БАЗАР ОҢДАСҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ



Оңдасұлы Ба­зар, Балқы Ба­зар (1842–1911) — жы­рау. Қазіргі Қызы­лор­да об­лы­сы Қар­мақшы ауда­нын­да туған. Руы — шөме­кей ішіндегі Балқы, сондықтан ел ара­сын­да Балқы Ба­зар ата­лып кет­кен. Бо­лашақ жы­рау әкесінен ер­те жетім қалып, есей­ген­ше нағашы­сы Өтемістің қолын­да тәрби­еле­неді. Тоғыз жа­сын­да Тәспен би оны өз қолы­на ала­ды. Тәспен бидің ауылы­на сол кез­дегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жы­ра­улар жиі келіп, ап­та­лап-ай­лап жа­тады екен. Бұл Ба­зар­дың жы­ра­улық жолға түсуіне бірден бір се­беп, үлкен мек­теп бол­ды. Ба­зар жы­рау 15–16 жа­сын­да ба­ла жы­рау ата­нады. 1858 жы­лы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсы­лар­ды шақырып, ұланғайыр той жа­сап, Ба­зар­дың асты­на жүйрік ат мінгізіп, үстіне ша­пан жа­уып, жы­ра­улық жо­лына сәт са­пар тілейді. Ба­зар осы кез­ден бас­тап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, Хи­уа жағын жы­рау ретінде ара­лай­ды. Осы төңірек­те к.еңінен жайылған Ноғай­лы дәуірінің қис­са­лары­мен та­нысып, олар­ды жат­тап, ха­лық ара­сын­да жыр­лай­ды. Хо­резм жағын­да болған кез­дерінде Ор­та Азия жұртшылығы ара­сын­да кеңінен мәлім дас­тандар­ды («Көрұғылы», «Жүсіп — Ах­мет», т. б.) қазақ тілінде, өзінше жаңадан жыр­лап, Сыр бойына та­рата­ды. Сонымен қатар шығыс аңыз­да­рының ізімен «Әминә қыз», «Ай­на — та­рақ» дейтін шағын дас­тандар да шығара­ды. 1907 жы­лы Ба­зар жы­рау Қазан қаласынан тасқа ба­сылып шыққан «Ай­ман — Шол­пан» жы­рын қай­та­дан жаңғыр­та жыр­лай­ды. Кейіннен «Қыз Жібек» жы­рына да көп өзгеріс енгізіп, қай­та жыр­лап ел ара­сына та­рата­ды. Мұның өзі Ба­зар жы­ра­удың нәзи­рашыл­дық жол­ды ұстанғанын байқата­ды. Жы­ра­удың сол кез­дегі шығыс және ис­лам филосо­фи­ясы­мен жақсы та­ныс болған­дығы анық. «Әр ке­мел­ге — бір за­уал», «Тіршіліктің түрлері», «Керқұлан», «Кер­миық», т. б. іргелі толғаула­рын­да ол өмірдің мән-мағына­сына көз жүгіртеді, тіршілікте кез­де­сетін жақсы­лық пен жаман­дық, адам­шы­лық пен зұлым­дық хақын­да те­реңнен ой толғай­ды. Оның жыр­ла­ры афо­ризм­ге то­лы, жы­рау ел аузын­да ай­ты­лып жүрген мақал­дарды өз елегінен өткізіп, қай­та­дан түрлендіріп, әрлеп, кей­де тіптен басқаша мағына беріп, асқан ше­берлікпен қол­да­нады. Со­нымен қатар Лұқпан хакім, Қорқыт бабалар­дың да өне­гелі сөздерін ретті жерінде жырға қосып оты­рады. Жыраудың жас­тық шақ, та­биғат­тың әр түрлі ма­усы­мы, ту­ып-өскен жер, т. б. жай­лы шығарған толғау-тер­ме­лері де көп. Са­раң бай­ларға, әділетсіз әкімдер­ге, қиянат­шыл кісілер­ге ар­наған сын-сықаққа то­лы, қазақтың ауыз екі поэзиясындағы ар­нау-эпиг­рамма жан­рында шығарылған бірқақпай­ла­ры да жетерлік. Базар жы­рау дом­бы­раны өте жақсы тартқан, Сыр бойын­да та­ралып жүрген, көпке ор­тақ әуен­дерді өз да­усы­на лайықтап, өлеңінің ырғағына орай өңдеп, өзгертіп қол­данған. Оның жыр­лау са­зы өте әсем, қис­са мен толғаулар­ды орын­даған­да не­ше түрлі құбы­лып оты­рады. Бұдан жы­ра­удың ком­по­зитор­лық қабілетінің де болғанын аңдай­мыз. Жы­рау көзі тірісінде, әсіре­се, қар­тайған шағын­да құрда­сы әрі ту­ысы Нұрым­беттің Төремұрат де­ген оқыған ба­ласы­на ауыз­ша ай­тып оты­рып, көп толғау-жыр­ла­рын, дас­танда­рын хатқа түсірткен. Оның бұдан да басқа хат­шы­лары болған. Жы­ра­удың өз ай­ту­ымен хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлең-жыр­ла­ры, 5 дас­та­ны сақталған. Ба­зар жы­ра­уды көзі тірісінде-ақ Сыр бойының жы­ра­ула­ры мен шайыр­ла­ры өздеріне ұстаз тұтқан, оның өне­гесін ұстанған. Ба­зар жы­ра­удың өлеңдері 20 ғасыр­да ғана бас­па бетін көре бас­та­ды. 1925 жы­лы Таш­кент­тен шыққан «Тер­ме» жи­нағына, 1931 жы­лы жа­рық көрген «Қазақтың әде­би­ет нұсқала­ры» ат­ты кітап­тарға ен­ген. Оның шығар­ма­лары­на С. Сей­фул­лин, М. Жұма­ба­ев­тар аса жоғары баға беріп, Бұхар жы­рау мен Ма­хам­беттен кейінгі толғау алы­бы деп та­ныған. Жы­рау шығармаларын жи­нас­ты­руда Ә. Ди­ва­ев, С. Сей­фул­лин, Ә. Марғұлан,                        Ә. Қайнар­ба­ев­тар   үлкен   еңбек    сіңірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *