ОҢТҮСТІК АРАЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕСІНЕ

Бекетов Б.М.*

Арал аймағында тұратын түркі халықтары бірнеше ғасырлардан бері ауылы аралас, қойы құралас, қыз алысып, қыз берісіп өмір сүреді. Адай руының бір тиресі түркмен қызынан туған үшін Түркмен адай аталуы тегінен тегін емес. Түркмен адайдың атасы Қосайдың кесенесі XVI ғысырдан бері Нөкістен 25 шақырым жерде орналасқан.

Аралдың оңтүстік аймағы ұлттық құрамы және тілдік ерекшеліктері бойынша өте күрделі өңір.

Аралдың оңтүстік аймағына Қарақалпақстан, Өзбекстанның Хорезм, Түркіменстанның Ташауыз облыстары кіреді. Бұл аймақты қазақтар өткен ғасырларда Қарағаш, Бесқала деп аталған болса, кейін Хорезм деп атаған. Қазір Хорезм оазисі деп аталады.

Хорезм оазисінің солтүстігінде қазақ, қарақалпақ ұлттары көпшілікті құраса, оңтүстігінде өзбектер мен түркімендер көпшілікті құрайды.

Негізінен алғанда, осы төрт түркі халқының өкілдері қайсы ауданға барсақта аралас тұрады. Аймақта орыс, корей т.б. ұлттардың да өкілдері өмір сүреді. Іс қағаздары өзбек, түрікмен қарақалпақ тілдерінде жүреді. Өзбекстанда 7 жоғары оқу орнында қазақ филологиялы кафедрасы бар. Соның үшеуі осы аймақта.

Хорезм оазисі ертеден-ақ ғылыми зерттеулердің нысанына айналғаны тарихтан белгілі.

Арал аймағы — тілдік тұрғыдан алып қарағанда тарих үшін құнды материалдарды еске түсіреді. Академик А.Н. Самойловичтің көрсетуі бойынша Орта Азия түркі тілдері XI-XVғ дейін III кезеңді басынан кешірген (1). Атап айтқанда, Қараханидтер, Хорезм және Шағатай дәуірлері.

Өте ертеден-ақ бұл аймақтағы түркі халықтары бір-бірімен аралас-құралас жасаған. Мысалы: түркмендердің Хорезм оазисіне қоныстануын біреулер XIX ғасырдың II жартысы деп көрсетсе (2) ал, кейбір ғалымдар түрікмендердің бұл аймаққа қоныстануын Журджан (Арал) теңізі аймағындағы IX ғасырдағы оғыздар мен печенг қақтығыстарына дейін – ақ болған дейді (3). М. Қашқари түркмен атауын түрікке ұқсас («похожий на тюрк») дегеннен шыққан деп көрсетеді (4).

Арал аймағындағы мекендеушілер туралы алғашқы мағлұматты тарихтан 1694 ж Петр І-дің елшілері Ф. Скибин және М. Троминдердің қазақ ханы Тәуке ханның атына жолдаған мәлімдемелерінен алсақ, кейінірек орыс ғалымдары П.И.Ришков, Гладишев, Муравин, Г.И.Данилевский, А.В.Каульбарс т. б. ғалымдардың еңбектерінен аламыз.

Арал аймағы мекендеуші халықтардың тарихына 1930ж кейін П.П.Иванов, С.П. Толстов, Л.Г.Гулямов, Т.А.Жданко және У.Х.Шалекенов т.б ғалымдардың еңбектері арналды.

Арал аймағы қазақтар туралы құнды еңбек жазған ғалым У.Х.Шалекеновтың 1966 ж Ташкенттің ғылым баспасынан шыққан «Казахи низовьев Амударьи» деген этнографиялық еңбегінде қазақтардың салт-дәстүрі, үріп-әдеті, тұрмыс – тіршілігі және олардың Арал аймағында қоныстану тарихы жан-жақты сәулеленген құнды ғылыми еңбек болып саналады.

Соңғы кездері Арал аймағындағы халықтардың тарихы мен қатар тілі, әдебиеті және мәдениеті тұрақты түрде ғылыми зерттеулердің обьектісіне айналды.

Арал аймағы халықтарының тілі туралы алғашқы мағлұматты Венгр саяхатшысы Н.Вамберидің еңбегінен аламыз. Оның 1867ж «Liepzig» шыққан ғылыми еңбегінің 7.8 парографтарында Өзбек, Қазақ және Қарақалпақ тілдеріндегі төрт қатарлы өлеңдеріндегі с//ш, д//т, л/н т.б дыбыстарды салыстырып, Қарақалпақ тілін түркі тілдерінің батыс диалектісіне жатқызады.

1903 Санкт – Петергбург университетінің студенті проф. П.М. Мелиоранскийдің шәкірті И.А.Беляев Нөкісте, Шымбай-да болып Шыңғысхан және Едіге туралы аңыз – әңгімелер жа-зып алып, оларды 1917 ж Ашхабадта жариялайды.

1908ж көрнекті ғалым шығыстанушы А.Н.Самайлович Ташкент, Бұхара және Хиуа қалаларында болып, қазақ пен қа-рақалпақтардың ауызекі сөйлеу тілінен текстер жазып алады. Кейін бұл текстердің барлығын 1912ж Санк петербург жария-лайды.

Арал аймағындағы халықтардың тілі туралы зерттеулердің ІІ-ші дәуірі 1950-52 ж. Н.А.Баскаковтың «Каракалпакский язык» деген еңбегі 2 том болып шықты. Бұл еңбек тюркологиядағы құнды еңбектердің бірінен болып саналады. Еңбектің бірінші томы диалекталогиялық материалдарға арналған. Бұның ішінен де қазақ диалектологиясына қатысты материалдар бар. Атап айтқанда, Арал аймағыннан жиналған 37 текс қазақтардың ауызекі сөйлеу тілінен алынған.

Н.А.Баскаков 1926ж дейін Қазақстанда да болып, қазақтардың тілінен материал жинаған ғалым. Кейін Қ.Жұбановтың кеңесі бойынша Қарақалпақ тілін зерттеу мәселесімен айналысады. Қ.Жұбановты осы кеңесі үшін Н.А.Баскаков Қ.Жұбановты өзімнің ұстазым деп санайды. 1930 Арал халықтарының тілі туралы жазылған еңбектерінің ішінде Д.Е.Поливановтың 1933 ж Ташкенттен шыққын «Некoторие особенности каракалпакского языка» деген еңбегін айрықша атауға тура келеді. Ғалымның аталған еңбегі күні бүгінге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Д.Е.Паливанованың қарақалпақ тілінің дыбыс құрамы және топтастырылуының дәлдігін көрсеткенін дәлелдеп отыр. Соңғы кездері қарақалпақ фонетикасына байланысты жазылған Г. Убаудуллаев және А.Дәулетов т.б. ғалымдардың еңбектерінде Е.Д.Паливановтың жоғарыдағы аталған еңбегі негіз болғанын өздері де мойындайды.

1930 ж Арал аймағының халықтарының тілін зерттеу мәселесіне көрнекті қазақ ғалымы А. Ысқақовтың да өз үлесін қосқанын білеміз. Осы өңірде ағарту саласында істеген.

Хорезм оазисіндегі негізгі мекендеуші халықтар өзбектер. Хорезм аймағындағы өзбек халқының тілін зерттеуге Ф.А.Абдуллаев, А.Ишаев Ю.М.Ибрагимов т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. Ф.А.Абдуллаевтың «Хорезм шевалары» (Ташкент 1962) деген монографиясында Хорезм оазисінде мекендеуші өзбектердің тілі семантикалық тұрғыдан бірнеше топтарға бөлініп қаралып, онда Хорезмдік өзбектердің көрші түркі тілдермен атап айтқанда, түркмен, қарақалпақ және қазақ тілдерімен байланысты, олардың бірнен екіншісіне сөз ауысуы, кейбір сөздердің этимологиясы т.б. терең баяндалады. Ғалымның көрсетуіне қарағанда Хорезм сөйленістеріндегі мал шаруашылығына байланысты кәсіби лексиканы көбісінде қазақ тілдерімен байланысты, олардың бірнен екіншісіне сөз ауысуы, кейбір сөздердің этимологиясы т.б. терең баяндалады. Ғалымның көрсетуіне қарағанда Хорезм сөйленістеріндегі мал шаруашылығына байланысты кәсіби лексиканы көбісінде қазақ тілімен байланысын қарайды. Ғалымның бұл айтқан пікірін 1978ж жазылған М.Борановтың «Өзбек тілінің кәсіп – өнер лексикасы» деген еңбегінде де дәлелдейді.

Хорезм өзбектеріне байланысты екінші бір құнды жұмыс А. Ишаевтың «Маңқыт говорының фонетикалық ерекшеліктер» деген 1962ж жазылған еңбегі. Ғалым бұл жұмысында өзбек тіліндегі фонотикалық ерекшеліктерінің кейбіреулері қыпшақ тілінің әсерінен деп топшылайды.

Хорезм өзбектерінің тіліне байланысты жазылған ең соңғы жұмыс 1996ж ғылым баспасынан шаққан Ю.Ибрагимовтың «Лексика узбекских говоров приаралья» деген еңбегі. Бұл жұмыста Хорезм өзбектерінің лексикалық ерекшеліктері бірнеше семантикалық топтарға бөліп көрсетілген. Атап айтқанда, құрылысқа, тағам түрлеріне, киімге, туыстық атауларға т.б. байланысты қарайды. Жұмыстың ең құнды жағы хорезм өзбектерінің тілін төрт аймаққа бөліп көрсетеді.

Соның ішінде батыс зонасы қыпшақ тілінің элементтеріне бай. Ал шығыс зонасы оғыз тілдеріне жататындығын ғылыми тұрғыдан нақты мысалдарменен дәлелдейді.

Демек, өзбек тілінің хорезм говорлары оғыз және қыпшақ тілдерінің элементтерінен құралады.

Арал аймағындағы ендігі топты түркмен тілі құрайды. Ғалымдардың көрсетуіне қарағанда түркмендер Балканнан 1855 – 56ж Хорезмге көшіп келген. Хорезмде жасайтын түркмендердің негізгі рулары Ата және Ямут. Бұл руларда жергілікті өзбек, қарақалпақ және қазақ руларымен аралас – құралас жасайды. Хорезм түркімендерінің тілі бойынша жазылған құнды еңбектер С.Аразқулевтің 1961ж Ашхабадтан ғылым баспасынан шыққан көлемі 20 баспа табақ «Қарақалпақстан АССР–ның Төрткүл районындағы түркмен геплешіклері» деген түркмен тілінде шыққан еңбегі. Бұл еңбекте түркмен тілінің қазақ, қарақалпақ тілдеріне жақындығы және зерттеліп отырған нысандары түркмендердің ауызекі сөйлеу тілінің түркмен әдеби тіліне қатынасы сөз етіледі. С. Аразқұловтің бұл еңбегіне халық тарихына байланысты оның этнографиясы, әдебиеті және фольклорына байланысты бағалы материалдар алуға болады. Түркмен тіліндегі дыбыстық алмасуларды, лексикалық ерекшеліктердің келіп шығуын Хорезм оазисіндегі түркі халықтарымен байланыстырып қарайды. Монографияның ең құнды жағы оның сөздігінде деп білеміз.

Арал аймағындағы негізгі әрі көпшілігін құрайтын халық
– қарақалпақтар.

Қарақалпақтар бұл аймаққа қазақ тарихындағы Ақтабан шүбырынды, Aлқа көл сұлама жалдарынан кейін Түркістан аймағынан көшіп келген. Бұл туралы қарақалпақтың классик жырауы Жиен жыраудың «Посқан ел» поэмасында суреттеледі.

Қарақалпақ тілін 30ж зерттеген ғалымдар туралы біз жоғарыда атап өттік. Солардың ішінде айрықша тоқтауға тұратыны С.Е.Маловтың «Заметки о каракалпакском языке» деген 1966 ж Нөкістен шыққан еңбегі. Еңбек 1964 ж академик С.Кеңесбаевтың үй архивінен табылған Д.С.Насыров және Н.А.Баскаков қолжазбаны редакторлеп баспадан шығарды. С.Е.Малов 1930ж 15 маусым мен 15 қыркүйек арасында

Қарақалпақстанда болып, қарақалпақтар тілінен материалдар жинайды. Ғалымнаң айрықша көңіл бөлгені қарақалпақ тілінің фонетика жүйесі. Грамматика саласына байланысты септеулер, шырайлар, сан есім, етістік, көмекші етістік туралы мысалдар келтіреді. Жұмыста лесикаға едәуір орын берілген. Жинаған материалдарын қорытындылай келіп С.Е.Малов қарақалпақ тілінің қыпшақ тобына жататынын оның ішінде ноғай тіліне өте жақын екенін баса көрсетеді.

Қарақалпақ тілінің жүйелі зерттелуі 1960 жылдардан басталады. 1959 жылы Өзбекстан ғылым академиясының Қарақалпақ филиалын құрамында Тарих, тіл және әдебиет институтының ашылуымен байланысты. Қарақалпақ ғалымдарынан У.Бекбаулов Қарақалпақ диалектілеріндегі фонетикалық ерекшеліктерді зерттесе, О. Доспанов лексикалық ерекшеліктерін зерттеді. Т.Бекжанов Қарақалпақ диалектілеріндегі кәсіби лексика бойынша ғылыми еңбектер жаратты.

80-жылдары Қарақалпақ диалектологиясына байланысты еңбектер қортындыланып Д. Насыров қарақалпақ әдеби тілін диалектілік негізін көрсететін құнды монография шығарды.

Қарақалпақ тіл білімінде байланысты жазылған еңбектердің барлығында да ондағы тілдік ерекшеліктер хорезм оазизінде мекендеуші түркі халықтарының тілдері мен байланысты қаралды. Қарақалпақ тіл біліміде бірнеше академиялық монографиялар шығарып табыстарға жетісті. Қарақалпақ тіл білімі бойынша шыққан ғылыми еңбектердің барлығында түркі тілдерінің туыстығы жіне олардың бір – біріне әсері бірінші орында тұрды. Сондықтанда Хорезм оазизіндегі түркі тілдеріне байланысты жазылған еңбектерде бір тіл емес бірнеше туыс тілдердің салыстырылып қаралуы дәстүрге айналды.

Арал аймағындағы түркі тілдерінің бір тобы сол өлкеде жасайтын қазақтардың тілі. Хорезм оазисіндегі қазақтардың тілі ең алғаш Н.Вамбери еңбегінде көрінсе, жалғасы осы күнге дейін зерттеліп келеді. Жүйелі түрде зерттелуін үш топқа бөліп қарауға болады. Біріншісі, 1930 жылдардағы Н.А.Баскаковтың еңбектері болса, екіншісі 1947 жылдардағы Ж.Аралбаевтың басқаруымен болған ғылыми экспедициясы. Үшішісі, 1960 жылдардан басталады. Атап айтқанда, А.Құрышжанов, Б.Ысқақов, А.Махмудов басшылығындағы диалектологиялық экспедициясы.

ҚазақстанҒылымАкадемиясының1960жылғыҚұрышжанов басқарған Қарақалпақстанда болған диалектологиялық экспедициясы қарақалпақ қазақтарының тілін зерттеуге негіз болды. Экспедициясының материалдары 1963 жылы шыққан. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері деген жинақта (5-ші шығуы) кең көлемінде жарияланды.

Ә.Құрышжановтың бұл аталған мақаласында қарақалпақ қазақтарының қоныстануы және олардың отырған жерлері, Қазақстанның қай өңірінен келгендері және оның себептері кеңінен баяндалады. Авторың бұл мақаласында кең көлемде сөз етілген тарау – фонетикалық ерекшеліктер. Қарақалпақ қазақтарының тіліндегі фонетикалық ерекшеліктерді көрсете келіп және ондай ерекшеліктердің осы аймақты мекендеуші басқа халықтардың тілінде де бар екені көрсетіледі. Автордың бұл тараудағы пікірлері осы ерекшеліктер туралы тюркологиядағы бұрынғы соңғы шыққан еңбектерімен салыстыруы. Мысалы к/г, қ/ғ дыбыстарын салыстыру арқылы түркі тілдерін топтастырылатыны және осы құбылыстар арқылы түркі тілдердің жаңа тіл және ескі тіл болып бөлінетіндігі айтылады. Автордың мақаласында қ, х дыбыстары туралыда құнды пікірлер бар. X дыбысын араб тілінен келген деп түсіндіреді. Бұлармен қатар автор б дыбысының орнына п дыбысының келуін қарақалпақ қазақтарының тіліне характерлі екенін көрсетеді. Сондай-ақ, л-мен айтылған варианттан гөрі д-мен айтылған түрі көнелеу болып шығады да, ол қазақ тілінің л-мен сөйлейтін говорының негізінде пайда болган деп есептелінеді.

Автор бул пікірін айтқанда М.Рясяненнің пікірлеріне сүйенеді.

Ғалым Қарақалпақстандағы қазақтардың тіліндегі лексикалың ерекшеліктерді: 1) қазақ тілінің оңтүстік говорларына байланысты сөздер;

қазақ тілінің батыс говорларымен байланысты сөздер;
қарақалпақ тілімен байланысты сөздер;
қарақалпақ тілімен де қазақ тілінің әр түрлі говорла-рымен де өзара ұқсастық таппайтын сөздер;

кәсіби сөздер деп бөледі. Автордың бұл бөлуі ғылыми тұрғыдан алып қарағанда көңілге қонымды. Автор лексикалық ерекшеліктерді тақырыпқа бөлмей, алфавит тәртібімен береді. Тиісті жерінде айырым сөздерге этимологиялық талдау жасап, қай тілден енгенінде көрсетіп отырады. Қарақалпақ қазақтарының тілін зерттеу жоспарлы түрде болуы, дәлірек айтсақ Өзбекстан ғылым академиясы Қарақалпақ бөлімінің құрамында қарақалпақ диалектологиясы секторының ашылуымен байланысты. Қарақалпақ диалектологиясы секторы тек Хорезм оазисіндегі қарқалпақ тілімен қатар туыстас түркі тілдерінде бірге зерттеу мәселесін жоспарға енгізген болатын. Осы маңсатта қарақалпақ қазақтарының тілі екі топқа бөлініп зерттелді: 1) қарақалпақ пен қазақтар тұратын аудандар, 2) қарақалпақ, өзбек, түркмен және қазақтар тұратын аудандар. Яғни, географиялық атаулармен айтсақ Қарақалпақстанның солтүстік және оңтүстік аймағы деп екіге бөлінді. Қарақалпақстанның осы екі аймагына байланысты екі гылыми еңбек жарың көрді. Бұл еңбектерде қа-зақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер біріншіден, тіл тарихына байланысты қаралса, екіншіден, Хорезм оазисіндегі түркі тіл-дерімен бірге салыстырылып зерттелінді. Солай етіп, Хорезм оазисіндегі туркі халықтарының ортақ жақтарымен жеке ерек-шеліктерінің қыр-сырын дәлелдеуге ерісті.

Қорыта келгенде, Арал аймағындағы жасушы халықтар тілі ғылыми жағынан түркология үшін ең құнды ареал болып саналады.

Ұлттың бір белгісі – тілі десек, ал рухани дүниесінің бай қазынасы – этнографизмдер. Аймақта жасайтын түрік халықтардың этнофрагизмдерінің айырымдары бір-бірінен фонетикалық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Мысалы,Сеп – қыздың жасауы. Бұл сөз өзбек, қарақалпақ, түрікмен тілдеріне актив қолданыста болса, қазақ тілінде архаизмге айналып кеткен. Гөз айдын // Көз айдын – көзайым. Чиллә – шілде туылған баланы 40 күнге үйін күту. Қозлады // Көз жарды –әйелдің босануы. Геңаш той – кеңес той. Гуручдамлау-күріш дем-деу. Шымкентте палау басу кең айтылады. Ғашыр доғрашпа // Кешір тураспа-Тойға асатын палаудың сәбізін турау. Пәтек кел-ді – Тойға шақыру қағазы келді. Сыпыра қақты – тойға қызмет істегендерге көрсетілетін сый – сыяпат. Рапида күйлі – қаде. Пәпкі той – Тіл ашар тойы. Қолын адалдады – сүндетке отырғызу, Кепкір күйді – қаденің түрі т.б.

Бұлардан басқа да лексиканың барлық саласында ортақ қолданыстар ұшырасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *