- Маркетинг түсінігі және мәні.
- Маркетингтің даму кезеңдері.
- Маркетингтің негізгі қағидалары.
Маркетинг (ағылшын тілінен аударғанда «market»- «нарық»)- бұл кәсіпорынның өнімді өндіру және өткізу, ғылыми-техникалық әрекеттерін басқару. Маркетинг мақсаты – сұраныстарды қалыптастыру және ынталандыру (ФОССТИС)., фирма жұмысының жоспарлары мен басқару шешімдерін қабылдау, сондай-ақ өнім көлемін ұлғайту.
Маркетинг шартты түрде «нарықтық іс-әреект», «нарықты жаулап алу» деп аударылады.
Маркетинг теориясы АҚШ-та 20-ғасырда тауарды өткізу мәселесімен туындады. Маркетингтің қалыптаск кезеңіне тоқталсақ:
1860-1930 ж.ж. – «Тауарлық бейімделу», мұнда тауар өндірушілер тауардың сапасын жақсартқанмен, тұтынушылардың қажеттіліктері толық ескерілмеді.
1930-1950 ж.ж. – «Өткізуге бейімделу» -фирманың негізгі көрсеткіштеріне негізделген ұзақ мерзімді жоспарына қарай тауарды неғұрлым көп өткізу үшін жарнамаға сүйену.
1950-1960 ж.ж. «Нарықтық бейімделу» -тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп, өнімнің жақсы өтуі үшін сапалы тауар шығаруға тырысады. Маркетинг бөлімдері пайда болды. Оның негізгі қызметтері: стратегиялық жоспарлау, болжау, нарықтық ақпараттарды жинау, өңдеу пайда болды.
1960 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Маркетингтік басқару», яғни бағдарламалық басқару, сұранысты қалыптастыру және ынталандырудың барлық әдістері кешенді қолданылады. Жаңа тауарларды шығаруға негізделген.
Маркетинг нарық талаптары мен шарттарына толығымен бағынуы керек. Өйткені ол экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық, және әлеуметтік факторлармен ұштасып жатады.
Маркетингтің негізгі қағидалары:
- Сатып алушылардың негізгі қажеттіліктерін, сұраныстарын, нарық жағдайы мен фирманың мүмкіндігін толық білу
- Тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандырып, нақты мәселелерінің шешілуіне үлес қосу
- Өнім мен қызметтің тиімділігін жүзеге асыру
- Кәсіпорынның ұзақ мерзімді пайдалылығын сақтау мақсатында ғылыми-техникалық ізденістер арқылы жаңа тауарларды шығару
- Өзгермелі талаптарға белсенді икемле алу. Сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға әсер ете алу.
Әдебиеттер:
1.Романов А.Н., Маркетинг М:ЮНИТИ, 1996с. 13-17.
2.Уткин Э.А., Маркетинг. М: 1998с. 3-13.