Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудың мақсаты, міндеттері, түрлері және әдістері

 

 

Мемлекеттік бақылаудың нeriзгi мақсаты — жер пайдаланудың және меншік құқықтарының барлық субъектілерінің жерді қорғауына және тиімді пайдалануына қол жеткізу.

Жер ауыл шаруашылығында нeгiзгi өндіріс құралы болып саналады. Ауыл шаруашылық өндірісті жүргізу үшін жердің кез-келген түрін емес, тек сапасы, топырақтың құнарлығы жоғары жерлер ғана болады. Жердің ауыл шаруашылығы к;ажеттілігі үшін жарамдылығы жер кадастр мәліметтерімен анықталады, жерді бағалау жұмыстарымен, топырақ мәліметтерімен, геоботаникалық, гидромелиоративтік, агроэкономикалық және басқа да зертт-         еулермен, іздестірулермен анықталады.

Арнайы қорғауға ауыл шаруашылығы алқаптары, әcipece   суарм-алы жане жыртылған жерлер алынады. Мұндай жерлерді ауыл шаруашылығы емес өндірісіне пайдалану тек ерекше жағдайларда ғана іске асады.

Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізуде жалпы міндеттер сияқты жеке міндеттер де орындалады. Жалпы міндеттер арасынан келесі міндеттерді бөлуге болады:

  • министрліктердің, ведомоствалардың,   сондай-ақ барлық  заңды тұлғалардың,   азаматтардың  іске  асырылып   жатқан   жер   заңын сақтауларына    қол    жеткізу.    Заңды    тұлғаларға    мемлекеттік, қоғамдық  және  кооперативтік  ұйымдар,   мекемелер,  сондай-ақ заңды тұлғаларға тән барлық белгілері бар ұйымдар жатады, ал жеке  тұлғаларға  Қазақстан  Республикасының  азаматтары және шетелдіктер,  сондай- ақ  құқық   қабілеттілігі  бар  деп   танылған азаматтыры жоқ тұлғалар жатады;
  • уақытша немесе  тұрақты   жер   пайдалану   құқығын   және  жеке меншікке жер беру тәртібін қамтамасыз ету;
  • жер кадастры   мен  жер  мониторингін   жүргізудің  дұрыстығына бақылау жасау;

1) жерге орналастыруды жүргізудің дұрыстығын қамтамасыз ету.

 Мемлекеттік бакылауды жургізудегі жалпы міндеттер бүкіл жер

бетінің территориясына таралады, яғни жер учаскелері, сондай-ақ сумен, орманмен жабылған жер учаскелері, жер бетінде және жер қойнауында пайдалы қазбалары бар жер учаскелеріне де таралады. Жерді пайдалану мен қорғауға, жер қойнауына, суға және ормандарға мемлекеттік бақылаудың негізгі міндеті бұл барлық; министерліктердің, ведомостволардың, кәсіпорын, ұйым, мекеме, қоғамдық мемлекеттік комитеттердің және азаматтардың бекітілген заң тәртібін сақтауын, мемлекеттік кадастрды жүргізу тәртібін, жерді қорғау тәртібін, бекітілген жерге, суға, тауға және орманға қатысты заңдар тәртібін сақтауды қамтамасыз ету.

Жалпы міндеттермен қатар табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғауға                 мемлекеттік   бақылаудың                                  табиғи объекттер

спецификасымен қамтылған бip қатар ерекшеліктері бар.

Жерді пайдалану мен қорғауға бақылау жүргізетін органдарға байланысты, бақылау түрі екіге бөлінеді:

  1. Мемлекеттік. 2. Қоғамдьқ.

Мемлекеттік бақылау мемлекеттік атқарушы басқару органдарымен, арнайы бақылау органдарымен, яғни заңның орындалуын бақылайтын барлық органдармен және де арнайы ведомостволық қызмет органдарымен жүргізіледі.

Коғамдык, бақылау белгілі тұлғалардың өздерінің негізгі еңбек міндеттерінің үстіне үстеме жұмыс ретінде қоғамдық бастамалармен жүргізіледі. Екі жағдайда да құқықтары  бірдей және міндетті түрде орындалуы керек.

Жұмыс спецификасы мен мазмұнына қарай, сондай-ақ қойылатын міндеттерге байланысты бақылаудың 3 турі бар. Олар:

1.уақытша    

2.қазіргі

  1. кейінгі

Алғашқы бақылауға тән мысал, жобалардың, экспертизасы, яғни дәлелденбеген және қолданылмаған шешімдерді болдырмау үшін ғылыми дәлелі кепілдемелер, нормалары бар жобалық шешімдердің сәйкестілігі. Қазіргі бақылаудың іс- әрекеттерінің, бірі авторлық қадағалау және жобаның жүзеге асуына бақылау жүргізу. Кейінгі бақылаудың ic-әрекеті ретінде жерді пайдалану анализін алуға болады.

Жұмыс   көлемі   мен   бақылауға   қамтылған   территорияларға байланысты келесі бақылау түрлерін атап айтуға болады:

  • жалпы мемлекеттік
  • ведомостволық

   3) Ішкі шаруашылық

Жалпы     мемлекеттік   бақылау     мемлекеттік     шаралар     және

мемлекет бақылау органдарының құжаттамаларының формалары мен мазмуны, оны жургізу тәртібін және міндетін, мазмұндарын анықтайды. Бұл тәртіп мемлекеттің барлық территориясында міндетті түрде орындалады және барлық жерлерді қамтиды. Мемлкеттік бақылауды жургізгенде ведомостволық бақылауды жүргізу қажеттілігі туындайды. Олар өзара байланысты, бірақ ведомо­стволық бақылау нақтылы ведомоствоның немесе министрліктің барлық жерлері бар объекттерімен ерекшеленеді. Ведомостволық бақылау халық шаруашылығының нақтылы саласы бойынша мәліметтерді ұсынады. Ішкі шаруашылық бақылау нақтылы жер пайдаланушылар жер иеленушілердің территорияларымен ғана шектеледі, өндірістің негізгі құралы ретінде жердің шаруашылыққорын ашып, айқындайды, сонымен қатар, қазіргі жер заңдарын бұзатын нақты фактілерді ашады.

Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жургізуде жалпы және арнайы элементтер бөлініп шығады.

Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау өзара міне-здемелері бойынша өзгешеленеді. Осы белгсі бойынша сыртқы және ішкі бақылау болып бөлінеді. Сыртқы бақылау өкіметтің жалпы мемлекеттік органдарымен және басқармаларымен іске асырылады, ал ішкі бакқылау жер иеленуші мен жер пайдаланушылардың өздерімен жүзеге асырылуы мүмкін, сонымен қатар халық шаруашылығының нақты саласымен немесе ведомоство деңгейіне, соның ішінде осылардың өкілдерімен жүргзілуі мүмкін.

Бұл бақылауда мемлекеттік бақылау үшін қажет мәліметтердің барлығы бар және шаруашылықтың, нақтылы ведомоствоның міндет тапсырмаларын шешу үшін сұрақтарды қарастырады. Бұл сұрақтар жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын органдармен келісілген болуы керек.

Мәліметтердің толықтығына бақылаудың сипаттамасы бойынша бақылауды 2 түрге бөлуге болады: бірыңғай және таңдалған. Бірыңғай бақылауға бақыланатын территорияның барлығы, ал таңдалған бақылауға жер заңын сақтауға күдік туғызатын территория бөліктері ғана кіреді.

Бірыңғай бақылауды әдетте, жерді пайдалану мен қорғау бойынша мемлекеттік инспекторлар алдағы уақыт кезеңіне арнайы өңдеп дайындалған график бойынша жүргізеді. Бірыңғай бақылауда жер заңын барлық элементтері мен параметрлері бойынша сақтауға жан-жақты бақылау жүргізіледі.

Таңдалған бақылау территорияның бөлек бөлімдеріндегі жағдайларды түсіндіруге мүмкіндік тұғызады, бірақ оны дұрыс пайдаланғанда бүкіл территорияда еңбек шығымдылығы мен қосымша тәсілдер енгізбей-ақ жұмыс жағдайы туралы ұсыныс құруға болады. Таңдамалы бақылауды әдетте жоғарғы органдардың лауазымды адамдары барлық территория көлеміндегі мемлекеттік бақылаудың дұрыс қойылғандығын айқындау мақсатында жүргізіледі.

Мемлекеттік бақылаудың уақыты мен үздіксіздік сипатына қарай үшке бөлуге болады:

    1)үздіксіз (турақты)

     2)оқтын- оқтын (мерзімді)

     3)бip жолғы (бір уақтылы)

Үздіксіз бақылау уақыт мерзімін белгілемей жүргізеді, яғни тұрақты түрде лауазымды адамдардың міндеттері шеңберіне кіретін арнайы органдармен жүргізіледі. Ол жер заңын бұзғаны туралы, жер сапасының жағдайы және жерді қорғау мен оларды тиімді пайдалану туралы мәліметтер анализін алуға бағытталған.

Үздіксіз бақылау заң бұзушылықты ескертуге қажетті шараларды уақтылы қолдануға, жер заңын орындамаған заң бұзушыны жауапқа тартуға мүмкіндік туғызады. Бір жолғы бақылау үлкен территорияларда жүргізіледі. Ол әдетте қазіргі жағдайдағы

экономикалық,   әлеуметтік    және    табиғи    шарттарға    байланысты туындайды.

Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау негізінен 2 әдісте жүргізіледі.

  • Визуальді- құралды
  • деректі

Халық шаруашылығының салаларында жер түрлі мақсаттар үшін пайдаланылады және осыған сәйкес мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Сонымен, жер-тұрғын, өндіріс ғимараттары мен құрылыс үшін, кәсіпорында ауыл шаруашылығы, орман шару-ашылығы ушін, көлік, денсаулық сақтау сияқты түрлі сипатта қолданылады.

Өндірістің жеке салаларындағы сияқты, адамдардың қызмет сферасында да жердің маңызы әртүрлі. Сондықтан, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау да әртүрлі болады. Егер жер жазық кеңістік базис ретінде пайдаланылса, онда алдымен оның өлшемдері мен орналасуы сипатталады. Ауыл және орман шару-ашылықтарында жер бұдан басқа өндіріс күші, өндірістің басты құралы болып табылады. Оның маңызды белгілері болып пайдалануы мен сапалы жағдайы табылады, Осылайша, алқаптардың сапасы, топырақ жамылғысы, олардың қоректік заттармен қамтамасыз етілуі, мелиоративтік жағдайы және басқа да белгілері бойынша анықталады. Кәсіпорын жердің ең ipi тұтынушысы болып табылады, мұнда негізгі кәсіпорын ауданынан басқа, қайта құрулар мен келешекте кеңейту ушін жерлер алынады, подъезд жолдары мен коймалар үшін жерлер талап етіледі және арнайы зоналар бекітіледі. Пайдалы қазбаларды шығарғанда, топырақтың генетикалык, көкжиегі бұзылады.

Құнды, бағалы алқаптар ауыл шаруашылығы айналымынан алынып тасталады.

Территорияның маңызды көп бөлігі геологиялық жұмыстар жүргізгенде, скважиналарды бұрғылағанда ластанады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *