МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ҮШТІЛДІЛІКТІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Сара Дюсембаевна Нургалиева,
«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы

«Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ»

аға оқытушысы

Көптілділікті жаңарту үдерісін мектепке дейінгі жастан бастау керек, өйткені дамудың осы кезеңінде жеке тұлғаның қалыптасуының негізі қаланады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік сауаттылығының өзектілігі экономикалық, мәдени және саяси салалардағы жалпыға ортақ әлемдік ықпалдастыққа беталыста анықталады. Қазіргі еңбек нарығы маманнан әлеуметтік – саяси, көпмәдениетті, коммуникативті, ақпараттық құзыреттіліктерді меңгеруді талап етеді.

Көптілділік құзыреттілігі жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени және кәсіби салалардағы сәтті іске асуына себепші болады, өркениетті диалог негізінде адамдық және іскерлік қатынасты құруға мүмкіндік береді.

Әлемнің, тілдердің, мәдениеттердің сан алуандығы қазіргі кезде мәдени аралық қарым-қатынас философиясын анықтайды. Сонымен қатар тілдің сан алуандығы мәдени мұраның айрықша құнды бөлігі ретінде қарастырылады.

Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой — өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім — дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика мен «Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету үш тілді қатар меңгеру, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана — сезімін, ой — өрісін жетіле түсуіне негіз болады.

Мемлекеттік тіл рухани және ұлттық бірліктің негізгі басымдығымен анықталған. Оны меңгеру, мектепке дейінгі жастан басталатын қоғамдық өмірге белсене араласатын және жеке бәсекеге қабілеттітілікті анықтайтын, ынталандырушы, әрбір Қазақстан азаматының борышы және міндеті

Мектепке дейінгі жаста үш тілді меңгеру баланың тікелей қабылдауымен, өзге тілді адамдармен ашық қарым-қатынас жасаумен байланысты.

Мектеп жасына дейінгі бала оған екінші тілді білу не үшін керек екенін түсінбейді. Балалардың мотивациясы «осында және қазір» ұстанымы бойынша әрекет етеді, яғни бала алыс мақсат қоймайды.

Сондықтан екінші тілді меңгеру процесі баланың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын іс-әрекеті қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында құрылады.

Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тілдік ортаға тікелей қатысуымен жүргізілуі керек. Бірлескен іс-әрекет қуану, ересектермен, құрдастарымен ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негізінде қалыптасады.

«Қатынас» білім саласы құрылымының әрекеті әр түрлі өзара байланыстағы сөйлеу жұмысының, сөздікті жетілдіру және жандандыру, грамматикалық сөйлеу тіркесін қалыптастыру, дыбыстық сөйлеу мәдениетін және т.с.с. тарауының процессі ретінде белгіленеді. Осы кезеңде, мектепке дейінгі жаста, байланысты монолог сөзін дамыту негізгі мақсат болып табылады.

Оқытылудағы тілдердің дұрыс айтылуын қалыптастыру барысында есту қабілеті және фонематикалық қабылдау, сөйлеу аппаратының моторикасы, яғни сөйлеу мүшелерінің қозғалғыштығының айырықша мәнділігі бар. Екітілде айтылуын қалыптастыруға фонематикалық есту қабілеті міндетті шарт болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық қабылдау қабілеті өте жоғары деңгейде дамитындығы байқалады; олар дыбыстарды дұрыс айтып, олардың жіңішке және сараланған дыбыстар, сөз түрлері мен жеке дыбыстарды қалыптастырады.

Сараланған дыбысты қабылдау қабілеті акустикалық және артикуляциялық дағдыларды дамыту барысында қалыптасады.

Үштілдік компонентті қолдану барысында дыбыс шығару біртіндеп қалыптасады. Олар 3 кезең арқылы өтеді:

артикуляциялық аппаратты дайындау;
2) тұйықталған дыбыстың айтылуын нақтылау;
буындарда, сөздерде және фразалық сөйлеуде буындарды бекіту.

Барлық балалар игеруге мiндеттi негiзгi лексикалық қормен қатар игерiлетiн белгiлi рецептивтi лексиканың көлемi: күнделiкті әдеттi айтылатын сөздер, ұйқастырмаларда және тыңдалымға арналған мәтiндерде кездесетiн лексика.

Жаңа сөздердi саралап айтуды жөндеу, тек таза сөйлеу және жаңылтпаштарды қолдану арқылы жүзеге асады.

Сөйлеудiң дұрыс ырғағы мен екпiнiн қалыптастыруда сөйлеу тынысы ерекше орын алады.

Cөйлеу тынысы тыныстық гимнастиканың барысында дамиды. Тыныc гимнастикаcында әр түрлі cюжетті жаттығулар қолданылады: («Cағат» «Ұшақ» «Cорап» және т.б.). Тыныc гимнастикаcы әр түрлі ойын жаттығулар түрiнде өтеді. Балалар мақта шарларын, қағаз cызықшаларын, шарларды үрлейді, cабын көпiршіктерін жiбереді және т.б.

Көптілді қолдану барысында келесі ерекшеліктерді ескеру қажет:

оқытудағы тiлдеpдiң сөз әрекетiн белсендi түсiну және айту пpоцессi ретiнде қалыптасуы керек;

оқыту әдістемесі қызмет принципіне (қолда баp қызығушылық, қойылған мақсатқа сәйкес теңбе-тең тәсілдер мен мақсаттаpды қолдану) негізделуі керек;

қаpапайым пікіp айту машықтарын қалыптастыру үшін сөз таңдау, оның өзгеруi, сәйкес ойын жеткiзу сөйлемдерін таңдау қажет;

мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеу жағдайындағы бағытталу машықтары және оқытылып жатқан тiлдегі қаpым-қатынасқа оқыту қажет.

Жаңа сөздерді сөйлеуде пайдалану кезінде оларды игеру және қарым-қатынас жасау тек белгілі сөздік қордың жинақталуы мен есте сақталу жағдайында ғана мүмкін.

Сөздік жұмысы екі тілде оқытудың алғашқы кезеңінде басым болып табылады, себебі тілдерді тәжірибеде игеру алдын ала бейтарап сөздікті жинақтаусыз мүмкін емес. Белсенді сөздікке жаңа сөздерді енгізу: ойыншықтар, нақ пішін, табиғи заттар, сюжеттік суреттер, фотосурет, сызбаларға сүйене отырып, бейнелерді көру нәтижелі болып табылады. Жаңа сөздердің айтылуы мінсіз, айқын, ашық болуы тиіс. Меңгерудегі тілге енгізілетін жаңалықтар келесі кезеңдерден өту қажет: педагогтің үлгісіне сүйене отырып жаңадан естіген сөздерді елестетіп қалыптастыра білу; сөйлеу кезінде оларды тану және түсіну.

Мағыналы мәтінді, тақпақтар, өтірік өлеңдер, санамақтардың екпін мен мәнерлеп айтылуына аса назар аудару қажет.

Айтылу жағынан сөйлеуін жетілдіру, есту ықыласын дамыту, есту арқылы сөйлеуін жетілдіру үшін мынадай әр түрлі тәсілдер қолданылады:

оқыту тіліндегі педагогтың үлгісіне қарап дыбыс және сөздерді дұрыс айту;
драматизациялауда кейіпкердің дауысын келтіру барысында дұрыс екпінді қолдану;
тілдік белсенділігін арттыру үшін сұрақтарды дұрыс қою;    сөйлемдерді әр түрлі екпінмен (қуана, ренжулі, немқұрайлы) айту бойынша шығармашылық тапсырмалар;

жеке сөздер, сөйлем, логикалық екпін қоюлары, дауыс ырғағын және күшін өзгертуді (қосылып, жекеше) қайталау үшін жаттығулар; Жаттау немесе жатқа оқу кең қолданылады (ертеңгілікте орындау, сәбилердің алдында көңіл

көтеру, туыстардың сыйлығына және т.б.). Осы жаттығулар баланың күш-қуатын жұмылдырады, әрі басқа тілде өз қалауынша айтуға ықыласын арттырады.

Мектепке дейінгі жастағы үлкен балалардың мәнерлеп сөйлеуі әр түрлі болып қалыптасады, сондықтан ұйымдастырылған оқыту қызметінде бірнеше қатар әдіс-тәсілдер қолданады.

Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтен жеңілдеткен түрде еске сақтау тәсілдерін қолдану талап етіледе. Балалармен лексикалық мәліметті нақты бекіту үшін, оны бірнеше рет қайталау қажет. Баланың сөздік қорын толықтыру үшін, қайталау барысында тек белгілі ғана емес, жаңа лексиканы пайдалану қажет.

Бастапқы кезеңде орыс тілінде оқытылып жатқан топтардың қазақ тілін оқыту барысында лексикалық, грамматикалық және фонетикалық дағдыны қалыптастыруына үлкен назар аудару қажет. Осы дағдылар болмаса сөйлеу өнері айтарлықтай сапалы болмайды, балалар дұрыс айтуды және оқытудағы тілдердің сөйлеу қалыптылығын сақтай алмайды.

Күнделікті, әртүрлі тұрмыстық жағдайда ұйымдастырылған оқу қызметі процессінде және дидактикалық ойын барысында өздігінен әртүрлі сөздіктерді қолдануда жүзеге асады. Маңызды тілдесуді ұйымдастыруды, балалардың сөйлеуге назарын аудару, сөздік қорына, баланың жинақталған сөз құрамы байлығын пайдалану педагогтің рөлі болып табылады.

Театр әрекеті, сүйікті ертегілердің ерекше үзінділерін сахналау, кейіпкерлер диалогін пайдалану орыс және ағылшын тілдерін үйренуді белсендіруге, грамматикалық құрылымды және жүйелі сөздің дамуына мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгі жастағы баламен тілдерді үйрену барысында үш тілді қатар меңгеру жағдайында дыбыс мәдениетін меңгеру – балалардың белсенді сөздік қорын толықтыру барысын анағұрлым қарқындатады, тіл байланысын кеңейтеді.

Үш тілді қатар дамытудағы жұмысты дұрыс ұйымдастыру және дұрыс жоспарлау үшін балалардың сөйлеу мүмкіндіктерін дамыту мен байытудың жалпы жағдайын анық білу қажет.

Ана тілінің ерекшеліктерін есепке ала өзге тілдерді оқыту кезіндегі коммуникативтік, когнитивтік және функциональдық тәсілдер бірлігі тілдерді оқытудың қазіргі теориясы мен әдістемесі келешегі зор бағыт интегративтік тәсілді қарастыруға мүмкіндік береді

Қолданылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы — Астана, 2016.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» білім стандарты — Астана, 2016.

Бабинская П. К. Практический курс методики преподавания иностранного языка: английский, немецкий, французский. — Минск: 2003.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *