Қазақ руханиятының ерекшелiктерi

  

Көне гректердiң айтқанындай, философия дүниеге таңғалудан басталады. Ал оның өзi өмiрдегi күнбе-күн кездесетiн айқын да түсiнiктi құбылыстардан туындамайтыны баршаға мәлiм. Таңғалатын құбылыс сиқырлығы мен көпқырлығы, әсемдiлiгi мен орасан-зор күш-қуаты, я болмаса ерекше нәзiктiгiмен көрiнiп, адамның жан-дүниесiнде ерекше iз қалдырады.

Әрине, дүниеде таңғалатын нәрселер көп. Оған бiз жастық шағымызда тоймаймыз. Есейе келе, олардың көбi үйреншiктi нәрселерге айналып кетедi де, көп адамдар, өкiнiшке орай, сол ғажап қасиетiнен — дүниеге таңғалудан — айырылып қалып, өз руханиятын жүдетедi.

Философиялық деңгейге көтерiлсек, бұл дүниеде мәңгiлiк адам таңғалатын екi-ақ құбылыс бар. Оның бiрi — әлем, барлық, өмiр сүрiп жатқан Дүние болар болса, екiншiсi — өзiндiк сана-сезiмi, iшкi рухани өмiрi бар адам болмақ. Бiрiншiсi — құшаққа да, ой елiгiнiң ауқымына да симайтын шексiз де мәңгiлiк Әлем, Дүние, Ғарыш болатын болса, екiншiсi — ғарыштағы құбылыстармен салыстырғанда атом сияқты, бiрақ, өзiнiң нәзiк жан-дұниесi бар адам. Бiреуi — макрокосм, екiншiсi — микрокосм. Адам — кiшi әлем ретiнде ұлкен әлемге — Ғарышқа тең. Бұкiл ғарыштың барлық сиқыры мен талпынысы адамның табиғатында жиналған.

Мiне, философия, негiзiнен алғанда, осы екi құбылысты бiр-бiрiмен салыстырған кезде, адамның ғарыштағы орны мен рөлi жөнiнде ойланған кезде пайда болады. Ал, ол — саналы пенде — адамға тән нәрсе.

Сондықтан, көркемдеп айтсақ, осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмiр сұрген белгiсiз тұрiк бабамыз алдындағы жатқан дүниеге таңғалып, сол жөнiнде алғашқы рет ойланып, ондағы адамның орны қандай екен деген сұрақты өз алдына қойған кезде — сол сәтте отандық философия бұлағының көзi ашылды десек те болады. Өйткенi, әрбiр халық өз тiлiнiң негiзiнде өзiне тән дүниесезiм мен дүниетанымын қалыптастырады. Олай болса, жер бетiнде өз тiлiнiң негiзiнде қанша халық өмiр сүрiп жатса, соншалықты дүниесезiм, дүниетаным, философия болады.

Әрине, жер бетiндегi адамзатты қоршаған орта бiр, табиғаттың барлық заңдылықтары да бiр, оларды зерттейтiн ғылымдағы жетiстiктер де барлық халықтарға ортақ. Айталық, немiс физикасы, американ биологиясы, орыс химиясы  т.с.с. жоқ. Ал, философияға келер болсақ, мұндағы жағдай басқаша. Өйткенi, ол толығынан ғылым емес, ол — метафизика, оның қойған сұрақтарын бiрде-бiр жаратылыстану ғылымдары шешеалмайды, өйткенi, ол сұрақтар “физиканың әржағында² жатыр. Сондықтан, әр халық оларға өзiнше жауап бередi. Сол себептi бiз “немiс², “орыс², “қазақ философиясы² т.с.с. деп  аузымызды толтырып айта аламыз.

Екiншi үлкен мәселе — қазақ философиясының дүниежүзiлiк философиядағы алатын орны қандай, жалпы алғанда, оның сол өз орны бар ма? Бiздiң философиялық ой-өрiстiң шеңберiнде қалыптасқан қандай рухани құндылықтарды бiз мақтан етiп басқа халықтарға ұсына аламыз? Ал, бұл сұрақтар бiздi отандық философияның  differenciaspecifica, яғни өзiнетәнерекшелiктерiн iздеп табуға ұмтылдырады.

Қазақ халқының дүниесезiмi мен дүниетанымының ерекшелiктерi, әрине, ол өмiр сұрген табиғаттың, соған бейiмделiп қалыптасқан шаруашылық формаларының, өмiр салтының жұйелерiмен тығыз байланысты болса керек. Оған уақытында Ш.Уалиханов та көңiл аударған болатын. Расында да, қазақ елi Бразилия, я болмаса Франция емес.

Жоғарыда айтылған тұрғыдан бұл мәселеге көз жiберсек, онда бiздiң ата бабаларымыз таңдап алып өз Отанына айналдырған жерлер мал өсiруге лайықты, табиғаты қатал, суға тапшы, сонымен қатар өрiсi кең, малдың соңында көшiп-қонуға мол мұмкiншiлiгi бар кеңiстiкте орналасқан болатын. Ал табиғаты жұмсақ, суы мол жерлерде (мысалы, Сыр-Дария, Шу өзендерiнiң т.с.с. бойларында) халық жерге тұрақтанып, егiн егiп, қол өнерiн дамытып, қалалар тұрғызды. Оған мысал ретiнде «Жiбек жолы» бойында орналасқан Орта ғасырдағы қалаларды айтуға болады (Отырар, Жүйнек, Мерке, Құлан, Талғар, Алматы т.с.с.)

Негiзiнен алғанда, Жаңа дәуiрге — машиналық индустрия пайда болғанға дейiн — қазақ жерiндегi ең тиiмдi шаруашылық формасы көшпендi мал шаруашылығы болды. Сондықтан, бiздiң арғы бабаларымыз мыңдаған жылдардың шеңберiнде осы iспен айналысты. Ол, бiрiншiден, табиғатқабасиюдi, оған табынуды талап еттi — қазақ халқы басқа да Шығыс халықтары сияқты ешқашанда табиғаттың патшасы болу, оны өз еркiне сай етiп қайта өзгерту мақсатын өз алдына қойған жоқ. Сондықтан, ежелден қазақ халқының қазiргi тiлмен айтқанда экологиялықсанасы биiк деңгейде болған;

Екiншiден, бiздiң бабаларымыз тұрақты бiр жерге байланбағандықтан ерiктi болып басбостандығын қатты сыйлаған. Қазақ жерiнде ешқашанда құлдық болмаған;

Үшiншiден, негiзiнен алғанда, көшпендiлiк теңдiктi талап етедi, оған тән саяси формалар — соғыс демократиясы, әрi кеткенде — алғашқы феодалдық қатынастар, дамыған феодализм қазақ жерiнде ешқашанда болған жоқ, ол көшпендiлiк шаруашылық формасының табиғатынан шығады;

Төртiншiден, көшпендi халықтың арасындағы әлеуметтiк айырмашылықтар аз болғандықтан теңдiкке негiзделген әдiлеттiлiк құндылығы. Сондықтан да бүгiнгi таңда жұрiп жатқан қайта әлеуметтiк топталу — рестратификация —  (аса байлар мен қатар кедей, қайыршылардың пайда болуы) адамдардың жан-дүниесiнде ауыр жарақаттар қалдыруда;

Бесiншiден, байлыққа жетуден гөрi арнамыстыжоғарыұстау — бұл да халықтың қанына терең сiңген құндылық болып табылады. Онымен тығыз байланысты бар нәрсеге қанағат ету де қазаққа тән нәрсе;

Алтыншыдан, ұжымдықмүдденi жеке мүддеден гөрi жоғары ұстау — ол да көшпендiлiк өмiр салтынан шығатын құндылық;

Жетiншiден, өне бойы көшiп-қону барысында әрқашанда неше-түрлi қиындықтарды, қауып-қатерлердi бастан кешуге тура келедi — ол ерлiктi, батырлықтықасиететудi талап еттi. Сондықтан, беске келгенде жылқының жалында ойнап, 14-15-ке келгенде батырлықты армандап, бiздiң бабаларымыздың көбi 20-25-iнде елiн аман сақтау жолында өмiрлерiн қия бiлген. Ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары осы ұлттық қасиеттi бұкiл әлемге айқын көрсеттi. Қазақ халқының дербестiгiн көтере алмай жүрген кейбiр арам пиғылды саясатқорлар оны бiлуi қажет;

Сегiзiншiден, көшпендiнiң өмiрi қысқа, өне бойы қауып-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейiн ол күнбе-күнгi өмiрдi бағалап өмiрден алудангөрiболуды жаратқан. Әрбiр күндi той-думанға айналдыру, өзiн шешен сөзбен, даналықпен көрсете бiлу, неше-тұрлi сайыстарға қатысу, “бiрсырлы, сегiзқырлыболу» — бабаларымызға тән нәрселер болған;

Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген ашықтық, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру — бұл да бiздiң халықтың керемет қасиеттерiнiң бiрi;

Оныншыдан, көшпендiлердiң негiзгi құндылықтарының бiрi — ата-ананы, үлкендердi сыйлауы;

Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберiнде бойына жыйнаған көп қадыр-қасиеттерiнiң iшiнен бiз негiзгiлерiн ғана көрсеттiк. Ендi келесi мәселеге — қазақ философиясының ерекшелiктерiне тоқталуға мұмкiншiлiк пайда болды.

Бiрiншiден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрi адаммәселесiне көбiрек көңiл бөлiнедi;

Екiншiден, адам мәселесi, қазiргi тiлмен айтқанда, көбiне экзистенциалдық тұрғыдан қаралады және ол көшпендiлiк өмiр салтын еске түсiрсек, түсiнiктi де болар;

Үшiншiден, Отандық философияда абстрактылы- теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетiн құбылыс — философиялық iзденiс адамның нақтылы өмiрдегi жұрiс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбiрек көңiл бөлiнедi;

Төртiншiден, адам болмысының этикалықжақтарына, жақсылық пен жамандық, iзгiлiк пен зұлымдық, ар-намыс, абырой, т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады;

Бесiншiден, қоғам өмiрiнiң негiзгi мәселесi ретiнде әрқашанда әлеуметтiкәдiлеттiлiкке көбiрек назар аударылады;

Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялықфилософия десек те болғаны, өйткенi, онда құндылық әлемiне зор көңiл бөлiнедi. Ендi мәселенi нақтылай тұсiп, Отандық философияның негiзгi сатыларына қысқаша көз жiберейiк.

    Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсiнiктер

Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзiн көне аңыздар мен дастандар, ертегiлерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үндi мен гректердi жатқызса, қазақ елi де олардан кем түспейтiн болар, өйткенi өне бойы көшiп-қонып жүрген халықтың бiр ғана байлығы болды — ол оның тiлi, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбi жаңа ғана жарық көрiп, философиялық тұрғыдан талдануда.

Көне түрiктердiң түсiнiгi бойынша, бұл Дүниежоқтанпайдаболған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дұние негiзiнен жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше-түрлi қайшылыққа толы : жер мен күн, өмiр мен өлiм, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с.

Аспанға көз жiберген ежелгi түрiк бабаларымыз оны Тәңiр, Жаратқан әлемiне жатқызған. Адамдар мен басқа тiршiлiк өмiр сүрiп жатқан дүние — ол ЖерменСу әлемi, ал өлгендердiң паналайтын орны — ол Жерасты әлемi. Бiлге қаған мен Күлтегiннiң  құрметiне тасқа ойылып жазылған ескерткiште Дние былайша суреттеледi: “Биiкте көк Тәңiрi, төменде қара жер жаралғанда, екеуiнiң арасынан адам баласы жаратылған…»

Тәңiрге, Жер-Суға табынудың пайда болуы адамда әуелде қалыптасқан жағалай ортаға деген бiр жағынан тәуелдiлiк, табиғаттың стихиялық күштерiнен үрейлену, екiншi жағынан ризашылық сезiмдермен байланысты болса керек. Өйткенi, олардың түсiнiгiнше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде оларға балық пен жануарларды, жабайы өсiмдiктердiң жемiстерiн сыйлаған.

Сонымен қатар, көне түрiктердiң нанымында ерекше орынға ие болған әйелқұдайҰмай болды . Ол үйдiң, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушiсi, содан кейiн өнердiң қолдаушысы болған. Ұмайға монғолдардың Этуген құдайы сәйкес келедi. Кейбiр ғалымдар Ұмайды ежелгi үндi құдайы Ұмамен салыстырады, ол да Ұмай сияқты мiндеттердi атқарған. Ұмай деген сөздiң өзi “бала орны», “ана iшi» сияқты ұғымдарға сай келедi. Тұқым тарату құдайы болып табылатын ұмай балалардың туылуында, олардың тағдырында аса маңызды рөл атқарады. Тувадағы Ұйық өзенiнiң бойынан табылған түрiк ескерткiшiнде былай деп жазылған: “20 жасымда мен елiммен, туыстарыммен, қаруыммен, ерлiк даңқыммен қоштастым. О, Ұмай ана! О, менiң сүрген өмiрiм! Мен сендердi тастап кетiп барамын, туыстарым.» Жас жiгiт майдан даласында өлiп бара жатып, өзiнiң соңғы осы өмiрдегi сәтiнде Ұмай анаға, шаңырақ қорғаушысына өзi өсiре алмаған кiшкене балалар алдындағы кiнәсiн, туысқандарының артқан үмiтiн ақтай алмағанын айтады. Мұның өзi туыстық байланыстардың, отбасының, ру мен тайпаның қадiр-қасиетiнiң зор маңыздылығын көрсетедi.

Аңшылар мен малшылар әлемiн әр қилы аңдар, жан-жануар, хайуанаттар жайлап, әр-тұрлi заттар мен өсiмдiктерге, жануарлар құдiретiне Тәңiрдей сыйыну елеулi орын алған. Түрiктер өзiнiң тотемi ретiнде әсiресе қасқырды ең жоғары орынға қойған. Бугуттағы жазу түрiктердiң шығу тегi жайлы аңыздан бастап, түрiк мемлекетiнiң 30 жылын сипаттауға мүмкiншiлiк бередi: үстiнде тұрған басты бөлiгi — қаған белгiсi — қасқырдың бейнесi арқылы берiлген. Бұл аңның тотемдiк сипаты өз көрiнiсiн тұрiк қағандарының патшалық рәмiздерiнен тапты — олардың туларында қасқырдың алтындаған басы бейнеленген. Ал олардың жеке қорғаушыларын “бөрiлер» деп атаған.

Бұл жануардың көне түрiктердiң негiзгi тотемiне айналу себебi — сол көшпендiлiк өмiр салтына байланысты болса керек, өйткенi, қасқыр жыртқыш аң ретiнде малшылардың баққан табынынан онша алыстамаған, үйiрдегi әлсiреген, ауру жануарларды қырып отырған, ал малшылардан аса сақтықты, қырағылықты талап еткен. Кiм бiледi,  бiздiң арғы бабаларымыздың “сақ» деген өз атының өзi осындай себептермен байланысты болуы мүмкiн. Өзiнiң күнбе-күнгi өмiрiнде жиi кездесетiн аң болғаннан кейiн малшылар оның мiнез-құлқын терең зерттеп оның батылдығы мен қатар сақтығына, шыдамдылығына, айла-амалына, үйiрлiк өмiрiне т.с.с. қасиеттерiне қарап қайран қалып, соларды өз бойынан табуға тырысқан. Өзiнiң “қасқыр мiнездiлiгiнiң» арқасында қазақ халқы трагедияларға толы тарихында “мың өлiп, мың тiрiлсе» де көп көшпендiлер сияқты жойылып кетпей, мiне, бүгiнгi таңда өзiнiң дербестiгiне қолы жетiп, жаңа өмiрге ұмтылу үстiнде. Бүгiнгi таңдағы бiздiң қасқыр бейнесiн ысырып тастап “Орта Азиялық барысқа» елiктеуiмiз жоғарыда айтылған тұрғыдан  қарағанда бiздiң жаңа өмiрге деген ұмтылысымыздың символы болса керек. Бiрақ барыс басы бiрiкпейтiн, қысқа қашықтыққа секiргенмен, алысқа шаба алмайтын жануар екенiн ұмытпағанымыз да жөн болар.

Ежелгi түрiктер жер не су, тау не орман болсын, табиғаттың әрбiр бөлшегiнде киелi күштер бар деп есептедi. Қазақтардың бұгiнгi күнге дейiн ағашқа, басқа да нәрсеге жыртыс байлауы, “киелi қасиеттi жер» деп санауы ислам дiнiнiң ғұрпына жатпайды, бұл сонау көне заманнан берi келе жатқан архаизмдер.

Ежелгi түрiктер үшiн қайырымды рухтар — атабабарухтары (аруақтар) болды. Оларға сыйынып, ақ мүйiздi, аша тұяқ сиырды, ақсарыбас қошқарды, ақ қойды және табынындағы алғашқы төл басын құрбандыққа шалды. Егер адам өлсе, оның аруағына арнап арнайы қырық күн от жағылды. Өлiктi жерлегенде онымен бiрге үй заттарын, тағамды бiрге жерледi т.с.с.

Қазақ халқының ұғымында аруаққа сену өте жоғары, қысылған кездерiнде әр уақыт аруақты шақырып, құрбандық шалып, сәтi түскен iс болса аруақтың көмегi деп бiлдi. Өлген ата-бабаларын түсiнде көрсе “аруақ қолдайды» деп жориды. Аруақтың басына барып түнейдi, оларға арнап мал шашып тiлек тiлейдi. Мысалы, “Шора батыр» поэмасында шешесi Шораның әкесiне: “түйеден — нар, жылқыдан — айғыр, сиырдан — бұқа, қойдан-қошқар алып бала тiлеуге барайық»,- дейдi. Қобланды және Алпамыс жырларында да олардың ата-аналары бала тiлеп “әулие қоймай қыдырып, етегiн шеңгел сыдырып» жүрген кезде Баба-түктi Шашты-Әзиз олардың тiлегiн орындайды.

Көне бабалар “киелi» және оған қарсы “кесiр» деген ұғымдарға өте жоғары маңыз берген. өздерiнiң жартылай көшпелi тұрмысындағы пайда келтiретiн әр-түрлi заттарға ерекше күш таңады.

 Адамдар әдет-ғұрыптарды сақтап отырса, олардың басына байлық, бақыт орнап “құт» қонады. Ал, әдет-ғұрыптар сақталмаса, онда кедейлiкке ұшырап, қырсыққа шалдығады, яғни кесiрге айналады. Сонымен бiрге, “Қызыр» немесе “Қыдыр» деген қасиет үлкен орын алады. “Қыдыр дариды, бақ қонады, ақыл барлығына басшылық етедi»,- деген нақыл сөздердi осы уақытқа шейiн естуге болады. Ендi көне бабаларымыздың алғашқы философиялық тебiренiстерiне тоқталуға уақыт келген сияқты.

Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлiгi ретiнде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмiр сүрiп, көне грек ой-өрiсiнде өзiнiң өшпес iзiн қалдырған Анахарсистi (Анарыс) айтуға болады. Тарих атасы Геродот Анарысты қара теңiздiң солтүстiк жағалауын жайлаған тайпалардан шыққаны жөнiнде айтады. Оның айтуына қарағанда, ол өнер-бiлiмге құмар, өз Отанының әдет-ғұрпын жетiк бiлген, дұниенiң сырын бiлмекке ұмтылған атақты адам болса керек. Бiздiң жыл санауымыздың бiрiншi ғасырында өмiр сүрiп, ел басқарған атақты Майқы-би бабамыз Анарыстың өсиеттерi деп ел билеудiң жолдарын айтып отырады екен деген аңыз халық жадында сақталған.

Диоген Лаэртий деген көне грек заманындағы атақты философия тарихшысы  Анахарсистiң Афинадағы Солон патшаға алғашқы келiп танысып дос болғаны жөнiнде мынандай аңызды келтiредi. “Қиырдағы скиф қаласынан iлiм iздеп, ақыл-зердемдi сынатып қайту үшiн Солонға келiп тұрмын. Көңiлi қаласа — достыққа жараймын, пейiлi түссе — қонағы боламын,- деп Солонның қызметшiсiнен сәлем айтады. Сонда Солон: “Есi бар ер досты өз елiнен iздейдi»,- дептi. Анахарсис мүдiрместен: “Солон дәл қазiр өз Отанында. Ендеше, өз елiнiң төрiнде отырып  нелiктен досына дос қоспасқа ,- деп жауап қайтарыпты. ұтымды айтылған сөздiң ойлы астарына риза болған Солон Анахарсистi құшақ жая қарсы алып, олар бiр-бiрiне дос болып кетiптi.

Грек философиясында Анахарсистi өздерiнiң данажетiбабаларыныңбiреуi деп санайды. Олар  артында үлкен кiтаптар қалдырмағанмен, өздерiнiң нақыл сөздерi арқылы даналыққа ие болды. Анахарсис “жұзiм шыбығы бiр шоқ ләззәт, содан кейiн мастық, соңында жеркенiштiк әкеледiұ,- деген екен. Бұл ғажап нақыл сөздiң iшкi сыры — әр нәрсенiң өлшемiн бiлiп сақтауда болса керек. Оған арнап гректердiң қойған ескерткiшiнде мынандай оның сөзi жазылған: “Тiлiң мен құлқыныңды, нәпсiңдi ауыздықтай бiл!ұ Бiрде Анахарсис “Адамның бойындағы ең жақсы және ең жаман нәрсе не ,- деген сұраққа — “Тiлұ,- деп жауап берiптi. Кезектi бiр пiкiрталас ұстiнде, iстiң барысын тыңдап отырып Анахарсис былай дептi: “Элладалықтар қызық осы: мұнда сөздi ақылдылар айтады да, мәселенi ақымақтар шешедiұ(мұның бұгiнгi бiзге де қатысы жоқ па екен?). “Элладада жарысқа өнерпаздар қатысады да, өнерсiз адамдар қазылар алқасында жұредiұ,- деген сөздi де Анахарсис айтқан екен. Оның ойынша, “адам мен адамның айырмашылығы — тiлi мен атақ-даңқында емес, — ақылында». «Қызғаныш пен қорқақтық — ең қасиетсiз сезiмдер». Грек елiнiң бiр азаматы, “сен жат елдiң тұқымысың»,- деп кемсiткенде, ол “Мен үшiн — елiм  қайғы, ал сен — елiңе қайғысың»,- деген екен.

Анахарсис сол кезден бастап қалыптаса бастаған батыс менталитетiн, нарықтық қатынастарды сынға алады: “Саудагерлер халықты ашықтан-ашық алдап жатқанда қалайша өтiрiкке тиым салуға болады.

Әсiресе бiздi таңғалдыратын мәселе — Анахарсис ХХ ғ пайда болған экзистенциализм  философиясында қойылған кейбiр мәселелердi сол кезде-ақ сезiнiп, тебiренген. “Кiмдер көп: өлiлер ме, әлде — тiрiлер ме ,- деген сұраққа, ол:  “Теңiзде жүзiп келе жатқандарды кiмге жатқызуға болады?,- деген қарсы сұрақты қойыпты. Ол сұрақтың шын мәнi — адам өмiрiнiң нәзiктiгi, оның өне бойы өмiр мен өлiм арасында болуы,- ал мұның өзi экзистенциалдық философияның негiзгi мәселесiне жатады. Бiреулерден кеменiң тақтайының қалыңдығы төрт саусақтай екенiн бiлген Анахарсис: “кемешiлер өлiмнен төрт саусақтай қашықтықта жұзiп келе жатыр»,- деген екен. Мұндай ғажап ойлар мен адам кұтпейтiн салыстырмалар, әрине, Анахарсистiң өз заманының ғұламасы болғанын көрсетедi.

Анахарсис грек елiнен тәлiм-тәрбие алып өз елiне қайта оралып, сондағы игерген бiлiмiн өз елiне қолдануға тырысады. Бiрақ, оның реформаторлық идеялары қалың бұқараның қолдауын таппай, ақырында оны көре алмаған бiреудiң қанды жебесiнен қазаға ұшырайды. Соңғы демi үзiлерде ол: “Эллада жерiнде менi ақылым қорғап едi, өз елiмде қызғаныштың құрбаны болдымұ,- деген екен.

Философиялық ой-пiкiр бүкiл дүниежүзiлiк деңгейде б.з.д. VII-V ғғ пайда бола бастаған кезде, бiздiң бабаларымыз да аса кемеңгер дана тұлғаны — Анарысты тудырды. Олай болса, бiз сол заманнан берi бүкiл дүниежүзiлiк рухани көштен қалмай тарихи халықтардың арасында өз орнымызды алдық. Оны бiз әрқашанда мақтан етуiмiз керек.

Орта ғасырдағы Отандық философия

Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бiздiң бабалар көшпендiлiк мал шаруашылығымен қатар “Жiбек жолы» мен Сыр-Дарьяның т.б. өзен-сулардың бойында қалалар орнатып, егiн егiп, қол өнердi дамытып, сауда-саттықпен айналысқан. Сонымен қатар, әрине, мәдениет пен философия да биiк деңгейге көтерiлген.

Орта ғасырдағы Отандық философияның айқын жұлдызы — ол Аристотельден кейiнгi “Екiншiұстаз» аталған дана бабамыз әлФараби. Бiз оның шығармашылық жолын “Араб философиясына» арналған тарауда талдаған болатынбыз, өйткенi ол түрiктер мен қатар арабтардың да рухани атасы болып табылады. Сонымен қатар, Орта ғасырларда басқа да көрнектi тұлғалар өмiр сұрiп өздерiнiң тамаша ойларын халыққа сыйлаған.

Орта ғасырлардағы Отандық философияның бастауын ғалымдар УIII ғ өмiр сүрген Қорқытатаның шығармашылық жолына апарып тiрейдi және ол заңды да. Тарихи деректер мен халық шежiресi бойынша, Қорқыт — УIII ғ Сыр бойында өмiр сүрген батыр, атақты ақын, асқан кұйшi, қобызшы, аңыз кейiпкерi. “Қорқытатакiтабы»- түркi тектес халықтардың ежелгi тарихын, өмiр салтын, әдет-ғұрпын, ақындық дәстүрiн танытатын эпикалық-тарихи мұра. Оның iшiнде 12 тұрлi дастан бар және оның әрқайсысы өзiнше аяқталған шығарма. Бұл шығармалардың тұп-тамыры, шамасы, сонау көне замандарда пайда болған мифологияға кетедi, сондықтан, олардың құндылығы да, мiне, осында. Мысалы, Дерсе хан жөнiндегi аңызда әйелiнiң кеңесi бойынша, хан қарапайым халыққа садақа ұлестiрiп, ата-бабасының аруағына сиынып, тәңiрден бала тiлеп алады. Ол бала дәу бұқаны жұдырықпен ұрып-жыққаны ұшiн Бұқаш аталып кетедi. Мұндай желiс қазақ дастандарында көп кездеседi. Батырлар “әулиеге ат атап, қорасанға қой атап»ата-бабалар қабiрiне түнеп, көп тiлектерден кейiн барып туылады. Осылайша өмiрге келген балалар өсе келе ел-жұртының қорғаны, қамқоршысы болып шығады. (Ертөстiк, Алпамыс, қобыланды т.с.с.)

“Қорқыт ата кiтабындағы» Төбекөз (қазақ, қырғызда “Жалғыз көздi дәу» ертегiсiнде кездеседi) өзiнiң iс-әрекетi, ой-мақсаты, қатыгездiгi жағынан “Одиссей» жырының үрейлi кейiпкерiн еске түсiртедi.

Кiтаптың бесiншi тарауындағы “Тоқа баласы Ержүрек Домрул туралы жырда» ажалмен күресу, өлместiк мәселесi талданады.

Жалпы алғанда, “Қорқыт ата кiтабындағы» көтерiлген әлеуметтiк мәселелерге келер болсақ — олар: халықтың бiрлiгiн сақтау, әлеуметтiк әдiлеттiлiктi жақтау, жер мен суды ақылмен пайдалану, қылмыскерлермен заңды жолмен күресу, әдет-ғұрыпты сақтау, елдi жаулардан қорғау т.с.с. Халықтың жадында қалған аңыздар бойынша, Қорқыт ата өмiрiнiң соңғы кезiнде қобызын тартып, неше-түрлi әуендер шығарған. Табиғаттың тылсым күштерiн, адам жанының көңiл-күйлерiн, сезiмiн ұлы бабамыз қобыз сарынымен жеткiзе бiлген. Ол өлгенде оның артында  шығарған күйлерi қалады. “Қорқыт күйлерi» осы уақытқа дейiн ойналады.

Қорқыт атаның артында қалған нақыл сөздерi өзiнiң  даналығымен тарихта сақталып, осы уақытқа дейiн бiздi таңғалдырады. “Ер жiгiтке қара таудай мал бiтсе, жияр, көбейтер, талап етер, бiрақ несiбесiнен артығын жемес». Қазiргi экономикалық реформалардың барысында әрбiр iскер адам, жалпы алғанда, әрбiр азамат осы нақыл сөздердi терең сезiнуi қажет, ол қазiргi бизнес этикасының негiзгi қағидаларының бiрi болса екен деймiз. Сонда ғана iскерлер “мерседес» мiнудiң орнына жиналған қаражаттарына жаңа жұмыс орындарын ашып, өзiн қарапайым ұстап, шынайы халықтың алғысына кенелiп, қоғамдағы абыройлы әлеуметтiк топқа айналады. “Тәкаппарлықты тәңiр сүймес», “Көңiлi пасық ерде дәулет болмас» деген нақыл сөздер де жоғарыдағы айтылған ойларға жақын екенiн оқырман сезiнген болар.

 “Ескi темiр бiз болмас, ескi мақта бөз болмас», “Қар қаншама қалың жауғанмен — жазға бармас, гүлденiп өскен бәйшешек — күзге бармас»,- деген нақыл сөздердiң де терең сыры бар. өйткенi, дүниедегi барлық құбылыстар мен заттар уақыттың шеңберiнде өмiр сұредi, олай болса, әр нәрсе өз уақытында ғана құнды, оның өз өлшемi бар.

“Ат қиналмай жол шалмас», “Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ»,- деген нақыл сөздер де өмiрлiк тәжiрибеден алынған. Дүниеде бақытқа жету үшiн қиындықтар мен қайшылықтардан өтiп тек ақылмен жасалған ұлағатты iстер атқару қажет деген ойға әкеледi.

“Кiмнiң батыр, кiмнiң бақыл екенiн жырау бiлер»,- деген нақыл сөз тек көпшiлiктiң мүддесi үшiн iстелген iстер ғана құнды, қоғамның алға басуының тетiгi, негiзi деп қарағаны болып шығады.

Сонымен, Қорқыт атаның қалдырған терең философиялық ойлары (ел қорғау, ар-намыс, бiрлiк үшiн күресу, iзгi ниетте болу, ұлағатты iс-әрекеттерiңмен халықтың рухында қалып өлместiк дәрежесiне көтерiлу т.с.с.) ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып қала беретiне бiз кәмiл сенемiз.

Орта ғасырлардағы Отандық философияда ерекше орын алатын, бүкiл Дүниежүзiлiк ағарған қауымға мәлiм тұлға  Ж8сiп Хас Хаджиб Баласағұн (1017-1083 ж.ж.).  Баласағұн қаласында дүниеге келген, ол сол кездегi Қараханид мемлекетiнiң сауда, қолөнер, мәдениетi дамыған басты қалаларының бiрi болған.

Негiзгi еңбегi “Құтадғу бiлiг» (Құтты бiлiк) — алғашқытүркi тiлiнде жазылған мәдени-эстетикалық, философиялық дастан. Онда қазiргi түркi тiлдес халықтардың Орта ғасырлардағы тарихы, қоғамдық саяси өмiрi, ғылым мен әдебиетi, әдет-ғұрпы, жалпы алғанда мәдениетi жөнiнде қыруар мол деректер бар туынды.

Ж. Баласағұнның ойынша, Дүние жер, су, от, ауадан тұрады. Адам басқа тiршiлiктерге қарағанда ерекше жаратылған пәнде. Оның жан-дүниесiнен өнер, бiлiм, ақыл-ой, көңiл, ұятты табуға болады. Соңынан ұлы Абай да осы рухани құндылықтарға үлкен мән берген болатын. әсiресе, таным, бiлiм мәселерiн ойшыл жоғары орынға қояды: “Бiлiм биiк, ақыл ұлық,

« Бiлiмсiздiк — ауру…»,- деп қорытады ұлы ойшыл.

 Дастанның арқауы ретiнде 4 қағиданы көрсетуге болады.  

Бiрiншiсi — әдiлеттiлiк, өйткенi, мемлекеттi дұрыс басқару ұшiн қара қылды қақ жаратын әдiл заңдар болуы қажет. Баласағұнның айтуынша : “Кiсiге үш дүние пайдалы

 Iзгi iс немесе мiнезi түзулiк.

 Екiншiсi — ұят, үшiншiсi — әдiлдiк.

 Бұл ұшеуi арқылы адам шын бақыт табады.

Iсi iзгi болса, бұкiл халық сұйедi.

Iсi әдiл болса, төрге шығады.

Екiншiсi — бақ-дәулет. “Барлық iзгi нәрсеге байқап көр»,- дейдi ұлы бабамыз.

Үшiншiсi — ақыл-парасат. “Бiлiк бердi — адам бүгiн жетiлдi.

                                      Ақыл бердi — талай түйiн шешiлдi.

Төртiншiсi — қанағат-ынсап :

“Дүние сүйiктi болғаны үшiн бүкiл айыбы

  Саған игiлiк болып көрiнедi, ей, елден асқан қымбаттым!

  Кiмде-кiм дүниеге көңiл байласа,

  Тiршiлiгi оған ауыр тауқымет әкеледi».

Ойшыл осы төрт құндылық — әдiлет, дәулет, қанағат, ақыл — бiр — бiрiмен ұндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетедi деп қорытады.

“Құтты бiлiктегi» “бiлiк» сөзiнiң екi мағынасы бар. Оның бiрi “бiлiм» болатын болса, екiншiсi “билiк ету», “елдi басқару». Соңғы мағынада ойшыл: “Бек халықты тек бiлiкпен сендiрер.

                    Барлығын да ақылына жеңдiрер.

                    Дана келсе елдi ұзақ билегiң

                    Заңды ұстап, бұрсын елге бүйрегiң»,- дейдi.

Өзiнiң дұниеге деген көзқарасында Ж.Баласағұн рухты бiрiншi орынға қояды. Адам-ақыл-парасаты бар ерекше пәнде, ақыл адаммен қоса жаратылады. Сондықтан, дұниеде адам зерттеп бiлмейтiн нәрсе жоқ. Адамның ақыл-парасаты құдiреттi :

          “Ақыл — шырақ, қара тұндi ашатын,

           Бiлiм — жарық, нұрын саған шашатын.

           Кiсi ұланы қара жерге қол салды,

           Көтердi бәрiн, бiлiмiн ол қолдандыұ»

Өзiнiң шығармасында Ж.Баласағұн имандылық, әдептiлiк, жалпы тәлiм-тәрбие жөнiнде де тамаша өсиеттер қалдырды. Оның ойынша, адамдардың қарым-қатынасында үш жаман нәрсе бар. Олар: жауыздық iстеп, мәмлеге келмей қасарысып тұрып алу, яғни, қазiргi тiлмен айтқанда компромиске, келiсiмге келмеу; екiншiсi, жалған сөзбен шұғылдану. Тiл, бiр жағынан адамды бiлiкке жеткiзсе, екiншi жағынан, адамды өмiрден әкетуi мұмкiн; үшiншiсi — сараңдық : “Дүние жинайды, жемейдi, артында қалады»,- деп қорытады ойшыл. Жалпы алғанда, ойшыл аскеттiк өмiр салтын жақтайды. Оны бiз мына сөздерден байқауымызға болады:

“Баянсыз Дүние қылығын ұқтырады.

  Мiнез-құлқы қыз сияқты,

  Сұйiндiредi — бiрақ қолын бермейдi.

  Сүюшiнi сүймейдi, киiк сияқты қашады.

  қашқанға жабысады, аяғын құшады…»

Жоғарыдағы көрсетiлген ұлы бабамыздың ойлары бұгiнгi өзгерiстегi Қазақстан қоғамына өзiнiң өзектiлiгiмен пайдалы. Оны әрбiр азамат бiлуi қажет. 

Орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бiрiне Махмуд Қашқаридi (ХIғ) жатқызуға болады. Негiзгi еңбегi — Диуани лұғат ат-түрiк (Түркi сөздерiнiң жинағы). Бұл қазiргi түркi халықтарының бәрiне ортақ мұра. Бұл еңбектен бiз сол кездегi түркi тайпаларының тiлдерi мен жалпы мәдениетiнiң деңгейiн ғана емес, сонымен қатар, олардың қоғамдық-экономикалық, әлеуметтiк жағдайын, көне тарихы мен әдет-ғұрыптары жөнiнде сан-алуан мәлiметтер аламыз. “Диуанида» 200-ден астам өлең, 300-ге тарта мақалдар, толып жатқан қанатты сөздер, 29 тайпаның аты аталады, ондағы көптеген жырлар өте ертеде  өмiрге келгенiн аңғару қиын емес. Тiл ғалымдарының айтуына қарағанда, “Диуанидағы» 875 сөз бен 60-қа жуық мақал-мәтелдер қазақ тiлiнде қазiргi өмiрде сол қалпында қолданылады екен. Кейбiреулерiн келтiрейiк:

“Жанжал шықса, ағайын ақылдасар,

  Жау келсе, ел тебiренер».

“Бақыт белгiсi — бiлiм мен ақыл», “әдептiң басы – тiл».

“Күздiң келетiнi — жаздан ақ белгiлi», “ұлық болсаң — кiшiк бол», “Батыр майданда, ғалым — әңгiмеде сыналар», “Кеңестi iс- келiсе бередi, кеңессiз iс кер кетедi» т.с.с.

М.қашқари түркi халықтарын бiрлiкке, өз халқын сүйуге, халықтың бостандығы үшiн жан аямауға шақырады, батырларды мадақтайды.   “Каһарланып атылдым,

                Арыстандай ақырдым.

                Батырын жерге батырдым,

                Ендi менi кiм ұстар.

                Есiнен дұшпан ауысты.

                Басар жолын тауысты.

                Ажалменен қауышты,

                Сөзге аузы келместен».

Қорыта келе, М.Қашқаридiң шығармалары көне түрiк тайпаларының дүниесезiмi мен дүниетанымымен таныстыратын бiрде-бiр құнды құжат екенiн айтып кетудi жөн көрдiк.

ХII — ғасырда өмiр сүрген ұлы ойшылдардың қатарына А. Иугнекидi ( Әдiб-Ахмед Махмуд Жүйнеки ) жатқызуға болады. Ол жөнiнде “…ақындардың ақыны, даналардың көш басы, гауһардан сөз теретiн, одан ешкiм озбады»,- деген өлең сөздер қалған. Негiзгi еңбегi “Ақиқат сыйы». Бұл дастанда көтерiлген негiзгi мәселе — ол адам өмiрiнiң мәнi. Осы орайда ойшыл моральдық мәселелерге көп көңiл бөледi. Адам — саналы түрде iс-әрекет жасай алатын пәнде, ал оның санасын, рухын дамытатын — бiлiм. Ойшыл ол жөнiнде:

“Бiлiмдар “iстi бiлiп, бекiн!»,- дейдi,

  Ақылмен iс iстеген өкiнбейдi.

  Бiлмеген талай жұмыс iстеп жүрiп,

  Амал жоқ, түбiнде сол опық жейдi»

А.Жүйнекидiң ойынша, “бiлiмсiздiк — тiрi өлiк». Оны ол мынандай шумақпен қорытады:

“Сүйекте жiлiк болар, ерде — бiлiк,

  Ақыл ғой ердiң көркi, етте — жiлiк.

  Жiлiксiз ет секiлдi бiлiмсiздiк —

Қол созбас сүйексiзге бұл тiршiлiк».

   Ғұлама ақын адамның бақытты болуы — бiлiмге, ал бақытсыздық — қараңғылыққа, надандыққа байланысты деп ұғынды.

“ Кедейдiң кертiп жейтiн малы — бiлiм,

   Бiлiмнiң жоқ-жiтiкке берерi мол».

Ойшылдың көтерген бұл ойлары бұгiнгi таңдағы Қазақстан халқына өзiнiң өзектiгiмен көрiнедi — бүгiнгi жұмыссыз жүрген көп азаматтардың бiлiмi мен мамандығының төмендiгi — соның негiзгi себебiнiң бiрi емес пе? Тек қана Дүниеде жинақталған жаңа технологияларды терең игерiп, оларды шығармашылық деңгейде пайдалану арқылы ғана бiз Дүниежүзiлiк қауымның терезесi тең мүшесiне айналамыз. Ал ол үшiн халықты ағарту, ғылымдағы жетiстiктердi оқу-бiлу қажет. Алайда бiз бұл жолда “технократизм», “сциентизм» шырмауында қалып қойып, өзiмiздiң мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан дұнисезiмiмiзден айырылып қалмаймыз ба,- деген ащы ойерiксiзденкөкiрегiмiзгеұялайды. А. Жұйнекидiң даналығы — ол бiлiмдi қажеттi түрде моральдық санамен бiрге ұштастырып қарайды. Ол бiзге “дәрежең өскен сайын ұстамдырақ бол, тәкәппарлықтан құтыл, кiшiпейiлдiк ұста. Ұлықсынба, абайла, ол — бiр құдай!,- деген тамаша өсиеттердi қалдырды. А. Жүйнекидiң бiршама моральдық қағидалары Библия, я болмаса Құран сияқты дiни құжаттарда берiлген терең ойлармен үндесiп жатады. Мысалы, “қанды қанмен жусаң тазармайды», өйткенi алғашқы қанның iзi кеткенмен жаңа қанның iзi қалады. “Бiреу зәбiр жасаса қарымына рахат көрсет, кешiр, зәбiрлiк жасама»,- дейдi ұлы ойшыл.

“Бал бар жерде ара да бар. Ең алдымен араның зәрiн байқап көр»,- деген бабамыздың сөзiнен бiз Дүниенiң қайшылығын байқаймыз. Ойшылдың пiкiрiнше, “небiр асқан өнерде бiрер мiн болады», сондықтан “бiр айыпқа бола бас кесушi Дүниеде тiрi адамсыз қалады». А.Жүйнеки бiлiмдi соншалықты зор бағалағанмен, сол бiлiмдi тудыратын, насихаттайтын адамдардың еңбегiнiң ақысы қайсыбiр болмасын қоғамда төмен болатындығын қынжыла айтады. Оны бiз мынау ойдан көремiз: “Өнер арқылы дәулеттiң келуi мүмкiн емес. қиындық атаулының ең қиыны осы. Дүние арамдарды көтерiп, адалды шалады»,- деп қынжылады ұлы ойшыл.

Дүниенi танып-бiлудегi сөз құдiретiне ежелгi түрiктер өте үлкен мән берген. Оны бiз А.Жүйнекидiң шығармашылық жолынан да табамыз. Ол әсiресе оның мәнiн адамдардың қарым-қатынасына тигiзетiн әсерiнен байқайды:

“…Есептi сөз — ер сөзiнiң асылы,

Мылжың тiлдi “жау» деп ұғын тартыста»,- дейдi ойшыл.

Ол адамды мағналы сөйлеуге, сыр сақтай бiлуге шақырады:

“Ақылды ма көп сөйлеген күбiне,

Талай бастың тiл жеттi ғой түбiне.

Оқ жарасы жазылады, бiрақ та

Тiл жарасы жазылмайды: түбi не  ,- деп тебiренедi ұлы ойшыл.

Шын сөз — бал секiлдi, жанға жайлы, дертке шипа болып келедi деп, ұлы ойшыл адамды әдiлдiкке, шындыққа, ұстамдыққа шақырады.

Орта ғасырдағы аскеттiк өмiр салтына сәйкес, ойшыл адамдардың қарым-қатынасындағы жомарттық пен сараңдық мәселесiне де тоқтап, оларға талдау жасайды.

“Жомарт ер бiлiм жолын жете бiлер,

Мал берiп, атақ алып өте бiлер.

 Жарылқап кем-кетiктi бiлiмменен,

Жақсы атпен дұниеден кете бiлер»,- деп тебiренедi ұлы ойшыл.

А.Жүйнекидiң ойынша, “сараң — малдың құлы», ол емдегенмен жазылмайтын ауру, оның түбi — менмендiк, өр көкіректiк тәкәппарлық, ол нағыз адамның табиғатына сай келмейтiн, мұлдем жат нәрселер. Қорыта келе, ойшыл адам өмiрге жамандық емес, жақсылық, игiлiктi iстер жасау ұшiн келедi деген тұйiн жасайды:

“…Iспен тәуiр жұрттың көңiлiн анықтап,

Өз бойыңды парықсыздан аулақ сап.

Әуелi iстер жұмыс иiнiн ойлап ал,

“Керек пе, әлде жоқ па екен»,- деп анықтап»,- деген ғибрат сөздердi айтады.

Ұлы тұлғалардың ойларының ерекшелiгi — олар әрқашанда өзiнiң өзектiлiгiмен көрiнедi. Осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда көрсетiлген ұлы бабамыздың ойлары бұгiнгi заманда өрлеу үстiндегi халқымызға ауадай қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *