МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТІЛДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУ

 

Бакова Гульнар Жумагалиевна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
«Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ»
МКД ППС кафедрасының аға оқытушысы

Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,- деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр. Үштілді оқыту – заман талабы . Үштілділік – бәсекеге қабілетті

елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Еліміздің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің қалыптасуы тарихи күрделі даму кезеңдерінен өтті. Оның мазмұны қоғам дамуының бағыт-бағдарына қарай жаңарып, заман

талабына сай ӛзгеріп отырды.

Еліміздің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің қалыптасуы тарихи күрделі даму кезеңдерінен өтті. Оның мазмұны қоғам дамуының бағыт-бағдарына қарай жаңарып, заман талабына сай өзгеріп отырды.

Президентіміздің қазіргі кезде басты назар аударған бір мәселесі– бүгінгі мақтанышымыз, ертеңгі келер ұрпағымыздың тәрбиесі. Өйткені, бала– өмірдің сәні, бақыттың нысаны, ертеңгі күнді жалғастырушы ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі–келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени– ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу– педагогтардың міндеті. Ал, қазіргі кезде ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркінде кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын, санасы сергек барша қауымды толғандыруда.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазір бес тіл болсын, он тіл болсын, жақсылап үйретсе, меңгеріп кетеді. Балаларды бір тілмен шектеу – дұрыс емес. Сол үшін, ең болмағанда, үштілділікті кішкентай жасынан бастап жетілдіруіміз керек. Балалар тілді табиғи түрде тез меңгереді. Қазргі балаларға білім алуға барлық жағдай жасалынған. Олар бүгін жақсы оқыса, көптілді меңгерсе, келешекте Қазақстанымыздың өркениетті дамуына өз үлестерін қосады, дүниежүзін шарлайды. Үш тілді емес, одан да көп тіл үйретуіміз керек. Мен бұл жерде қазақ тілін қазақтар білмесін деп отырған жоқпын. Әрине, балабақшадан бастап қазақ тілін үйретуге тиіспіз. Әрине қазақ тілін үйрету керек, ол бірінші орында болсын. Бірақ сонымен бірге, орыс тілі, ағылшын тілі т.б. тілін балаларға үйретуге тиіспіз. Болашақта біздің балаларымыз басқа елдің адамдарымен қатынас жасай алу үшін біз оларға жас кезінен бастап өз тілін ғана меңгермей басқа да тілдерді меңгеруге мүмкіндік жасауымыз керек.

Сонымен, әр білім беретін, балаларды тәрбиелейтін мекеменің басты міндеті – Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс. Сондықтан кішкентай жасынан бастап, балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдеріне қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек.

Қазіргі таңда ең алдымен мектепке дейінгі ұйымдардың деңгейінде көптілді білім беру мазмұнын бір жүйеге келтіру қажет. Бұл тілдік дайындықтың нормативтік базалық деңгейін бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру деңгейінде көптілді құзыретті қалыптастыруды сабақтас жалғастыру үшін қамтамасыз етуі қажет.

Мектеп жасына дейінгі кезең тілдерді үйренуге ең қолайлы кезең екендігін, бала жетерлік зейін қоюға, логикалық ойлауға қабілетті екендігін, балада жетерлікті ес көлемі бар екендігін есепке ала отырып, үш тілде оқытуды мектепке дейінгі ерте жастан бастау қажеттілігі туындайды. Бұл тілдерді ары қарай үйренуде сөздердің лексикалық қорын құруға мүмкіндік береді.

«Тілдердің үштұғырлығының» өзектілігі практикалық маңыздылығымен де себепші. Мектеп жасына дейінгі балалар алған білімдерін мектепте оқыған кезде де қолдана алады. Мектепке алғашқы барған кезде балалардың ең бастысы — екінші тілді ары қарай үйренуге қызығушылықтары қалыптасуы, белгілі білім көлемі жинақталуы тиіс, бұл балаларға бастауыш мектепте тілдердің үштұғырлығы бағдарламасын жеңіл меңгеруге мүмкіндік беретін.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдің үштұғырлығын дамыту» бағдарламасы» мектеп жасына дейінгі балалардың үш тілде бірдей белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған. Тілдердің үштұғырлығы мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік тілде, Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші болып есептелетін, жалпы қолданыстағы орыс тілінде және халықаралық тілі болып саналатын — ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға негізделген.

Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымда тілдердің үштұғырлығын дамыту» шағын лекция, интеллектуалдық ойын «Полиглот», «Балабақша жағдайында үштілділікті ендіру мәселелері» тақырыптарында дөңгелек үстел, «Ағылшын тілі күні», Ағылшынша сөйлейміз» тақырыбында немесе әр ертеңгіліктерде театр қойылымдарын қойып іс-шараларды жүргізуге болады.

Ана тілін және шетел тілдерін үйрену оқу процесінің бөлігі бола тұра, білім берудің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады.

Осыған байланысты, педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің басым көпшілігі балаларға ана тілі мен шет тілдерін мектепке дейінгі ерте жастан бастап үйрету оңтайлы шешім деген ұстанымда, себебі мектеп жасына дейінгі кезең — тұлғаның негізгі қасиеттері қалыптасатын, дене дамуының, эмоционалды, ақыл-ой негіздері қалыптасатын кезең болып саналады (Ш. А. Амонашвили, Н. А. Бонк, Л. А. Венгер, И. Н. Верещагина,Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, Н. А. Горлова, Э. П. Комарова, А.А.Леонтьев,Е. И. Негне — вицкая, Г. В. Рогова, Е. Н. Трегубова,А. М. Шахнарович және т.б.). Әдетте, мектепке дейінгі ұйымда танымдық-тәрбиелік үдеріс (оқу элементтерімен) ойын іс-әрекеті арқылы қамтамасыз етіледі.

Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларының «Коммуникация» білім беру саласында анықталады. «Коммуникация білім беру саласының мақсаты үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдарымен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Ұйымдастырылыған оқу қызметтері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5–10 минуты үш тілде жүргізілетін жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді. Балаларға тілдердің үштұғырлығын үйрету әдістемесі Ағылшын тілін үйрету әдістемесін таңдау барысында балалардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет.

1. Ойын әдістемесі балаларды да, педагогтарды да қызықтырады. Ол қарапайымдылығымен тиімді: оқытушы тілді үйрету және жетілдіруді бойынша сабақты ойын түрінде жүргізеді. Әдістеменің құндылығы – ол бір жастан бастап бейімді, әдістеменің көмегімен ауызекі тілді, дұрыс айтылуды, орфографияны, грамматиканы және т.б. дамытады.

Зайцевтің әдістемесі үш жастан бастап балаларға арналған. Бастапқыда әдістеме қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға әзірленген болатын. Ендігі кезекте оны ағылшын тілін үйрету үшін бейімдеп, лайықтады. «Зайцевтің белгілі текшелерінде» ағылшын алфавитінің де әріптері пайда болды.
Глен Доманның әдістемесі сәбилерге арналған. Бұл әдістемеде баланың көру есі қатыстырылған, атаулары жазылған суреттер есте сақталады және оқуға үйрету үдерісін одан әрі жеңілдетуге көмектеседі, карточкаларын қолдан жасауға болады.. Карточкалармен сәбилермен ғана емес, сонымен қатар, ересектеу, тіпті мектепалды жастағы балалармен де жұмыс жасауға болады.

Жобалау әдістемесі 4-5 жастағы балаларға арналған. Тілді үйретуші сабақтар жүйесі үшін тақырып таңдайды, берілген тақырып бойынша қызықты бір нәрсе білуде балаларға көмектесетін әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұсынады. Балалар дербес орындауы үшін (немесе ата-аналарының көмегімен) тапсырмалар алады. Қорытынды сабақтың уақыты келгенде балалар жобаның тақырыбына ауқымды шығармашылық жұмыстарымен келеді.

Аралас әдістеме – бұл жерде таңдауы бойынша түрлі әдістемелерді құрастыруға болады. Мысалы, ойындар ойнауға, тақпақтар мен әндер жаттауға, жобаларды әзірлеуге және т.б. болады. Әдістеменің құндылығы – әртүрлілігі. Түрлі іс-әрекетті ұсына отырып, баланы қызықтыру жеңілірек.

Қолданылған әдебиеттер:

1.ҚP Пpезиденті Н.Ә. Назаpбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өpлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктеpі» қазақстан халқына Жолдауы. 2010 жылғы 29 қаңтаp // http://adilet.zan.kz.

Энциклопедиялық сөздік. – Алматы, 2002

3. Оқушылаpдың жалпықазақстандық мәдениетін қалыптастыpу әдістемесі. Әдістемелік құpал – Астана:. Алтынсаpин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 64 б.

4. Гальскова, Н.Д. Гез Н.И. Теория обучения иностранным языкам. Лингводидактика и методика. – 7-е изд., стер. М.: Издательский центр «Академия»,–2013. – 336 c.

Pазумовский В.Г. Госудаpственный стандаpт супеpдеpжавы миpа к 2000 году. // Педагогика, 1993, № 3. –92 б.

Интеpнет матеpиалы. file:///C:/Documents. 17 Сыpодеева А.А.
Поликультуpноеобpазование: Учебное — методическое пособие. – М.: МИPОС, 2001. – 53 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *