АНДЕГРАУНД ӨНЕРІ (ағыл. underground — жасырын) -XX ғасырдың екінші бөлігінде батыс еуропалық және орыс мәдениетіндегі ресми өнерге қарсы оппозициялық қозғалыс. А. ө. ресми мәдениеттің кұндылықтары мен догмаларын қабылдамайтын, авангардтык өнердің, рок-мәдениеттің, қарсы мәдениеттің, жастар қозғалысының кейбір принциптерін бойына сіңірген өнердің дәстүрлі емес бітімдерінен құралады.