Ленинград қаласын қорғаған қазақстандық құрамалардың ерлік жолы


Ленинград қаласын қорғау Ұлы Отан соғысының тарихынан айрықша орын алады. Жау Ленинград қаласына бір миллионнан астам адамнан тұратын күшпен шабуыл жасады, оларда 17 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 1500-дей танк және 2 мын ұшақ болды. Ленинград 900 күн бойы қоршауда тұрды. Қаланың жүздеген тұрғындары мен қорғаушылары қаза тапты, олардың басым көпшілігі алғашқы ең ауыр ашаршылық күндерінде және қоршаудағы суық қыс кезінде көз жүмды. Қызыл Армияның Ленинградты қорғаудағы ерлігі Ұлы Отан соғысында фашистіқ Германияны талқандауда үлкен рөл» атқарды. Өйткені Ленйнградты тікелей шабуылмен ала алмайтынына көзі жеткен неміс-фашист командованиесі оны қорғаушыларды аштан қырамыз, алыстан атқылап, тынымсыз бомба жаудырып, жігерін құм қыламыз деп ойлады. Сөйтіп ұзаққа созылған қоршау басталды. Халықтың қолдауымен, жауынгерлермен қала тұрғындары кескілескен шайқас пен ауыр еңбек үстіңде, қаланы жанқиярлықпен қорғады. Олар ауыр жағдай мен аштық азабын табандылықпен жеңіп отырды. Осындай қиын-қыстау кун таяп, Ленинград қаласына қара бұлт тонген кезде, ленинградтықтарға Қазақстанда жасақталған 310, 314-атқыштар дивизиясы көмекке барды.
Бұл шақ неміс-фашист әскерлері «Солтүстік» армия тобының Лениградқа шабуыл жасап, оны қоршауға алу әрекетін жүргізіп жатқан кезі болатын. Гитлер командованиесінін «Барбаросса» жоспары бойышпа жүргізілген жазга стратегиялық операциясы сәтсіз аяқталды, сөйтіп, жаз айларында-ак Ленинград пен Мәскеуді басып алып, оларды жермен-жексен ету керек деген Гитлердің бұйрығы орындалмады. Жау әскерлері Қызыл Армияньің мықты қарсылығына тап болып, Мөскеу мен Ленинградтың шалғай шептерінде үлкен шығынға ұшырады. Жоғарғы Бас Командованиенің Ставкасы Мәскеу мен Ленинград бағытын жаңа резервтермен толықтырып, жауға қарсы соққыны үдете түсті. Міне, осындай резервтер катарындағы 310-атқыштар дивизиясы шілде — тамыз айларында Ақмола (қазіргі Астана) қаласында жасақталып, жауынгерлері қысқа мерзімді әскери дайындықтан өтті. Онын қатарында Ақмола маңының тұрғындарынан басқа Қостанай, Қарағанды облыстарының еңбекшілері болды. Дивизиянын командирлігіне полковник Н.М.Замировский, комиссарлығына С.И.ІІІаманин, штаб бастықтығына полковник М.И.Кружков тағайындалды, Жаңа жасақталып жатқан дивизиянын кіші командалық құрамы Ташкент пен Алматының әскери училищелерін бітірген жас командирлерден тұрды.
Дивизияның басшы командирлері мен саяси қызметкерлері бұрын әскери қызметте ысылған, тәжірибелі адамдар, ал саяси жетекшілердің қалған құрамы Орта Азия әскери округіне қарасты әскери саяси училищелерде тәрбиеленгендер немесе партия, кеңес органдарында істеген, саяси және өмір мектебінен өткендер еді. 310-дивизия құрамының 40 проценті — қазақтар, 30 проценті — орыстар, 25 проценті — украиндар, ал қалғандары басқа ұлт өкілдері болды. Олардың 30 проценті — жұмысшылар, 60 проценті — колхозшылар, 10 проценті зиялылар еді. Дивизияның командалық құрамының 15 проценттен астамы коммунистер мен комсомол мүшелері болды.
Кару-жарақтармен толық жабдықталғаннан кейін 1941 жылғы 9 қыркүйектен бастап, Ленинград, Волхов және Карель майданының түрлі учаскелерінде шайқастарға қатысты. 1943 ж. қазанның аяғына дейін дивизия, 54-армияның басқа да құрамаларымен бірге, қахарман қаланың блокадасын бұзып өтуге ұмтылды. Ал жау қоршаудың екінші шеңберін тұйықтау үшін Волхов өзенінің орта ағысынан Тихвин қаласына қарай шабуылға шыққан кезде 310-дивизия жедел түрде осында жіберілді. Дивизия мен оған көрші құрама кеп шығынға ұшыраса да, Кириши ауданындағы Пчевжа селосы түбінде жаудың щабуыльша бір апта бойы төтеп берді. Бұл аптаны біздің командование жаңа күштер жеткізу, сейтіп, жаудың жоспарын біржолата іске асыртпай тастау үшін пайдаланды. Аса маңызды торап — Волхов қаласы біздің қолымызда тұрды.
Неміс басқыншылары өлермендікпен үнемі алға ұмтылып, қысқы суық түскенше, қайткен күнде де Ладога көліне жетуді көздеді және солтүстіктен шабуыл жасап келе жатқан фин әскерлерімен қосылуды көздеді. Волхов қаласы үшін жау айдан астам арпалыса ұрыс жүргізгенімен, одан ешбір нәтиже шығара алған жоқ. Ленинград майданындағы дивизия бөлімдерінің көрсеткен ерлік істері жайлы Кеңес информбюросының 1941 ж. 23 қараша күні берген хабарында былай делінді: «Ленинград майданы учаскелерінің бірінде қимыл жасаған Замировский жолдастың бөлімі екі ай бойы жүргізген ұрыстың нөтижесінде, толық емес мәлімет бойынша, 3000-нан астам немістің солдаты мен офицерің жер жастандырды. Екі айдын ішінде Замировский жолдастың жауынгерлері 11 неміс танкісін, екі қару-жарақ қоймасын, екі ұшағын жойды, сонымен бірге жаудың 9 зеңбірегін, 22 минометін, 26 станокты және 104 қол пулеметін, үш полкінің туын, көптеген винтовкаларды, снарядтарды, автоматтарды, мина мен патроңдарды қолға түсірді».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *