Жоңғар, ойрат, қалмақ сөздерінің қалыптасуы мен жоңғар хандығының құрылуы және сыртқы саясаты


Қазақ және жоңғар хандықтары арасындағы соғыстарды баяндаудан бұрын жоңғарлар, ойраттар, қалмақтар кімдер, одардың шығу тегі, ата мекені, қазақ шекарасына келу тарихы, ұлт болып қалыптасып, мемлекет құру тарихына, даму кезеңдеріне біраз тоқталып өткеніміз жөн болар деп есептейміз.
Қазақша қалмақ, ойрат, қытайша элюттер, орысша зюнгар (жоңғар) деген атауяардың бәрі — бір халык. Қалмақ деп түркілер батыс монғолдарды айтатын болған. Олар өздерін ойраттар дейді, қытай кітаптарында элюттер деп аталады. Қалмақ деген сөз В.В Бартольдтің тұжырымдауынша, мұсылман кітаптары ішінде Шараф-ад-Дин Иаздінің 1425 ж. жазылып біткен Зарафнамасында, мукадимасында бұл сөз түркілердін «қалу» дегеннен шыққан, ойраттардың отқа табынушылар қатарында қалғаньша байланысты сияқты.
Айналып келгенде, қалмақ, ойрат, элют және жоңғар (сол қанаттағы адамдар) деген сөздер чорос, хошауыт, торғауыт, дөрбәт деген батыс монғолдардың аттары: Олар XIV ғ. 2-жартысында «ойраттар одағын» құрып, монғол хандығының қол астынан кетіп, өз тайпаларыньщ баскаруында бол-ды.
И.Я.Златкиннің айтуынша, сол уақытта олар шығысында Хангай тауының батыс жоталары, оңтүстігінде Гоби шөлі, батысында Моғолстан, терістігінде Ертіс пен Енисей аралығындағы онша үлкен емес аймақты жайлаған. Батыс монғол тайпалары өзара қақтығысатын еді, кейде бастары бірігіп қалатын, сондай күшейген кездері көршілерін шабатын. Олардан кеп шапқыншылыққа ұшырайтын Монғолия еді. XV ғасырдың ортасында қалмақтарды қайратты да іскер Тоған (1438—1440), оның ұлы Эсен тайша (1440—1455 ж.) басқарды. Ол ой-рат тайпаларын біріктіріп қана қоймай, өз билігін бүкіл Шығыс Монғолияға таратты. Эсен тайша өлгеннен кейін (1455 ж.) олардың саяси қуаты да уақытша таусылды. Алайда ойрат бйлігі онша ұзакка созылған жоқ. XV ғ. 2-жартысында Монғолиядағы билігінен айырылды.
Шығыс Монғолияның қалқа тайпаларынан жеңілген ойрат тайпалары өздерінің бұрынғы өріс-қоныстарынан айырылып, топ-топ болып қоныс аударуға мәжбүр болды. Олар бірте-бірте қазақ даласына — Ертіс, Іле, Жетісу, Алтай, Тарбағатай — өңіріне ене бастады. Бұл арадағы жайылымдық жерлер үшін жергілікті тайпалармен қактығысты. Бұл кезде бытыраңкы ойрат тайпалары казақ хандарынын шапқыншылығына ұшырады.
Өздерінің алғашқы шабуылдарында сәтсіздікке ұшырап, казақ хандығынан жеңілген ойрат тайпаларының бір белігі XVI ғ. қазақ хандығына бағынып, тәуелді болды. 1598 ж. Тәуекел өзін қазак жене қалмақ ханы деп жариялады.
Сонымен, ойраттар алғашқы кезде Енисейдің бас жағында тұрды. Қырғыздардың жақын көршісі болды және одақ қүрды. Ойраттар мен қырғыздардың Моғолстанға (Жетісуға) жорығы 1470 ж. болды. Осы қозғалысқа қатысқан қырғыздар сол кезде Моғолстанның оңтүстік бөлігінде Тянь-Шань тауында орналасты және осында коныстанып қалды. Қырғыздардың қазақтармен жақындасуы оларда ислам дінінің орнығуына әсерін тигізді және қырғыздар ойраттардан қол үзді.
Ойраттардың жоңғар хандығы деп аталатын саяси бірлестігі 1635-1758 жылдары өмір сүрді. XVI ғасырдын ақырында ойраттар торғауыт, дөрбіт, хошоут, вюрс деп аталатын төрт ірі тайпалық бірлестіктен құралды. Торғауыттар Тарбағатай тауынан шығысқа қарай созылған жерлерді, дөрбіттер Ертіс өзенінің батыс жағын, хошауыттар қазіргі Үрімші маңын, ал шорстар Іле өзенінің бойын (бас жағын) қоныстанды. Олар әсіресе, орыстармен қатынасын жақсартқаннан кейін, Сібірдегі орыс қалалары мен бекіністеріне айырбас сауда жасап, олардан қару-жарақ сатып альш отырды.
XVII ғасырдың басында ғана ойраттар ішінде қайратты, жауынгер басшылар шыға бастады. Олардың ішіндегі біріншісі чорстың Қарақұла (Хара-Хула) тайшасы еді. Қарақұла барлық ойраттарды қазақтарды шабуға біріктірді, ақыр аяғы Жоңғар хандығы пайда болды. 1634 ж. Қарақұла өлгенде билік оның ұлы Батыр хонтайшыға кешті, ғьшымда осы 1635 ж. Жоңғар хандығы құрылған жыл деп есептеледі.
Қазақ жерін жаулау баяу және бірте-бірте жүргізілді. Әскери қақтығыстар мен бітімге келу қалмақтардың алдыңғы топтарының қазақ хандары мен сұлтандарының қол астына өтуімен кезектесіп отырды. 1598 ж. Тәуекел орыс патшасына өзін қазақ және қалмақ ханы деп жазады.
XVII ғасырдың басыңда қалмақтардың алдыңғы топтарының батысқа ұзағаны сонша, Хорезмге шабуыл жасай бастады. 1603-1604 жылдардың қысында қалмақ ескері келіп, Қожакелден бастап Түк бекінісіне дейінгі аралықта өзен жағасында отырған елге бүлік салып, Бүрлі арқылы (Әмудын оң жағында Түйе мойын маңы) жетті деп жазады Әбілғазы. Хиуалықтардың басшысы Арабхан қалмақтарды қуып жетіп, тұтқыңдар мен алған олжаларын қайтарады. Бұл қалмақтардың Хорезмге бірінші жорығы еді, — дейді Әбілғазы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *