Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау ұғымы мен мазмұны

 

Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау дегеніміз,
жерді тиімді пайдалану мен қорғау мақсатында жер заңнамасын
сақтауға бағытталған шаралар жүйесі.

Жерді тиімді пайдалану жүйесі табиғатты корғау, ресурстарды сақтау сипатында болуы керек, және топырақ қорғауды ескере отырып,өсімдік және жануарлар әлемін тиімді пайдалану, тау жыныстары мен басқа да қоршаған орта компоненттеріне тepic әсерді шектеуді қамтамасыз етеді.

Жерді қорғау алқаптарға, олардың зоналық және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, күрделі табиғи топтарға кешенді шаралар қолдану жолымен жүргізіледі. Сонымен қатар жерді қорғау құқықтык, экономикалық, технологиялық және басқа да қоршаған табиғи ортаның бөлігі ретінде жерді қорғауға бағытталған жерді тиімді пайдалануға, жердің ауылшаруашылық және орман шаруашылық айналымынан себепсіз алынуын токтату, және де топырақ құнарлығын қалпына келтіру және жоғарылату жүйелерін енгізеді.

Жерді пайдалануда мемлекеттік бақылау жер иелері мен жер пайдаланушылардың, өзара жерді дұрыс бөлмеуі салдарынан және кәсіпорындар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалардың және жеке тұлғалардың берілген жерлерді пайдалану міндеттерін бұзған болса, оны анықтап, жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Жерді қорғау жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардьң бірқатар міндеттерін орындау жолымен атқарылатын ic-шаралар бойынша жүзеге асырылады. Бұндай  міндеттерге заңға қатысты мыналар жатады:

  • Топырақ құнарлығын   қалпына  келтіру   жене  жоғарылату,   сонымен    қатap   жердің   басқа   да   пайдалы    қасиеттерін    қалпына келтіру;
  • Жерді су    және    жел    эрозияларынан,    селден,    су    басудан,  тұзданудан,   сортаңданудан,     құрғап         кетуден,          өндірiс қалдьқтарымен   ластанудан,   химиялық   және   радиоактивті   заттармен   бүлінуден,  сондай-ақ   жердің  басқа  да   процестермен бұзылуынан сақтау;
  • Бұзылған жерлерді    қалпына    келтіру,    олардың   құнарлығын жоғарылату және шаруашылық айналымға уақтылы енгізу;

4) Ауылшаруашылық  жерлерін карантинді зиянкестерден және өсімдік ауруларынан, арам шөп, бұталар өciп кетуден, және басқа да жер жағдайының төмендеп кетуінен сақтау:

5) Жерді бұзылуына байпанысты, жүргізілетін жұмыстар арқылы топырақтың құнарлы қабатын пайдалану және сақтау.

Мемлекет жер пайдаланушылар мен жер иелерін топырақ құнарлығын жоғарылататын тиімді шараларды жүргізуге, ұйымдастыру-шаруашылық іс-шараларын жүзеге асыруға, топырақ құнарлығына кері әсерін тигізетін процестерді болдырмау мақсатында агротехникалық орман мелиоративтік және гидротехникалық шараларды қолдануға, топырақтың су, жел және ирригациялық эрозияларын және батпақтануды, тұздануын, құрғап кетуін және басқа да жердің жағдайын төмендететін процесстердің болдырмауын міндеттейді.

Бұзылған ауылшаруашылық алқаптарының топырақ кұнарлығын қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, жердің химиялық және радиоактивті заттармен бүлінуін белгіленген шектеулі нормадан асып кетсе, өндіріс қалдьқтарымен, қалдық сулармен ластанса, сонымен қатар өсімдік ауруларымен және карантинді зиянкестермен зақымданған жағдайда заңмен жер консервациясы қарастырылады.

Жерді қорғаудың неізгі мақсаттарына мыналар жатады:

  • өндіріске экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу және
    орман   мелиоративтік   шараларын   жүргізу   жолымен   жердің
    тозуы    мен    бүлінуін,    шаруашылық    қызметінің    басқа    да
    қолайсыз зардаптарын болдырмау;
  • Тозған немесе   бүлінген    жерлерді    жақсарту    мен    қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
  • Жерді ұтымды    пайдаланудың    экологиялық    нормативтерін тәжірибеге eнгiзy;

Жерді  пайдалану  және қорғауға  мемлекеттік бақылау  объекті болып Қазақстан Республикасының барлық жер қоры жатады. Барлық жерлер келесі санаттарға бөлінеді:

  • ауылшаруашылық мақсатындағы жер;
  • елді мекендердің (қалалардың,  поселкелер   мен   ауылдық  елді-мекендердің) жері;
  • өнеркәсіп, көлік,    байланыс,    қорғаныс    жері    және    өзге    де ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жер;
  • ерекше қорғалатын    табиғи    аумақтардың    жері,    сауықтыру мақсатындағы,рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;
  • орман қорының жері;
  • су қорының жері;
  • босалқы жер.

Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау су-бъектілеріне мыналар жатады:

  • мемлекеттік органдар жене лауазымды тұлғалар;
  • заңды тұлғалар;
  • жеке тұлғалар (азаматтар). ^

Жерді пайдалану мен қорғауға, жер заңнамасын сақтауға мемлекеттік бақылауды жерді иеленушілер мен пайдаланушылардан басқа,үкіметтің жергілікті атқарушы органдары, жер ресурстарын басқарудың атқарушы органдары жене басқа да өкілетті органдар жүзеге асырады. Мемлекеттік бақылаудьң функцияларын негізінен жерге орналастырушы органдар, атап айтқанда жерді пайдалану мен қорғау бойынша мемлекеттік инспекторлар орындайды. Оларға көмек ретінде қоғамдық инспекторлар болуы мүмкін.

Қоғамдық инспекторлардың міндеттері, функциялары және құқықтары негізінен мемлекеттік инспекторлардың міндеттерімен және құқықтарымен пара-пар. Қоғамдық инспекторлар әдетте ауылшаруашылық мамандары санынан кәсіпорын, ұйым және мекеме ұжымдарымен немесе ауылшаруашылық өндірісін жақсы білетін тұлғаларды ұсынады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *