Жер ресурстарын басқару функцияларын басқару бойынша комитет қызметін ұйымдастыру және олардың негізгі функциялары

 

      

     ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті ҚР-ғы жер ресурстарын басқарудың мемлекеттік органы және топографо-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.

Комитет құрамына енетін жер ресурстарын басқарудың облыстық, қалалық және аудандық комитеттерімен бірге, сондай-ақ геодезиялық және жерге орналастыру профилінің кәсіпорындарымен бірге ҚР жер ресурстарын басқару бойынша бірыңғай мемлекеттік жүйе құрады. Облыс, қала, аудандардағы жер ресурстарын басқару комитеті ҚР ауылшаруашылық министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің территориалды (аймақтық) органдары болып табылады. Комитет заңды тұлға болып табылады. Комитеттінің ҚР мемлекеттік бюджеттік банкісінде бюджеттік және ағымдағы есеп-шоты және де мүлкі, ҚР елтаңбасы белгіленген мөрі бар.

Комитет 93 қызметінде мынадай міндеттерді орындайды:

  • жер ресурстарын басқару және жер қатынастарын реттеу облысында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
  • жер реформасы бойынша жұмыстарды орындауды ұйымдастыру;
  • жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру:

-геодезиялық, аэрокосмостық, топографиялық және картографиялық жұмыстарда стандарттау және инженерлік жаб-дықтауда бірыңғай ғылыми — техникалық саясатты жүзеге асыру;

-жерді рационалды пайдалану үшін әлеуметтік- экономикалық және ұйымдастыру шаруашылық шарттарын құру;

-жерге орналастыруды жүргізу, мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін жүргізу;

-жерді зоналау және сәйкес құжаттарды безендіре отырып, жер учаскелерінің шекараларын бекіту;

-топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың координациясы және басқармасы, геодезиялық бақылау және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік геодезиялық торлардың дамуы;

-жер нарығының дамуына және жер пайдаланушылық құқықтарының дамуына, және де жер реформасын жүзеге асырудағы шараларды жүргізуге ықпал ету;

—      жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу , жерге орналастыру,   топография-геодезиялық    картографиялық   және   осыған байланысты жұмыстар бойынша заң және нормативтік – құқықтық актілерін өңдеу.

Комитет жер қатынастарын реттеуде жерді пайдалануда және қорғауда, жер реформасын жүргізу мәселелері бойынша ҚР орталық және жергілікті атқарушы органдарымен бірге өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.

Комитеттің міндетіне жер мониторингі мен жер кадастрын ұйымдастыру және жүргізу және де ҚР жер ресурстарының жағдайы туралы көрсеткіштер банкісін құру кіреді.

Комитет жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізуде құрылыс, реконструкция, яғни ауыл шаруашылық емес объектілерді қайта өңдеу және ішкі шаруашылық құрылыс кезінде жер заңдылығын бұзушылықты жою шараларын қабылдайды. Осы мақсатта Комитет жыл сайын жерді категорияларға, алқаптарға, жер учаскесінің меншік иелеріне және жерді пайдалану туралы республикалық есеп берулер құрады.

Жер ресурстарын басқару Комитеті мыналарды ұйымдастырып жүзеге асырады:

—   жер    заңдылығын    бұзып    пайдалануды    және    пайдаланбауды айқындау жерді рационалды пайдалану мен қорғау бөлігінде республикалық, облыстық,   аудандык,   бағдарламалар,   схемалар   және   жобалардың экспертизасын;

  • жер реформасын жүргізу мақсатында республикалық мағынаға ие ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкциялық, жобалау-іздестіру жұмыстарын заказ берушінің функцияларын;

-жерге орналастыру бойынша жұмыстардың өндірістік бөлімше күштерін, сондай-ақ топография-геодезиялық, картографиялық, топырақ, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарын;

-жерді тұрақты пайдалану құқығына, жер учаскесінің меншік құқығына актілерді дайындау және тапсыруды;

-әкімшілік-территориялық      бірлік       шекарасын       техникалық безендіруді;

—      жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды.

Комитет өз құзыреті шегінде мынадай құқықтарға ие:

-жерді пайдалану мен қорғау сұрақтары бойынша жер учаскесінің, меншік иелері мен жер пайдаланушыдан ақпараттар алып отыру;

-құрылыс   жұмыстарын  тоқтату   немесе   жер   пайдалану  құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге, жерді жақсарту мен иелену шараларын жүргізуге, егер осы жағдайда  жер заңдылығы бұзылатын болса;

  • жер қатынастарын реттеу сұрақтары бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілерін тоқтату тура­лы ұсыныстар беруге, жерге орналастыруды жүргізуге;
  • топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды толық тоқтатуға ықпал ететін шараларды пайдалануға;
  • сот органдарында талапкер (сотқа арыз беруші) ретінде шығу.

Жер ресурстарын басқару комитетін төраға басқарады. Оны ауыл шаруашылық министрлігінің ұсынысы бойынша ҚР Үкіметі қызметке тағайындап және алып тастай алады. Ал төраға орынбасарын қызметіне комитет төрағасының ұсынысымен Ауыл шаруашылығы министрлігі тағайындап, босата алады. Төраға Комитеттің басқару жұмыстарын ұйымдастырып, жүзеге асырады және де берілген тапсырмалардың орындалуына жауапкершілік алады. Ғылыми-техникалық сұрақтарды қарастыру үшін ғылыми-техникалық Кеңес құрылады, оның құрамын Комитет төрағасы тағайындайды.

Комитет жұмысында оның төрағасы:

-орынбасары мен Комитеттің құрылымдык, бөлімшесінің жетек-шіліктерінің міндеттері мен жауапкершілік дәрежесін анықтайды;

—      Комитет жұмысшыларын тағайындап, қызметтерінен босата алады
және жер ресурстарын басқарудың облыстық, қалалық комитет жетекшілері кандидатураларын және республика қарамарындағы ұйым жетекшілерін    ҚР    ауыл    шаруашылығы    министрлігіне    бекітуге ұсынады;

Тәртіптік сөгістер береді, бұйрықтар шығарады, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Комитеттің атынан жұмыс жасайды;

-құрылымдық бөлімшелер   және  оның  территориялық  органдары туралы тәртіптерді бекітеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *