Сталинградты қорғаушы қазақстандықтар


Сталинград майданының операциясы Ұлы Отан соғысындағы және еқінші дүнцежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі өзгерістің басталғанын көрсетті. 41942 ж. 28-30 маусым аралығында фашистер оңтүстік-батыс бағытта кең келемді шабуылға шықты. Бұл шабуылдын мақфты Қызыл Армияның Донның батыс жағындағы бөлімдері мен құрамаларын ығыстырып, Кавказдың мұнайлы аудандарын басып алу, Сталинград-Астрахань бағыты арқылы жеделдетіп Еділге шығу еді. Жау бұл мақсатта біраз алға жылжып, Дон езеніне жетті. Осы уақытта Сталинград пен Солтүстік Кавказға зор қауіп төнді. Сталинград бағытында қару-жарақтың барлық түрлерімен жақсы жарақтанған, Еуропадағы соғыста көп тәжірибе жинақтаған 6-далалық ар-миядан құралған фашистің 14 дивизиясьі тұрды. Оларда 270 мың адам, 3 мың зеңбірек пен миномет, 500-ге жуық танк, 1200 ұшақ болды. Жауға қарсы 62, 63 және 64-армияның 12 дивизиясы (160 мың адам, 2 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 400-ге жуық танк, 452 ұиіақ) тұрды. Жоғарғы Бас Командование 12 шілдеде Сталинград бағытында тұрған 62, 63 және 64-армиялардан Сталинград майданын құрды. Оның құрамына жоғарыда аталғаңдардан басқа бес жалпы әскери және бір әуе армиясы енді. Сталинград майданында жауға қарсы соққы бере отырып, 520 километрлік аралықта қорғаныс белдеуін құру мақсаты көзделді. Ал фашистердің біздің күштен адам саны жағынан 1,7 есе, зеңбірек пен танктен — 1,3, ұшақтан — екі еседен астам артық болғанын ескерсек, бұл міндетті жүзеге асыру оңай болған жок. КСРО халықтарының берік топтасқандығының, олардын жауды жеңуге деген сенімдерінің үлгісі Сталинград шайқасы болды.
Волга үстіндегі ірі шайқас 1942 ж. шілдеде неміс-фашист ескерлерінің екпінді белімдерінің Донға шабуылынан басталып 6,5 айға созылды. Бұл фашист 1941-1942 жж. қысқы жеңілістерінен кейінгі Шығысқа қарай жасаған аса қуатты шабуылы болды. Мәскеуге шабуыл жасау кезіңде жүзеге асыра алмаған әскери-саяси мақсаттарын алға қоя отырып, Гитлер мен оның маңындағылар өз әскерлерінін 1942 ж. жазда жеңіске жететіндіктеріне сенімді еді. Бірак олардың бұл есебі тағы да жүзеге аспай қалды.Волгадағы шайқасқа қатысқан кеңес жауынгерлерінін құрамы көп ұлтты болды. «Біз бұл Волга жағалауына Отанымыздың түкпір-түкпірінен, шексіз орыс қыратынан, Украина жазығынан, Белоруссия ормандарынан, Кавказ тауларынан, Қазақстан даласынан, алыстағы Сібірден келдік», — деп жазды Сталинград майданының жауынгерлері. Көп ұлтты Кеңес мемлекеті халықтарының ұлдары тығыз топтасқан жауынгерлік сапта Сталинградты ерлікпен, жауға деген ашу — ызамен бір кісідей қорғады.
1942 ж. қазан айында даңқты 62-армия құрамында Сталинградты қорғауға қатысқан орыс емес халықтардьщ саны 49,4 процент3 болды. Тек Қазақстанның батыстағы үш облысы (Ақтөбе, Гурьев, Батыс Қазақстан) 1942 ж. маусым — қараша айларында Сталинград майданына 26225 ұл-қызын жіберді4.
Қазақстанда құрылған әскери құрамалардың негізгі кіндігі болған қазақстандықтар Сталинград майданына аттанып бара жатып былай деп жазды: «Біздің әскери жаттығуларымызды отпен сынаудың кезі келді… деп қазақ халқына ант етеміз»‘. Сталинград маңында қоршауға алынған неміс-фашист әскерлерін жою жөніндегі қарымды ұрыстарға қатыса отырып, командирлер мен саяси қызметкерлер пәрменді шабуыл жасауда инициатива көрсетіп, аз қолмен күші өзінен бірнеше есе басым жауды жеңе алатындықтарын танытты.
29-атқыштар дивизиясының бүкіл жауынгерлік жолы — неміс-фашист басқыншыларына қарсы қажырлы күрес жүргізу жолы, бұл жолда дивизия бөлімдерінің жауынгерлік қабілеті, тәжірибесі үздіксіз артып отырды, бұл жағдай маған дивизияны Қызыл Армияның тандаулы құрамаларының қата-рынан санап, оған гвардиялық атақ беруді сұрауға құқык береді».
Сөйтіп 29-атқыштар дивизиясына Сталинград шайқасында көрсеткен ерлігі үшін 1943 ж. 1 наурызда 72-гвардиялык дивизия деген атақ берілді. Кеңес гвардиясы деген құрметгі атақты дивизия жауынгерлері әрдайым жоғары ұстап, Отан соғысының ән бойында өздерін даңқты істерімен көрсете білді. Сталинград түбіндегі шайқастан кейін 64-армия 7-гвардиялық армия деп аталды да, ендігі жерде Дон майданына қарасты әскерлердің бөрі Курск теңірегіне топтастырылды. 1943 жылғы наурызда дивизия Воронеж майданынын құрамына келіп қосылды. Жазда Курск шайқасына, онан соң немістердің Белгород — Харьков плацдармын жоюға қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *