Экономикалық жүйенің классификациясы

Таза капитализм немесе еркін бәсеке дәуірінің капитализмі

  • Бұл экономикалық   жүйенің    сипатты    белгілерінің ерекшеліктері мыналар:
  • Өндіріс факторларына жекеменшіктің биліктілігі.
  • Нарықтық жүйе адамдардың шаруашылық қызметін үйлестіреді және оны басқарады.
  • Жүйеге қатысушылардың тәртібі жеке, эгоистік мүддесі мен қоғамдық мүдде қамтамасыз етіледі.
  • Еркін кәсіпкершілік. Экономикалық таңдау еркіндігі.
  • Әрбір шаруашылық субъект пайданы максимум алуға ұмтылады. Ресурстарды пайдалану тиімділігі жоғарылайды.
  • Өз еркімен жұмыс атқаратын көптеген сатушылар мен сатыпалушылардың, өндірушілер мен тұтынушылардың болуы.
  • Экономикаға мемлекеттің араласуының азаюы.
  • Тұтынушылар өндірушілерге билікті жасайды.

Мұндағы принцип тек сатылатын ғана өнім шығарылады.

Бұндай талаптарға жауап беретін экономикалық жүйе болған емес, немесе болжамда, бұл 19 ғасырдың бірінші жартысындағы капитализм болатын. 19 ғасырдың екінші жартысында тұрақты түрде экономикалық дағдарыстар қайталана берді және ірі капиталистік монополиялар құрыла бастады.

Негізгі артықшылықтары:

Жоғарғы тиімділік және тапқырлықтың ынталандырылуы. Тиімді емес және керексіз өндірістер сыртта қалады.

  • Нарық тауарға толы болады.
  • Тұтынушылардың құқығы және мүмкіндіктерінің көбеюі.
  • Үлкен басқару аппараты жоқ.
  • Табысты бөлісу негізінен әділетті болады, яғни кім көп және жақсы жұмыс істесе немесе өндіріске қаржыны көбірек салса, сол көбірек алады.

Негізгі кемшілігі:

  • Қоғамда теңсіздік күшейеді.
  • Экономика тұрақсыз, оның дамуы дағдарыспен болады.
  • Пайда бермейтін, бірақ қоғамға қажетті өндірістерді құру туралы қамқорлық болған жоқ.
  • Табиғат және   адамзатқа   бизнестің   не    әкелетініне немқұрайлы қарау.
  • Экономиканың тиімділігін төмендететін монополиялардың пайда болуы.

Командалық (батыс терминология) немесе әкімшілік- шаруашылық жүйе (біздің терминология)

Бұл жүйенің сипатты белгілері:

  1. Өндіріс факторларына қоғамдық меншік. Олар мемлекет меншігінде болады және басқаларға тиісті емес.
  2. Экономикалық қызметтердің орталықтан жоспарлануы.
  3. Мемлекеттік жоспарларды орындау үшін кәсіпорын ресурстарының орталықтан қорландырылуы.
  4. Өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттарының өндірісінің арасындағы орталықтан саналы түрде халықшаруа- шылықтық пропорциялар орнату.
  5. Бәсекенің болмауы. Осыдан өндірушілердің монополиясы.
  6. Нарықты жүйенің өндірушілер мотивация және ынталандырудың болмауы.

Қорытындысы, өндірушілердің тұтынушылар үстінен үстемділігі, тек қана өндірілетін ғана өнім сатып алынады. Тұтынушының таңдауы жоқ. Жүйенің тиімділігі төмендейді.

Бұл жүйе СССР-де (ҚСРО-да) және әлемдік социалистік жүйе елдерінде үстемділік жүргізді. Бұл жүйенің көптеген жетістіктері болғанымен бәрібір экономикалық және әлеуметтік тұйыққа әкелді.

Бұл жүйенің кемшіліктері:

  1. Жоспарлы жүйенің экономикасы біраз уақыт өте шығынға айналды. Егер жоспар бойынша белгілі қаржыны жұмсау керек болса – онда оны да жұмсайды.
  2. Өндіріске енгізілетін ҒТП жетістіктерін ынталандыру жоғалды. ҒТП өткерудің қыиншылықтары болды.
  3. Еңбек өнімді және өнімсіз болып бөліне бастады, оған сәйкес өнімді еңбек екіншіге қарағанда жоғары төлене бастады. Өнімсіз еңбек бұл, мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғылыми зиялылар, ИТЖ, әртістер, суретшілердің еңбектері. Еңбек бойынша бөлу, социализмнің экономикалық заңының талаптары орындалмады.
  4. Өндірістің қорғаныс және азаматтық салаларында қолданылатын технологияда алшақтық пайда болды. Қорғаныс өндірістік кешені (ҚӨК) жетістіктері азаматтық өндіріске берілмеді. ҚӨК мемлекет ішіндегі мемлекетке айналды.
  5. Адамдардың төменгі қажеттілігін қанағаттандыруға халықтың өмірлік деңгейі қалыптасты.

Соған қарамай жоспарлы жүйенің жақсы жақтары болды, олар ол жоғалтқаннан кейін ерекше көріне бастады:

  1. Тұрақты  экономикалық   даму. Инфляцияның   және экономикадағы циклдік айқын шайқалудың жоқ болуы.
  2. Халықтың әлеуметтік қорғалуы.
  3. Еңбекке деген құқық. Жұмыссыздықтың жоқ болуы.
  4. Азаматтардың мәдени жетістіктерге, денсаулық сақтауға, білім алуға жеткілікті болуы.
  5. Барлығына өмірдің белгілі деңгейіне кепілдік беру.
  6. Ғылымды, фундаменталдық зерттеулерді қолдау.
  7. Жастарды жоғарғы әдет-ғұрып және моральды рухта тәрбиелеу.

Дәстүрлі экономика

Жүйелердің таза капитализм, әмірлік және аралас экономика индустриалды дамыған елдердің сипаттамасына жатады. Дамыған капитализм елдері, бұрынғы әлемдік социализм жүйесі елдері және кейбір дамып келе жатқан елдер, мысалы Оңтүстік Корея, Гонконг, Сингапур, Тайвань сияқты жаңа индустриалды державалар. 140 таман басқа қалған елдерде дәстүрлі жүйе сақталынған. Біз айтатын дәстүрлі жүйе 100 елде бар. 40 ел дәстүрлі жүйеден индустриалды қоғамға өту жағдайында. Мысалы, Америкадағы Бразилия, Мексика, Африкадағы Алжир және Египет, Азияда Персі шығанағы елдері.

Дәстүрлі жүйенің спецификалық белгілері:

  1. Өндіріс, бөлу және айырбас жәй, дәстүрлі, культті (діни) әдеттерге негізделген.
  2. Жеке адамның экономикалық рөлін мұрагерлік және касталық анықтайды.
  3. Әлеуметтік-экономикалық тоқырау анық көрінеді. Бұл жүйе прогреске қабілеті жоқ.
  4. Техникалық прогресс өте шектелген, себебі ол дәстүрлі қоғамның бастауына объективті қауып төндіреді. Артта қалған технология қолданылады.
  5. Экономикалық қызметтің жаңа формаларына қарағанда религиялық, діни және мәдени құндылықтар бастапқы болып саналады.
  6. Өндірістің өсу қарқынынан халықтың өсу қарқыны артық болу тұрақтылыққа айналады.
  7. Бұл қоғамға халықтың сауатсыздығы, жоғарғы деңгейдегі жұмыссыздық және төменгі еңбек өнімділігі сипатты болады.
  8. Бұларға ең жоғарғы сыртқы қарыздар сипатты, оны бұл елдер ешқашан өтеуге мүмкіндігі жоқ.

Сондықтан, бұған келесі фундаменталды белгілер тән:

  1. Жекеменшік түрінің үстемділігі;
  2. Экономикалық және әлеуметтік дамудың төменгі деңгейі;
  3. Экономиканың көпукладтылығы;
  4. Әлеуметтік- экономикалық дамудың тәуелді сипаты;
  5. Базиске салыстырғанда қондырма қатынастың тезірек дамуы.

Дәстүрлі жүйенің елдері әлемдік шаруашылыққа материалдар және шикізаттар мен  жабдықтаушы,  сонымен бірге дайын өнімдерді өткізу нарығы болып табылады.

«Аралас экономика»

«Аралас экономика» идеясы 19 ғасырда пайда  болды. Оның пайда болу негізі тек қана мемлекет шешетін әлеуметтік проблемалар қажеттілігі болды.

«Аралас   экономика»   принциптері   австрия    экономисі А. Вагнердің «саяси экономия табалдырығы» кітабында толық баяндалады. Оның ойы бойынша халық шаруашылығы үш әртүрлі «шаруашылық жүйесі» қосындысынан тұрады:

  • жоғарғы пайда алуға ұмтылған, жеке капитализм; 2) жалпы пайда принципін жасап отырған қоғамдық-шаруашылықтың (әміршілік) жүйе; 3) қайырымдылық жүйе. Әрбір мемлекеттің оның экономикалық саясатының орталық міндеті осы үш жүйенің қосындысы.

«Аралас экономика» теориясы 20 ғасырдың 30 жылдарында америка экономистерінің С. Чейз еңбектерінде даму алды.

«Аралас экономика» терминін С. Чейз енгізді.

Нақты өмірде біз келесі кәсіпорындар түрін көреміз:

  • қоғамдағы заңдылықтардың   рұқсатымен   көптеген шешімдер қызметтегі тұлғалармен қабылданады;
  • көптеген шешімдер жеке кәсіпкерлермен қабылданады;
  • барлық шешімдер  аралас   болады,   бұл   категория Америкадағы 95% барлық шаруашылық қызметті қамтиды.

Ары қарай «аралас экономика» теориясын басқа экономистердің еңбектерінде дамыды: Дж.М. Кейнс, Э. Хансен, Л. Харрис, П. Самуэльсон, Р. Солоу. Бұл жұмыстарда жеке  жәнеқоғамдық меншікке негізделген жүйелердің пропорциясы және әр түрлі біріктіру жөнінде сөз болды.

Әлемде таза капитализм немесе таза социализм болған жоқ. Бұның бәрі де жақындаған түрлері болды. Американың капитализмі ірі корпорациялар және күшті кәсіподақтарды тудырды. Бұл, экономикаға мемлекеттің араласуы үшін негіз болады.

Көптеген индустриалды ірі мемлекеттер, мемлекеттің экономикаға араласуын батыл жүргізеді. Олар жақсы экономикалық, құқықтық және ұйымдастырылған әлеуметтік саясаты жұмыс жасады. Бұл Швеция, Франция, Англия ерекше өзгешеленеді. Көрсетілген елдерде мемлекеттік меншік орташа 33% құрады.

Өтпелі экономика және оның негізгі белгілері (өтпелі экономиканың заңдылықтары)

  1. Әкімшілік-әміршілік экономикадан         нарықтық экономикаға көшу экономикалық қатынастардың барлық жүйесінің түпкілікті қайта  құрылуын  білдіреді  (меншік түрлері, ресурстардың бөлінуі, экономикалық агенттер арасындағы байланыстар).
  2. Нарыққа өту келесі басты бағыттармен жүргізіледі: а) экономиканың либеризациясы (шаруашылық қызметтерінің барлық сферасында шектеулер және тиым салынулардың қысқаруы немесе жойылуы); б) иституционалдық қайта құрылу (меншік қатынастарындағы өзгерістер, шаруашылық қызметінде жаңа субъектілердің құрылуы, шаруашылықтандырудың жаңа тәртібін құру): в) құрылымдық қайта құрылу (сұраныстың төлем қабілеттілігін қанағаттандыру мақсатымен халық шаруашылығы құрылымындағы қайта құру); г) халықты әлеуметтік сақтандыру жүйесін қалыптастыру.
  3. Нарықтық экономиканың қалыптасуының құру  екі жолы бар: эволюциялық (жайлап нарықтық институттарды құру) градуализм және радикалды («шоковая терапия» «естен тану терапиясы»).
  4. Ауыспалы экономикадағы елдердің тәжірибесі көрсет- кеніндей, меншік түрлерін өзгертудің ғана емес, шаруашылық- тандыру жағдайындағы өзгерістер (бәсеке орталарын) өндіріс тиімділігі және экономикалық өсуді анықтайды.

Әкімшілік-әміршілік жүйені нарықтыға трансформациялау

Өтпелі кезең деп тарихи қысқа мерзім түсіндіріледі (бір онжылдық шамасы), ол уақытта әкімшілік-басқарушы экономика түбірлі қайта құрылады және нарықты экономика қалыптасады.

Нарықты экономиканың қалыптасуының басты бағыттары мыналар болады:

  1. Либерализациялық экономика-шаруашылық экономиканың барлық өрісінде мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ тию мен шектелулерді қысқартуға бағытталған шаралар жүйесі. Бұл, шаруашылық операцияларына мемлекеттік үстемділікті жою, ресурстарын орталықтан бөлуді қысқарту, бағаны либерализациялау.
  2. Экономиканы демонополизациялау және бәсекелес ортаны құру ол, іскерлік белсенділік үшін тең жағдай құру, нарыққа шетелдік бәсекелестердің енуі, орта және кіші бизнесті марапаттау, табиғи монополияда баға саясатын реттеу.
  3. Институционалдық қайта құру қарастырады, меншік қатынастарын реформалау, нарықтық инфрақұрылымды (коммерциялық банктер, тауарлы және қор биржалары, инвестициялық қорлар) қалыптастыру, нарықтық жағдайларға сәйкестелінген заңдылықтар қабылдау.
  4. Халық шаруашылығы құрылымындағы диспропорцияны жоюға бағытталған құрылымдық өзгертулер.
  5. Қаржылық ортадағы макроэкономикалық тұрақтылығы үшін мемлекеттік бюджеттегі тапшылықты төмендету, ақша эмиссиясын шектеу, инфляцияны жою керек.
  6. Халықтың өте мұқтаж қабатына адрестік әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *