ҚАРАҚАЛПАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ

Нажимов Пердебай Айманович*

Сөзжасам тәсілдері жөнінде орыс және туысқан түркі тіл-дес халықтарының ғалымдары біраз уақыттан бері зерттеу жұ-мыстарын жүргізіп келеді. Олардың еңбектерінде жаңа лексика-лық бірлік жасаудың тәсілдері жөнінде біршама бай мәліметтер берілуіне қарамастан, осыған дейін бұл мәселе төңірегінде әртүрлі пікірлерді кездестіруге болады. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін анық бір қорытынды жасалған жоқ.

Тілдегі туынды сөздер бір ғана модельмен жасалмай-ды, олар белгілі бір заңдылықтарға негізделіп, әртүрлі сөзжа-сам тәсілдері арқылы іске асады. Бұл тәсілдер өзінің тұлғасы, мазмұны және өнімділігі жағынан бірдей емес, әрбір сөзжасам тәсілі өзіндік ерекшеліктеріне ие.

Сөзжасам тәсілін белгілейтін басты белгі – сөзжасам фор-манты. Бірдей формантпен жасалған туынды сөздер бір сөзжа-сам тәсіліне кіреді.

Қазіргі түркологиялық әдебиеттерде сөзжасам тәсілдерінің атаулары да, мазмұны да, саны да әртүрлі болып қолданылып келеді. Көпшілік еңбектерде олардың тек ең бастылары, өнімділері ғана кең талданып, басқаларына онша көңіл бөлінбе-ген. Түркі тілдерінің грамматикаларында көбінесе аффиксация және қос сөздер көрсетіледі, тек кейбіреулерінде ғана оларға қоса лексикалық тәсіл, семантикалық тәсіл, лексика-синтак-систік тәсіл деген аттармен сөз жасаудың лексика-семантика-лық түрі беріледі. Ал фонетикалық тәсіл көрсетілген негізгі үш тәсілге (аффиксация, сөздердің қосылуы, лексика-семантика-лық) қосылып қаралады.

А.Н.Кононов түркі тілдерінде аффиксация, субстантива-ция, сөз қосылу және калька тәсілдерін [Кононов 1980: 83], ал К.М.Мусаев болса, қарайым тілі мысалында сөз жасаудың: 1) аффиксация немесе морфологиялық; 2) сөз қосылу немесе син-таксистік тәсілдері барын көрсетеді. [Мусаев 1964: 103]

Қазақ тілінде синтетикалық (морфологиялық), аналитика-лық (синтаксистік) және лексика-семантикалық тәсілдерінің бар екендігі сөз етіледі [ҚҚТСЖЖ 1989: 64] де, олар өз ішінде тағы да түрлерге бөлінеді.

Ф.А.Ганиев қазіргі татар тілі сөзжасамына арналған ең-бегінде сөзжасам тәсілдерін мынадай түрлерге бөліп қарауды мақұл көреді: 1) суффиксал; 2) сөз қосылу; 3) сөз тіркесінің қос сөзге айналуы; 4) сөз тіркесінің суффикс жалғап қос сөзге ай-налуы; 5) фонетикалық; 6) лексика-грамматикалық; 7) лекси-ка-семантикалық; 8) аббревиация. [Ганиев 2010: 34].

Қарақалпақ тіліндегі сөзжасам тәсілдерін анықтауда да әлі күнге дейін белгілі бір шешуші ортақ пікірге келінген жоқ. Н.А.Баскаков қарақалпақ тілінде сөз жасаудың негізгі үш тәсілін көрсетеді: лексикалық, морфологиялық және синтак-систік [Баскаков 1952: 170]. А.Қыдырбаев қарақалпақ тілінде тек қана екі тәсілді мойындайды [ҲҚТ 1974:17]. ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап қарақалпақ тілінде сөз жасаудың тәсіл-деріне көбірек көңіл аударылып, бұл мәселеге арналған кейбір еңбектер баспадан шығарылды. Кейбір мақалаларда, моногра-фияларда бұл мәселе кеңірек талдана бастады және қарақалпақ тілінде мынадай сөзжасам тәсілдері бар екендігін растайды: 1) морфологиялық; 2) лексика-синтаксистік; 3) морфология-син-таксистік; 4) лексика-семантикалық. [Бекбергенов 1976: 69], ал фонетикалық тәсіл сөзжасам тәсілі ретінде қаралмаған. Қа-рақалпақ тілінің морфологиясы бойынша жарық көрген басқа еңбектерде тіліміздегі сөзжасам тәсілдері төмендегіше көр-сетілген: 1) морфологиялық; 2) морфология-синтаксистік; 3) лексика-семантикалық.; 4) фонетика-семантикалық [ҲҚТ, 1981:21]. Мұнда фонетика-семантикалық тәсілге жалпы сипат-тама берілгенімен, бұл тәсіл сөз таптарының жасалуында сөз етілмейді. «Ҳәзирги қарақалпақ әдеби тилиниң грамматикасы» атты еңбекте қарақалпақ тілінің сөзжасам тәсілдері: морфоло-гиялық және морфологиялық емес тәсіл деп екіге ажыратып қа-ралады да, бұлар өз кезегінде және мынадай түрлерге бөлінеді: морфологиялық тәсіл: 1) аффиксация, 2) сөз қосылуы, 3) сөз қосылуы+аффиксация және 4) аббревиация; ал морфологиялық емес тәсіл: 1) лексика-семантикалық тәсіл, 2) лексика-синтак-систік тәсіл [ҲҚӘТГ,1994: 20].

Түркологиялық әдебиеттерде көрсетілген сөзжасам тәсіл-дерінің түрлері, саны, мазмұны, жоғарыда айтып өткеніміздей әртүрлі, авторлардың пікірлері де кейбір мәселелерде бірдей емес. Бірақ соған қарамастан олардың арасынан негізгі сөзжа-сам тәсілдерін ажырату мүмкін.

Қарақалпақ тіліндегі сөзжасамға арналған еңбектерде мор-фологиялық тәсілге төмендегіше қатынаста қаралады: «…жаңа мағынадағы туынды сөз жасалуы үшін түбір және көмекші морфема, түбір морфема мен түбір морфема бір-біріне қосыла-ды, бірігеді, тіркеседі. Бұл тәсіл қарақалпақ тіліндегі ең өнімді тәсілдерден есептеліп, морфемалардың түріне және қосылу сипаттамасына қарай төмендегі түрлерге бөлінеді: 1) аффикса-ция; 2) сөз қосылуы; 3) сөз қосылуы және аффиксация; 4) аб-бревиация».

Жоғарыда көрсетілген төрт түрлі туынды сөздердің жаса-луын сөз жасаудың бір тәсіліне жатқызуға болмайды. Бұл жерде «морфологиялық тәсіл» дегенде сөздердің морфема (аффикс) көмегінде жасалуын назарда ұстау керек, ал қос сөздердің жа-салуымен сөздердің аффикстер көмегінде жасалуы бірдей емес. Сондықтан сөздердің аффикстер көмегінде жасалуын аффикса-ция тәсілі деп атаған мақұл.

Қос сөздер кемінде екі түбір морфеманың бірігуі немесе қосылуы нәтижесінде жасалады. Авторлардың дұрыс көрсет-кеніндей, «көпшілік түркологиялық әдебиеттердегі сөздердің бір-бірімен бірігуін, қосылуын синтаксистік тәсіл деп атау дұрыстыққа келмейді, себебі синтаксистік тәсіл арқылы сөздер еш уақытта бір-бірімен бірікпейді, қосылмайды, ал керісінше, бөлек-бөлек тұрып, өзара тіркеседі және белгілі бір синтак-систік байланыстағы сөз тіркесін жасайды» [Бекбергенов 1976: 69].

Екі түбірдің бірігуі немесе тіркесуі нәтижесінде жасалған сөздер арасында синтаксистік қатынас жоқ болса, оларды байланыстырушы морфологиялық көрсеткіштер де жоқ. Сон-дықтан бұл тәсілмен жасалған сөздерді морфлогиялық тәсілмен жасалған сөздер қатарына жатқызуға да болмайды. Мұндай сөз-дерді «сөз қосылу немесе композиция тәсілімен жасалған сөз-дер» деп атауға болады. «Композиция» сөзі «біріктіру» ұғымын білдіреді.

Сөз қосылуы және аффиксация тәсілімен жасалғанда «кей-бір сөз тіркестері сөз жасаушы морфемалардың көмегімен қос сөзге айланады. Оларды қос сөзге айналдыруда сөз жасаушы морфема негізгі қызметті атқарады» [ҲҚӘТГ, 1994: 26]. Бұл тәсіл кейбір әдебиеттерде «морфология-синтаксистік тәсіл» деп те аталып келеді. Сөздердің мұндай жасалуында екі түрлі тәсіл қолданылған деген тұжырым шығады. Сөзжасам құбылысын-да бір уақыттың өзінде екі құбылыс бірдей әрекет етуі мүмкін емес. Мысалы, үш-мүйеш-лик сөзінде алғаш бұрыштың са-нын көрсету үшін үш сөзімен мүйеш сөзі қосылып бір заттың атауы жасалған, бұл сөз қосылу немесе композиция тәсілімен жасалған деуге болады. Енді бұл сөздер бір түсініктің атауын білдіргендігі себепті бір сөз немесе бір бүтін бірлік есептеледі, оларды қайтадан ажырату мүмкін емес. Үшмүйеш сөзіне -лик сөз жасаушы аффиксінің қосылуымен енді екінші бір бірлік жасалып отыр. Бұл жерде алғашқы сөз қосылу тәсілінің қаты-сы жоқ. Мұндай жағдайда тәртип-ли-лик, бил-им-паз сияқты сөздерге де өз алдына термин таңдауға тура келеді. Сондықтан мұндай сөздерді аффиксация тәсілімен жасалған сөздер қата-рына жатқызу орынды болар еді.

Тілде қысқарған сөздер көп кездеседі. Олар көбінесе бірікпеген қос сөздердің әртүрлі жолдармен қысқаруынан пай-да болады. Мысалы: баскет-баскетбол, БМШ – Бирлескен миллетлер шөлкеми, Төке-Төлеген және т.б. Осындай түрдегі сөздер орыс тілінде де, көпшілік түркі тілдерінде де, соның ішінде қарақалпақ тілінде де, аббревиатура тәсілімен жасалған қысқарған сөздер түрінде қолданылады. Біздің ойымызша, мұн-дай сөздердің пайда болуында сөзжасам құбылысы жоқ. Сөз-дердің мұндай жолмен пайда болуы барлық сөз таптарында кездесе бермейді, бұл сөз таптарының ішінде зат есімнің кей-бір мағыналық түрлерінде ғана кезігеді. Екіншіден, қысқарған сөздер тілде бұрыннан бар сөз немесе сөз тіркестерінің бала-масы болып есептеледі. Олай болса, мұндай тәсілмен жаңа мағынадағы лексикалық бірлік жасалмайды, себебі жаңа лекси-калық бірлік жасалуы үшін алдыңғысынан мағыналық жақтан бір-бірінен ерекшеленуі керек. Ал бұл жерде тілдегі бұрыннан бар сөз немесе сөз тіркесінің нусқасы жасалады деп тұжырым жасаған орынды болмақ. Демек, қарақалпақ тілінде аббревиа-тура тәсілімен сөздер жасалмайды.

Тілдегі кейбір сөздер бір сөз тіркесі құрамында өзгеріссіз бірге қолданылып, белгілі бір мағынаға, бір түсінікке ие бола бастайды. Уақыт өтуімен мұндай сөз тіркесі немесе мағыналы сөзбен көмекші сөз немесе фразеологиялық сөз тіркесі бүтін бір сөз болып қалыптасады. Жаңа сөздердің осылайша пайда бо-луы сөзжасамның лексика-синтаксистік тәсілі деп аталады. Бұл тәсілмен жасалған сөздің құрамындағы сөздер өзінің алғашқы мағыналарын жойып, фонетикалық және грамматикалық өз-герістерге ұшырап (тіпті, кейде сөз тұлғасынан да айырылып) қолданылады. Мысалы: әтшөк (ат жоқ), өйткени (олай етке-ни) және т.б.

Кейбір адам есімдері, жер-су және аң аттары да осы тәсіл-мен жасалған: Қудайберген, Амангелди, Бекбосын, Қыят-жарған, Қызкеткен, Бөрибасар, Қутлаяқ, Мойнақ және т. б.

Лексикалық жақтан бір мағынаға ие болып (лексикаланып), бірақ әлі бір сөз болып бірікпеген (біріксе де қарақалпақ тілінің қазіргі орфографиясы бойынша бөлек жазылып жүрген) атау-ларды да лексика-синтаксистік тәсілмен жасалған сөздер деп қарау керек. Мысалы: шүй тасламақ (ойын аты), көрсе қызар, жин урған, пир қаққан және т.б.

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы бір сөз еш өзгеріс-сіз-ақ басқа сөз табына өтіп қолданылады, яғни сөз ешқандай грамматикалық (құрамы және тұлғасы жағынан) өзгеріске түспейді, ол тек басқа мағынаға көшеді. Сондықтан бұл тәсіл әрқайсы тілдегі омонимдердің көбеюіне алып келеді. Мысалы: кеш сөзі және зат есім (кеш болды), және үстеу (кеш түргелди) болып, ал ақ сөзі біресе сын есім (ақ орамал), біресе зат есім (көзіне ақ түсиў) болып қолданыла береді.

Сөздердің лексика-семантикалық тәсілмен басқа сөз таптарына өтіп қолданылуы, негізінен алғанда, екі түрлі болады: а) сөз өзінің сыртқы тұлғасын өзгертпей-ақ басқа сөз табына өтеді және сөз өзгеруде сол кейінгі сөз табы сияқты өзгере береді (конверсия). Мысалы, көк сөзі сын есім болып келгенде шырай тұлғаларын қабылдай алады: көклеў, көгирек, көкшил, жүдә көк және т.б., ал көк шықты деген сөзде бұл сөз зат есім (раң шығуы), сондықтан да ол зат есім сияқты көптік, тәуелдік және септік аффикстерімен өзгеру мүмкіндігіне ие; б) субстантива-ция, адвербиализация, прономинализация және т.б. құбылы-стар нәтижесінде сөздер мағыналық жақтан зат есімге, үстеуге, есімдікке және т.б. өтіп қолданылады.

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы кейбір мағыналы сөз-дер көмекші сөздерге өтіп те (делексикализация кұбылысы) қолданылады: қарағанда, бойынша, көре, себебі, сонда және т.б.

Фонетикалық тәсіл. Фонетикалық тәсіл (яғни бір сөздің фонетикалық өзгеріске түсуі арқылы жаңа мағынадағы сөздің жасалуы) тек қарақалпақ тілінде ғана емес, ал жалпы түркі тіл-деріндегі өнімсіз тәсілдердің бірі. Түркологияда бұл тәсілге тек соңғы кездерде кеңінен назар аударыла бастады. Бірақ фонети-калық тәсіл деген не және ол арқылы сөздер қалай жасалады? Бұл сұраққа жауап әр авторда әртүрлі. А.Н.Кононов фонетика-лық сөз жасаудың екі түрін көрсетеді: а) дыбыстардың орын ал-масуы: кўр~кўз, ака-ука; б) акцептуация тәсілі: тугма~тугма, академик~академик. [Кононов 1959: 104]. Н.А.Баскаков сөздер-дегі екпіннің өзгеруіне байланысты олардың жаңа мағынаға кө-шуін фонетикалық тәсіл деп қарайды: жазба~жазба. [Баскаков 1952: 170]. Соңғы кезде, әсіресе, сөздегі дыбыстардың орын алмасуы арқылы оның жаңа мағынаға көшуі сөзжасамның бел-гілі бір түрі ретінде қолданылып келеді. Мысалы: жарық~жы-рық, шағыў~шоқыў, күн~түн, жазыў~жайыў, көз~көр және т.б. Әрине, сөздегі мұндай фонетикалық орын алмасуларды тек та-рихи-этимологиялық зерттеулер негізінде анықтау мүмкін.

Қорыта келсек, қарақалпақ тілінде сөзжасамның негізгі төмендегіше тәсілдері бар: 1) аффиксация; 2) сөз қосылуы; 3) лексика-синтаксистік; 4) лексика-семантикалық; 5) фонетика-лық. Бұлардың арасында қазіргі қарақалпақ тілінде аффиксация және сөз қосылу тәсілдері өте өнімді болып, ал фонетикалық тәсіл қазіргі тіл үшін өнімсіз болып есептеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *