Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. «Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады», — деді Қ.Тоқаев. Мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарағанын айтып өтті. «Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауы тиіс», — деді Президент.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/408405-to-aev-o-u-zhylyna-m-tazh-otbasylardy-azhetti-tekhnikamen-zhabdy-taudy-tapsyrdy