан Ұлттық энциклопедиясында» мынандай мә¬лі¬меттер келтіріледі: «Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқын¬шы¬лығының әсері¬нен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыс¬тау¬ күндерде (1840-1860) іргесі ыдыраған қа¬зақ рула¬ры¬ның басын біріктіруде Сүйін¬бай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болған¬дығы айтылады. Осы тұста ақын ха¬лық¬ты қо¬қандықтарға қарсы тұрып, тәуел¬сіздік үшін күресуге шақырды. Өтеген батыр, Сау¬рық батыр, Сұраншы ба¬тыр, Жабай батыр, Қарасай батыр сияқ¬ты толғаулар шығарды. Аумалы-төк¬пелі қоғамда өмір сүргендіктен Сүйінбай сал-сері¬ліктен гөрі қо¬ғам¬дық-әлеуметтік істерге белсене ара¬лас¬қан. Қазақ¬стан Рес¬пуб¬ликасының Ор¬та¬лық мемлекет¬тік мұрағатында сақ¬таулы тұрған «Ала¬тау округі және Үл¬кен орда қазақтары-ның бастығы» атты нөмірі 3-ші қорда алғаш рет Сүйінбай Аронұлының есімі 1860 жылы кездеседі. Ол құжатта Сүйінбай¬дың есімі Сарыбайдың атымен бірге аталады. Соған қарағанда әуелден Сүйін¬бай Сарыбайдың жақын серігі әрі айнымас досы болған. Сүйінбай Аронұлы патша өкіметінің Жетісу өлке¬сіндегі Қоқан хандығына жасаған әс¬кери жорықтарына белсене қатыспаса да, өңірдегі қоғамдық-саяси оқиғалар¬дың бел ортасында жүрді.
Жетісу жұртына ақын және би ре¬тінде аса танымал болған Сүйінбай Аронұлы 1898 жылы Қарақыстақ деген жер¬де 83 жасқа келген шағында дү-ние¬ден өтеді. Сүйінбай бидің сүйегі Қа¬ра¬қыстақ өзенінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұр¬ғызылған. Алматы облыстық фи-лар¬¬мониясы, сондай-ақ, Алматы шаhа¬рын¬дағы үлкен даңғыл, ондағы мектеп, кө¬шелер Сүйінбай есімімен аталады. Ту¬ған жері Қарақастекте Сүйінбай би¬дің мемо¬риалдық мұражайы жұмыс іс¬тей¬ді.
2010 жылдың қараша айында Тал¬дықорған қаласының «Жастар» спорт ғи-маратының алдында жыр сү¬лейі Сүйінбай Аро¬нұлының ес¬керт¬кіші ашылған болатын.
Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдыңайтыстары мен өлең-толғауларынжинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезіндеқолғаалынабастады. 1920 жылы Түркістан АКСР- і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиет іүлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған.
1929 жылы алғаш рет “Жаңа әдебиет” журналында (ғ6) ақынның “Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?” деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С.Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинаққа “Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны” деген өлеңі енген. 1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы “Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940 және 1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген (“Сүйінбай мен Тезек төре”, “Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны”, “Кәрілік туралы”).
Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдарДиваев, С.Бегалин, С.Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш.Умктәлиев пен Э. Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы. “Ақын жырлары”, “17 – 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Үш ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на кеңінен орын берілген, “Айтыс” жинағының 1-томында “Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы” жарияланған.
Сүйінбай ақынның “Ақиық” атты жинағына таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде“Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кәрілік” атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан деген қыздары болған. Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді.
2. Сүйінбай ақын ретінде өзінің бар жан – тәнімен ақиқатты, шындықты жақтады. Ол сараңдыққа, мейірімсіз жандарға, қатыгездікке, дүниеқоңыздыққа қарсы сөйледі. Феодалдық дәуірдің ру аралық тартысые сынап, төрелердің іс – әрекетін ащы мысқылмен әжуалай білді. Біз оның әлеуметтік ішкі қатынасты қатты шенеп айтқан мұндай өлеңдерінің қатарына «Сөк төренің баласы хан Абылай», «Сарыбайға», «Момын малын зұлымға алып беріп», «Төрт биге», Мақсұтқа», сияқты өлеңдерін жатқызамыз.Сүйінбай Аронұлы халқымыздың поэтикасына шебер тілді, жүйрік ақыны. Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдері дәлел бола алады.Ақынның шығармаларындағы тақырып тынысы кең, ойтаным тереңдігі тіршіліктің алуан құбылыстарын қамтиды.Жеке адамдардың мінез – құлық , тқрмыс ерекшеліктерінен бастап өмір заңдылықтарын тереңнен түйіп тербеген ойщылдыққа ұласып отырады.
Сүйінбай Аронұлы – өмір, заман жайлы толғанып, философиялық қорытындылар жасаған терең ойлы өлеңдердің авторы. Ақынның «Әділеттік орнаса», «Надандық», «Жақсы менен жаманның айырмасы», «Жақсы болса ағайын», «Нақылдар», «Өсиет», «Ақын боп жиырмамда», «Дүние ойлап тұрсам баяны жоқ», т.б өлеңдерінде халықтық, философиялық мәселелер қозғалады. Бұл өлеңдңерінде негізінен, ел басқару, халық тағдыры мен адам бойындағы жақсы, жаман дағдылар сараланады және өмірдің бағасы мен өткіншілігі жайлы ой – толғамдар, ақыл – өсиет айтылады.
3. Сүйінбай Аронұлы – әлеуметтік мәні бар өлеңдермен қоса, ірі сюжетті толғау, жырларында елді бірлікке, ерлікке шақырады. Мәселен, «Бөрілі менің байрағым», «Барша жұрттың бағы үшін» тәрізді шығармалары осындай азаматтық үні басым, патриоттық толғаулар болып саналады.
Академик жазушы Ғ.Мүсірепов бір сөзінде: «Бөрілі менің байрағым (бөрлі байрақ – қасқырдың бас суреті салынған шапыраштылардың жебелі туы мен найзасы) деген Шапырашты елінің жауға аттанғанда айтатын ұран өлеңдері болған», — деген. Ал бұл өлең жайында профессор С.Садырбаев Сүйінбай Аронұлының шығармалар жинағының алғы сөзінде: «Бұл өлең Сүйінбайдың азаттыққа арнап айтқан ұлы шығармасының бірі.Ұран түрінде айтылатын бұл өлеңнің идеялық мазмұны: жердүниені сілкіндіріп, тау мен тасты теңселтіп, тау мен тасты теңселтіп, жауға қарсы аттанып бара жатқан Сүйінбай елінің, қазақ халқының қаһармандық бейнесі көрсетілген, — деп жазған
Бөрлік байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен, —
Деген жолдардан дыбыс үндестігін өленің күш – қуатын одан ары еселеп тұр.
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен,
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен, —
деген сөздер адамның рухын көтеріп, ерік, жігерін жинайды. Батырлар жорық алдында айтатын жырға сұранып тұрғандай.Бұл өлеңдерде замандар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан ерлік, батырлық дәстүрлер дәріптеленеді.Мұнда ақын өз атынан сөйлей отырып, жеке адамның табанды жауынгерлік ерлік жолын көптің мұрат – мақсатымен үндестіреді.
Бөрілі байрақ астында,
Ту түсіріп, жау алған,
Қазыбек, Қастек атамыз –
Деген жолдардағы Қазыбек, Қастек — XVI – XVII ғасырларда қоқандықтарға қарсы тұрып, жауынгерлерді күреске бастаған батырлар.
Сүйінбай « Ту алып. Жауға шықсаң сен» деген толғауында:
Батыр елден шығады –
Ұрандап жауға шабатын,
Жауына орай салатын.
Ақын елден шығады –
Айтыста жығып шалатын, —
Деп қол бастаған халық батырларының ерлік есіне сүйсінеді.Ондай атықты ерлердің ел намысын қорғап, жау қолына тосқауыл бола алған қаһармандық сипаттарына тоқталады. Жауынгер ақын азаттық үшін жүріп жатқан шайқастың бел ортасында болып, халықтың еркіндікті қалаған ұранына үн қосқандығын орынды мақтап етеді.
Ей сұраншы, Саурық!
Қоқанның қолы қаптады,
Қасиетті жерімді,
Тозаң қылып таптады.
Қыспақта қалған елің бар,
Құтылар жолды таппады, —
деп жаудың елге көрсеткен зәбір – зорлығын, қиянатын айту арқылы ақын батырлардың Қоқан билеушілеріне деген ашу – ыза кегін өршітіп, оларга жаңа күш, тың қайрат береді.Сүйінбай мұндай батырлық толғауларында әрқашан езілуші ел атынан сөйлеп,халықтың сенім артқан батырлары Сұраншы мен Саурыққа үнемі қайырылып отырады. Саурық, Сұраншы батырлардың көптеген ірі шайқастарына қатысқан даңты Сүйінбай ақын ел еркіндігі үшін жан аямай күрескен ерлерді өмір шындығына сүйене отырып, лайықты бағалайды. Осындай толғаулардан басқа Сүйінбай ақынның көлемді, желілі жыр, дастандары болған. Мысалы, «Жабай батыр», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр» атты эпостық жырларында ақын елдік, ерлік, азаматтық маселеледі кеңінен қамтып, эпикалық сарында жырланған.Аталған шығармалардың ішінде сюжеттік, копозициялық құрылымы жағынан тұтас та толық сақталғаны — «Өтеген батыр» жыры. Ал «Жабай батыр», «Қарасай батыр», дастаңдарының бас-аяғы түгел емес. Бір кездерде ұзақ жырланып айтылған бұл шығармалар біздің заманымызға тек үзінді кү інде ғана жеткен.
Қазақ халқы бастан кешкен үлкен тарихтың тұтас бір кезеңі Сүйінбай айтқан «Өтеген батыр» дастаны арқылы елес берген.Сүйінбай бұл шығармада қазақ халқының Жетісу өлкесіндегі атамекен қоныс жайын, ағынды өзендері мен көлдерін, жайқалған егінді аймақтары мен сылдырап аққан бұлақтарын, орман, тоғай, тауларын, жау қолынан азат еткен Өтеген батырдың ерлік істерін суреттеген. Патриоттық жырда халықтың азаттық пен бостандық жолындағы қаһармандық күресі, мұқалмас айбынды мінезі шыншылдықпен бейнеленген.
Сүйінбайдың ерекше туындыларының бірі – «Сұраншы батыр» толғауы. Толғауда Сұраншының ерлік істерін суреттеуге көп орын берілген. Жаудың он мың қолына қарсы барған батырлың батылдығы, жүректілігіжәне алған бетінен қайтпайтын табанды образы бейнеленген. Ақырында жау қолымен болған қырғын соғыста жеңіске жеткен Сұраншының халыққа бостандық әпергені айтылады. Сұраншы батыр бастаған қазақ жасағына төтеп бере алмай шегінген Қоқан қолы билеп, төстеп отырған жерлерінен айырыла бастайды.

Он мың қолдан қаймықпай,
Суырды, найза қылышты.
Таң сарғайып атқанда,
Қалың жауды қашырды.
Алдына салып қуалап,
Шоқпардан әрі асырды…
Сүйінбай сүйсіне жырлаған Сұраншы Ақынбекұлы батыоығына қоса ақылды, жағдайды тез сараптағыш және соғыстың әдіс- амалдарын жете білетін қолбасшы.Толғауда айтылатын атақты шайқаста Сұраншы батыр жауға жақындап, тұс- тұстан от жақтырған, сол арқылы қоқандықтарға қалың әскердің қоршауында қалғандай әсер еткен.
Ақын батырдың жанкешті мінезін, ерлігін сипаттайды. Сұраншының елжандылығын, ұлтжандылығын ұрпаққа үлгі қылады.
Халықтың бірлік – берекесін сақтаған батырлыарды ақын ел тарихында өзіндік орны бар азаматтар деп таныған.
3. Сүйінбай Аронұлы – әлеуметтік мәні бар өлеңдермен қоса, ірі сюжетті толғау,жырларында елді бірлікке, ерлікке шақырады. Мәселен, «Бөрілі менің байрағым», «Барша жұрттың бағы үшін» тәрізді шығармалары осындай азаматтық үні басым, патриоттық толғаулар болып саналады.
Академик жазушы Ғ.Мүсірепов бір сөзінде: «Бөрілі менің байрағым (бөрлі байрақ – қасқырдың бас суреті салынған шапыраштылардың жебелі туы мен найзасы) деген Шапырашты елінің жауға аттанғанда айтатын ұран өлеңдері болған», — деген. Ал бұл өлең жайында профессор С.Садырбаев Сүйінбай Аронұлының шығармалар жинағының алғы сөзінде: «Бұл өлең Сүйінбайдың азаттыққа арнап айтқан ұлы шығармасының бірі.Ұран түрінде айтылатын бұл өлеңнің идеялық мазмұны: жердүниені сілкіндіріп, тау мен тасты теңселтіп, тау мен тасты теңселтіп, жауға қарсы аттанып бара жатқан Сүйінбай елінің, қазақ халқының қаһармандық бейнесі көрсетілген, — деп жазған
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен, —
Деген жолдардан дыбыс үндестігін өленің күш-қуатын одан ары еселеп тұр.
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен,
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен, —
деген сөздер адамның рухын көтеріп, ерік, жігерін жинайды. Батырлар жорық алдында айтатын жырға сұранып тұрғандай.Бұл өлеңдерде замандар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан ерлік, батырлық дәстүрлер дәріптеленеді.Мұнда ақын өз атынан сөйлей отырып, жеке адамның табанды жауынгерлік ерлік жолын көптің мұрат – мақсатымен үндестіреді.
Бөрілі байрақ астында,
Ту түсіріп, жау алған,
Қазыбек, Қастек атамыз –
Деген жолдардағы Қазыбек, Қастек — XVI – XVII ғасырларда қоқандықтарға қарсы тұрып, жауынгерлерді күреске бастаған батырлар.
Сүйінбай « Ту алып жауға шықсаң сен» деген толғауында:
Батыр елден шығады –
Ұрандап жауға шабатын,
Жауына орай салатын.
Ақын елден шығады –
Айтыста жығып шалатын, —
Деп қол бастаған халық батырларының ерлік есіне сүйсінеді.Ондай атықты ерлердің ел намысын қорғап, жау қолына тосқауыл бола алған қаһармандық сипаттарына тоқталады. Жауынгер ақын азаттық үшін жүріп жатқан шайқастың бел ортасында болып, халықтың еркіндікті қалаған ұранына үн қосқандығын орынды мақтап етеді.
Ей Сұраншы, Саурық!
Қоқанның қолы қаптады,
Қасиетті жерімді,
Тозаң қылып таптады.
Қыспақта қалған елің бар,
Құтылар жолды таппады, —
деп жаудың елге көрсеткен зәбір – зорлығын, қиянатын айту арқылы ақын батырлардың Қоқан билеушілеріне деген ашу – ыза кегін өршітіп, оларга жаңа күш, тың қайрат береді.Сүйінбай мұндай батырлық толғауларында әрқашан езілуші ел атынан сөйлеп,халықтың сенім артқан батырлары Сұраншы мен Саурыққа үнемі қайырылып отырады. Саурық, Сұраншы батырлардың көптеген ірі шайқастарына қатысқан даңты Сүйінбай ақын ел еркіндігі үшін жан аямай күрескен ерлерді өмір шындығына сүйене отырып, лайықты бағалайды. Осындай толғаулардан басқа Сүйінбай ақынның көлемді, желілі жыр, дастандары болған. Мысалы, «Жабай батыр», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр» атты эпостық жырларында ақын елдік, ерлік, азаматтық маселеледі кеңінен қамтып, эпикалық сарында жырланған.Аталған шығармалардың ішінде сюжеттік, копозициялық құрылымы жағынан тұтас та толық сақталғаны — «Өтеген батыр» жыры. Ал «Жабай батыр», «Қарасай батыр», дастаңдарының бас-аяғы түгел емес. Бір кездерде ұзақ жырланып айтылған бұл шығармалар біздің заманымызға тек үзінді кү інде ғана жеткен.
Қазақ халқы бастан кешкен үлкен тарихтың тұтас бір кезеңі Сүйінбай айтқан «Өтеген батыр» дастаны арқылы елес берген.Сүйінбай бұл шығармада қазақ халқының Жетісу өлкесіндегі атамекен қоныс жайын, ағынды өзендері мен көлдерін, жайқалған егінді аймақтары мен сылдырап аққан бұлақтарын, орман, тоғай, тауларын, жау қолынан азат еткен Өтеген батырдыңерлік істерін суреттеген. Патриоттық жырда халықтың азаттық пен бостандық жолындағы қаһармандық күресі, мұқалмас айбынды мінезі шыншылдықпен бейнеленген.
Сүйінбайдың ерекше туындыларының бірі – «Сұраншы батыр» толғауы. Толғауда Сұраншының ерлік істерін суреттеуге көп орын берілген. Жаудың он мың қолына қарсы барған батырлың батылдығы, жүректілігіжәне алған бетінен қайтпайтын табанды образы бейнеленген. Ақырында жау қолымен болған қырғын соғыста жеңіске жеткен Сұраншының халыққа бостандық әпергені айтылады. Сұраншы батыр бастаған қазақ жасағына төтеп бере алмай шегінген Қоқан қолы билеп, төстеп отырған жерлерінен айырыла бастайды.
Он мың қолдан қаймықпай,
Суырды, найза қылышты.
Таң сарғайып атқанда,
Қалың жауды қашырды.
Алдына салып қуалап,
Шоқпардан әрі асырды…
Сүйінбай сүйсіне жырлаған Сұраншы Ақынбекұлы батыоығына қоса ақылды, жағдайды тез сараптағыш және соғыстың әдіс- амалдарын жете білетін қолбасшы.Толғауда айтылатын атақты шайқаста Сұраншы батыр жауға жақындап, тұс- тұстан от жақтырған, сол арқылы қоқандықтарға қалың әскердің қоршауында қалғандай әсер еткен.
Ақын батырдың жанкешті мінезін, ерлігін сипаттайды. Сұраншының елжандылығын, ұлтжандылығын ұрпаққа үлгі қылады.
Халықтың бірлік – берекесін сақтаған батырлыарды ақын ел тарихында өзіндік орны бар азаматтар деп таныған.
4. Сүйінбай Аронұлы шығармашылығындағы орны бөлек өлеңдерінің бірі – «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері». Бұл өміршең өлеі. Өйткені, жақсы мен жаман адам қай заманды да, қай қоғамды да алып қарасаң табылады.жақсы мен жаманды ажырата білу үлкен таным тәжірибені керек етеді. Ақынның бұл өлеңі бізге жақсы адам мен жаман адамның арасы жер мен көктй екенін ұқтырып қана қоймай, бізге адамдарды қандай қасиетеріне қарап айыратынымызды үйретеді.

Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай, —
деп жырлайды ақын.
Байқағанымыздыай, ақын жақсы адам жайында шабыттана тебіренеді. Жақсы адамның сөзінхалық бағалап, оны қолданады. Демек, жақсы жан өмңрде өзінің өнегелі сөзімен мәңгі жасайды. Сүйінбай жақсы мен жамандықтың қоғам тірлігінен және жеке адамның өмір ағымындағы іс – әрекетінен туып отырғандығын анықтайды.
Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып-ай.
Жамандар-өтірікші, өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай, —
деп ақын жаман адамдардан жирендіреді. Жаман адамның айналасына, халыққа, қоғамға қандай қиянат жасайтынын түсіндіргісі келген ақынның сөз қолданысы өте шебер. Теңеулерді өзінің орнымен, ретімен тапқыр да ұтымды қолданады.
Ақын жақсы мен жаманды салыстыру арқылы елге үлгі көрсетеді. Сүйінбай:

Екеуін салыстырып әдейі айттым,
Қажетін қолданарсың тұрмысыңа-ай, —
деп ойын түйіндейді. Бұл өлеңнің, әсіресе, жас ұрпаққа берері мол. Оң мен солын, жақсы мен жаман адамды ажырата білу үшін олар осы өлеңді оқыса, көп ой алары
5. Сүйінбай ақын «Кәрілік» өлеңінде:
Ақын боп жиырмада желдей болдым,
Отызда асқар биік белдей болдым.
Отыз асып қырыққа келгеннен соң,
Қаптаған жердің жүзін селдей болдым.
Қырықтан асып, елуге келгеннен соң,
Түбім терең, құрақты көлдей болдым.
Елу асып, алпысқа келгеннен соң,
Салыңды суға ілінген сеңдей болдым.
Алпыс асып, жетпіске елгеннен соң,
Тап – тақыр ел жайлаған жердей болдым, — дейді.
Ақын адам өмірінің белестерін бейнелі тілмен шебер жеткізеді. Ақын шығармаларыеың ішінде осы өлеңнің орны өзгелерден бөлек тұр. Бұл өлеңде Сүйінбай адам өмірін кезеңдерге бөліп, әр өмір белестерінің ерекшеліктеріне тоқталады. Жылдан – жылға адамның өзгеретініне, кәріліктің келіп, өз белгілерін танытатынына, оған қарсы адамның шарас ыздығын білдіреді. Нақты тақырыпты толғаған туынды біртіндеп адам өмірінің мәні, жеке адам мен тіршілік хақындағы философиялық ойларға бастайды.Жиырмада желдей ескен ақын,отызда селдей тасыған,елуде құрақты терең көлдей ақын,отызда селдей тасыған, лирикалық қаһарман тоқсанда ақ үрпек балапандай дәрменсіз, бейкүнә жан. Өнердің мәні қайратыңның барында дегенді меңзегендей.
Бұл өзі көне түркі жазбаларынан, орта ғасырлардағы қазақ – ноғай жырларынан желі тартқан дәстүрлі сарын. Сүйінбай Аронұлы ол дәстүрлі толғамға өз заманының сазы мен нақышын қосады. Дәстүрді жаңғырта жалғастырады.
6. Сүйінбай айтыстары XIX ғасыр айтыстарының ішінде өз алдына дараланып жоғарыт тұрады. Бұл оның айтыстарының мәнділігі мен тіл өткірлігінен байқалады, Ол өзінің өлеңдерінде кейбір ақындарша өз елінің байларын бедел тұтып, айтарсөзді сол бай мен төрелер мәртебесін мадақтауан қарастырмайды. Ақынның сүйеніші қалың ел және өтеген, Сұраншы, Сыпатай сияқты батыр аианған ел азаматтары болады. Осындай әйгілі азаматтарды тірек тұтқан ақынды қарсыластары «кедейсің» деп қанша тиіссе де жеңе алмайды.
Сүйінбай Аронұлының ең шоқтығы биік айтыстарының бірі – Тезек төремен айтысы. Тезек төре Абылайханның ұрпағы, Ұлы жүз қазақтарының албан руының аға сұлтаны. Тезек төре әлеуметтік тегіне бола қоғамдағы тарихи орны, қабілеті , еңбегі бағаланбай кеткен ауқатты зиялылардың қатарындағы адам. Сүйінбай мен тезек Төренің айтысын әлеуметтік мәні жағынан екі ақынның айтысы деуден гөрі, қоғамдық екі тап өкілінің асяси тартысы деуге тұрарлықтай. Себебі, айтыста екі ақын жарысқа түспейді, мұнда бір – бірінен жыр өнерін асыру мақсаты қойылмайды. Ашықтан – ашық қоғамдық екі тап өкілі егеседі. Қара халық атынан бұқара тілегін көтере Сүйінбай шықса, Абылайдай атақты атаның баласы, текті төре Тезек өз табының туын осылайша тіл безейді. Қоғамдық екі таптың өкілі белдесіп, саяси сайысқа түседі.
Сүйінбайдың тағы бір ерекше айтысы – қырғыз ақыны Қатағанмен болған сайысы. Екеуінің сөз сайысы – ел аралық, ұлтаралық айтыс. Ұлт ретінде тілдік, мемлекеттік – территориялық, психикалық пішін, әлемдік қауымдастыққа танымал белгілерінің бәрі толық келетін осы екі ұлттың мәдени қазыналары өздеріне меншікті қалпымен бағаланады.

Сүйінбай өлеңдері – өзінің формасы жағынан халық поэзиясы үлгісіндегі шығармалар. Ақын шығармалары ырғақты ұйқас, асқан шеберлігімен, өзіндік көркемдік бітімімен құнды. Сүйінбайдың өлеңдері тау сусындай тасқындап, талай жандардың жүрегінің түбінен орын алады. Халық рухын биіктетіп, өлең жолдармен ел еңсесін тіктеген Сүйінбай Аронұлы XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса ірі тұлғалы дарыны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *