Ғылым тарихы және философиясы

Ғылым философиясының негізгі идеялары мен принциптері XVII ғасырда қалыптаса бастаған еді, өйткені классикалық ғылымның негізін қүрған тәжірибелік, эксперименттік жаратылыстану сол кезде шыққан еді. Бірақ ол тек XX ғасырдың екінші жартысында ғана дербес философиялық пәнге айналды. Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ғылыми білімнің тез өсуі және жаңа ғылыми жаңалықтардың техникада кең қолданыс табуы өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде ғылыми-техникалық прогрестің кеңінен өріс алуына алып келді. Ал бүл ғылымды дамыту, ғылыми білімнің даму қарқынын жылдамдату және ғылымның өнеркәсіппен, бүкіл халық шаруашылығымен байланысын күшейту істеріне деген қоғамдық мүддені жандандырды. Осыңдай қоғамдық қажеттіліктерге жауап ретінде түрлі ғылым салаларын зерттеуге бағытталған бір қатар жаңа пөндер туды: ғылымтану (науковедение), ғылым экономикасы мен социологиясы, ғылым тарихы және ғыльгми зерттеу психологиясы сондай ғылымдар қатарына жатады. Бүл ғылымдардың ішінде жетекші орын алатын ғылым философиясы болды. Ғылыми қызметтің түрлі жақтарын зерттеуші пәндер жүйесінде ғылым философияның орнын анықтау үшін оны басқа пәндерден айырып түратын айрықша ерекшеліктерін ашып көрсету қажет. Егер гылым тарихы деструкциялық, яғни тек баяндаушы ғылым ретінде түрлі ғылымдардың түрлі тарихи кезеңдерде ашқан жаңалықтарын ретіне қарай баяңдап берумен айналысса, ғылым философиясының басты міндеті ғылыми таным процесін, оньщ зандылықтарьш зерттеу больш табьшады. Одан ғылым социологиясының айырмашылығы сол, ол ғылыми мекемелер мен қауымдастықтарының қүрылысын, ғылыми мекеме мүшелерінің арақатьшасьш, т.б. үйымдасу   жақтарын   зерттейді.   Алайда ғылым философиясынан басқа бір де бір ғылым ғылыми зерттеу процесінің өзін, ғылымның өсуі мен даму зандарын арнайы зерттемейді. Сөйтіп, гылым философиясының негізгі пәні қогам дамуының турлі тарихи кезеңдерінде гылыми білімдерді өндірудің, ақиқаттыгын тексеріп, негіздеудің жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Ғылыми білімді негіздеудің, дамытудың жалпы зандыльгқтарын зерттей отырып, ғылым философиясы қоғам тарихының түрлі кезендерінде объективтік ақиқат білімдерге қол жеткізудің рационалдьгқ (тиімді) әдістері мен нормаларьш табады. Алайда ғылым тарихшыларының мүқият зерттеп жинақтаған зерттеулерін пайдаланбайынша ғылым философиясы ол міндетті өз бетінше орындай алмайды. Сондықтан ол бүл жерде ғылым тарихшыларынын көмегіне сүйене отырып, ғылым дамуының жаңа бағыттарын анықтай алады. Ғылым социологтарының зерттеулері ғылыми білім өндіріудің қазіргі нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасайды. Ал ғылыми-творчестволық еңбекке психологиялық талдау жасаудың нәтижелері ғылыми ақиқат іздеудің логикалық-методикалық және психологияльгқ әдастерінің арасындағы айырмашъгқтарды анықтап, таным процесінің объективтік және субъективтік критерийлерін (олшеуішін) ажырата білуге көмектеседі. Екінші жағынан алғанда, гылым философиясы жеке ғылымдарды зерттеуші нақты пәндер үшін дүниеге козқарастық және методологиялық түрғыдан жалпы бағдар больш табылады. Ғылыми жаңалықтьщ нәтижелерін (ғылыми білімді) оны ашу процесіне (таным процесіне) қарама-қарсы қоюшы неопозитивистер мен сыншыл рационалистердің (К.Поппер т.б.) әрекеті ғылымды зерттеуші ғалымдардың күшін біріктіріп үйлестіруге комектеспеді. Сондьгқтан ғьшым дамуының гипотезалық-дедукциялық әдісіне негізделген олардың бағыты сынға үшырағаннан кейін оны талдаудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздеу басталды. Ғалымдардың копшілігі неопозитивистердің ғылыми білімді негіздеумен ғана шектелуі жаңа ғылыми идеялар мен гипотезалар табудың немесе жасаудың мүмкіндігін жоққа шығара алмайтьгньша баса назар аударды. Мүндай жүмысты ғылым философтары ғылыми творчество саласында психологиялық зерттеу жүргізуші ғалымдармен және сондай-ақ компьютерлік ғылымдардың өкілдерімен бірлесе жүргізуі тиіс. Жаңа ғылыми идеялар іздеп табу процесіне сын көзбен талдау жасау, жаңа зерттеу проблемалары міндеттерін үсыну ғылыми зерттеудің нақты барысын дүрыс түсінуге мүмкіндіктер тудырады. Сол себепті де неопозитивизмді сынаушылар ең алдымен оның ғылым философиясына қарсы шықты, өйткені ол философия өзінің міндетін тек ғылымды негіздеу ісімен ғана байланыстырды. Ғылым философиясы  ғылым тарихымен өзара қарым-қатынасқа түскенде жеке тарихи фактілерді баяндаумен ғана шектелмеуі тиіс. Ол ғылымның даму тарихының заңдылықтары мен мөнді байланыстарын ашып беруі тиіс, ғылымның рухани мәдениетпен және практикалық қызметпен жан-жақты байланысын көрсететін зертгеу болашағына бағыт сілтеп, көмектесуі қажет. Сонымен бірге ғылым философиясьшың ойдағьщай дамуы үшін ғылым тарихындағы бай нақты факті материалдарына арқа сүйеп отыруы қажет. Мүндай өзара творчестволық байланыссыз ғылым философиясы қүры бос сөзге айналар еді, ал ақиқат ғылыми дүниеге көзқарассыз ғылым тарихы айқын бағдарсыз, адаскан бірдеңе болар еді. Ғылым автономиясын, яғни осы күнгі философиядан мүлдем тәуелсіз ғылым концепциясьш үсынушы позитивизмге қарсы қазіргі кезде ғылымды адамның басқа іс-әрекеттерімен тығыз байланысты қүндылықтарды зертгеу проблемасы барған сайын алға тартылуда. Ғылым практикалық іс-әрекетте қажетті нәтижелерге жетуге көмектесетін техникалық қүралдар, таным әдіс-тәсілдерін жасаумен ғана шектелмейді. Ол өзінің қүндылықтар жүйесін басшьшыққа алады. Бүл жүйедегі ең басты қүндылық — объективтік ақиқатты іздеу процесі. Сондықтан қазіргі ғылым философиясында ғылымның ең басты мақсаты мен атқаратын қызметін ғылыми танымға тән қүндылықтар түрғысынан қайта қарау процесі жүргізілуде. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс ғьшыми білімнің өсуі мен дамуын аса маңызды проблемаға айналдырып отыр. Осыған байланысты ғылымды дамытудың көптеген түрлі жолдары мен концепциялары үсьшьшуда. Солардьщ ішіндегі бір аса маңыздысы интерналистік деп аталатын, яғни ғылыми білімнің өсуінің ішкі себептері мен мүмкіндіктеріне, факторына негізделген концепциялар ерекше орын алады. Көптеген ғалымдар ғьшым професі ең алдымен объективтік ақиқатты іздеумен жөне оған жетудің рациональдық (тиімді) әдіс-тәсілдерімен анықталады деген көзқарасты үстанады. Алайда кейбір философтар ғылымньщ прогресін дүние жайлы объективті ақиқат білімнің өсуінен гөрі, нақты ғьшыми проблемаларды шешуге ғылымның қаншалықты тиімді екендігімен түсіндіруге тырысады. Ал проблеманың тиімді шешілуі теорияның дамуымен қаншалықты байланысты екендігін еске алсақ, олардың арасыңдағы әлгінде келтірілген қарама-қарсы қоюдың қисынсыздығын байқау қиын емес. Міне сондықтан да ақиқат білім ғылымның ең негізгі қүндылығы болып табылады. Олай болса, ғылыми танымның бүкіл қызметі ақиқатты іздеуге және негіздеуге бағытталуы тиіс. Ғылым философиясының қазіргі ғылыми-техникалық революциямен тығыз байланыстылығының екінші бір маңызды көрінісі — оның дамуында біртіндеп болатын эволюциялық өзгерістер мен бірден болатын түбірлі сапалық, революциялық өзгерістердің өзара байланыста болатындығы. Бүл проблеманы талқылау батыстың ғылым философиясында 1970 жылдары, американдық ғылым философы өрі тарихшысы Т. Кунның «Ғылыми революциялардың қүрылымы» деген кітабы жарыққа шыққаннан кейін басталды. Ол бүл кітабында ғылым дамуына деген кумуляциялық көзқарасты сенімді түрде орынды сынады. Бүл теория бойынша, ғылым дамуы көп жаңа ғылыми ақиқаттардың үздіксіз жай жинақталуынан ғана түрады; жаңа ақиқаттарды іздеу, жаңа зандардың ашылуы және жаңа ғылыми теориялардың қүрылуы бүрын түжырымдалған заңцар мен теорияларға ешқандай әсерін тигізбейді. Т.Кун астрономия, механика, физика мен химия ғьшымдарынан көп нақты мысалдар келтіре отырып, ғылым дамуының кумуляциялық үғымының қателігін көрсетіп, ғылым дамуында революциялық өзгерістердің қажетті түрде болатынын дәлелдеді. Ол ғылымдағы революция деп ғьшымның даму барысында зерттеудің бір парадигмасынан екіншісіне өту арқылы бүрьшғы түсініктердің қайта қаралуын, сөйтіп зерттеудің жаңа стратегиясына өтуді түсінді. Аталған кітаптың төңірегінде өрбіген айтыстар мен дискуссиялар ғылымның дамуына тарихи көзқарастың қалыптасуына көмектесіп, сонымен бірге ғылым тарихына тек баяндаушылық түрғыдан ғана қарауға болмайтындығын көрсетті. Сонымен, ғылым философиясы ғылымды әр түрлі түрғыдан талдайтын жеке пәндер үшін дүниеге көзқарастық бағдар сілтеуші болып табьшады, себебі ол ғылыми білімнің табиғаты мен қүрылымын жөне сондай-ақ дүние туралы объективтік ақиқат білім алудың әдіс-тәсілдері мен нормаларын зерттейді. Қазіргі заманғы ғылым философиясының кейбір бастама идеяларын антик заманы философиясынан кездестіруге болады. Оған ертедегі Грецияның диалектикалық ойлау әдісін, математикалық білімдерді қүрудың аксиомалық әдісін және Аристотельдің формальдық логикасын жатқызуға болады. Ертедегі гректердің тәжірибелік білімдерінің дамыған жүйесі болмағандықтан, XVII ғ. Жаңа заман ғылымына тәжірибелік (эмпириялық) зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін жасаудан бастауға тура келді. Осы мақсатта ағылшынның XVII ғ. философы Ф.Бэкон зерттеудің индукциялық әдісін жасады. Сонымен қатар италиян ғалымы Г.Галилей бақылау мен математикалық есептеу әдісін біріктіретін әлдеқайда күрделі де нәзік зерттеу әдістерін жасады. Олардың ішіндегі ең бір маңыздысы — эксперименттік әдісті Галилей механикалық қозғалыстың қарапайым формаларын зерттеу үшін қолданды. Бүл әдістің ерекшелігі сол, ол табиғат қүбылыстарын натурфилософтар сияқты белгісіз бір күштердің және натурфилософиялық принциптердің көмегімен түсіңціруден бас тартты. Мүның орнына ол арнайы эксперименттер жасап, солардың көмегімен белгілі бір гипотезалар қүру арқьшы табиғатқа «сүрақтар қоя» бастады. Ол гипотеза-сүрақтарды тексеру үшін эксперименттердің нәтижесін математикалық түрғыдан өндеу тәсілін қолданды. И.Кеплер планеталар қозғалысының зандарын ашты және ақыр соңында И.Ньютон жасаған классикалық механика мен гравитация теориясы дүниенің механикалық көрінісін (бейнесін) жасауды аяқтады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *