Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі қорытындылары

 

Екінші дүниежүзілік соғыста антигитлерлік коалиция күштерінің және ең алдымен Кеңес Одағы жеңісінін нәтижесінде, Германияда гитлерлік тәртіп жойылып, Жапон милитаризмі құлатылды. Өткен соғыс халыққа, соның ішінде «неміс халқына да адам айтқысыз құрбандық әкелді. Фашистік Германияның кеңес-герман майданындағы адам шығыны 6923700-ге жетті. Австрия, Люксембург, Эльзас, Лотарингия, Судет немістерін, басқа да мемлекеттердін ерікті құрамаларын қосқанда және оның одақтастарының шығынын (Венгрия, Италия, Румыния жөне Финляндия -1725000 адам) қоса есептегенде, Германия мен оның одақтастарының орны толмас шығындары 8645500 адам санын құрады. Егер оған 1941 ж. 22 маусымынан 1945 ж. 9 мамырына дейінгі уақытта Қеңес армиясы тұтқындаған қарсыласынын 3777300 солдаты мен офицерлерін қоссақ  (бұл санның ішінде немістер — 2389500, австриялықтар — 156800, венгрлер — 513800, румындар — 201800, итальяндықтар — 48900, финдіктер -2400 адам болды.  Қалған 46400 әскери тұтқындар — КСРО-ға қарсы соғыста немістерге қызмет еткен ерікті құрамалардың құрамындағы басқа ұлттар — француздар, словактар, чехтар, поляктар, испандықтар, хорваттар, бельгиялықтар, голландықтар және басқалары), Германия мен оның одақтастары өлген және тұткындалған 12422800 адамынан айырылды, оның ішінде 83,13200-і немістер болды. Фашистік Германияны жеңудегі антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің құрбандығын ұмытуға, есептен шығарып тастауға болмайды. Англияның шығыны 370 мың, АҚІІІ-та 300 мың адамға жетті. Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің адам шығыны — қаза тапқандар, жарақаттан және аурудан өлгендер, хабарсыз кеткендер, тұтқыннан қайтпағандар, Жапониямен соғысты қоса есептегеңде 8668400-ге жетті. Демографиялық баланс әдісімен, Ұлы Отан соғысы кезіндегі барлық адам шығыны 27 млн. деп есептеледі.

Сонымен, фашизмді құрту жолыңда жеңіс — халық пен антигитлерлік коалиция армиясының ортақ жеңісі, алайда онда шешуші рөл атқарған Кеңес Одағы болды. Еуропадағы фашистік Германия мен Италияның талқандалуы бүкіл әлемдік тарихи маңызды оқиға болды. Германия мек Италия фашизмі Еуропа мен Африкада үстемдік етуге тырысып, жаулап алған елдердің халқынын мәдениеті мен мемлекеттік тәуелсіздігін айуандықпен құртып, сол елдерде жауыздық саясатьін жүргізді. Еуропадан ен агрессивті күш Германия мен Италия фашизмінің талқандалуына байланысты, Еуропаның барлық халқы үшін демократиялық дамудың кең мүмкіншіліктері ашылды. Одақтастар әскерлерінің милитаристік Жапонияны жеңуінін нәтижесінде, Кеңес Одағы 1904-1905 жж. орыс-жапон соғысында жапондықтар жаулап алған өзінің байырғы жерлері Оңтүстік Сахалинді және Курил аралдарын қайтарып алды. Бұл жерлер Кеңес Одағына Жапониямен соғысқа түсу шарты жөніндегі Ялта келісіміне сай қайтарылды. Кеңес Одағы Тынық мұхитына еркін шығуға мүмкіншілік  алды.  КСРО-ға щабуыл жасау үшін жапон милитаристері салған барлық плацдармдар мен әскери базалар жойылып, оның Қиыр Шығыс шекараларының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Жапонияның тізе бүгуі мен Қиыр Шығыстағы соғыстын аяқталуы Қытай, Корея жөне Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күрес үшін қолайлы жағдайлар жасады, олар жапон милитаристерінің бірнеше жыл бойғы аяусыз қанауынан құтылды.   Екінші дүниежүзілік соғыс барысында қалыптасқан антигитлерлік коалиция тәжірибесі — маңызды да шешуші келісім жасау тәжірибесі — қазіргі күнде де көп нәрсеге үйретеді. Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі сабақтары қандай? Бірінші басты сабақ — бұл бұдан әрі қырвдн соғысты бол-дыртпау үшін күресу. Екінші сабағы — үздіқсіз қырағылықтың қажеттігі, елдердің қорғаныс қабілетін ңығайту керектігін ескертеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *