Дәрістің мазмұны:
1.Ұлы Жібек жолы, оның Қазақстанның географиялық және қалалық мәдениетінің дамуына ықпалы.
2Қазақстан аумағындағы қалалардың өсуі, мәдениет.
- Түркілердің діни наным сенімдері.
- ІХ-ХІІ ғ.ғ. ғалымдар мен ойшылдар.
1.Ұлы Жібек жолы, оның Қазақстанның географиялық және қалалық мәдениетінің дамуына ықпалы.
Ұлы Жібек жолы – Азиядағы сауда керуен жоларының жалпы атауы.Жазба деректерде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістан мен осы Ұлы Жібек жолы арқылы сауда қатынасы болғаны айтылады.Ұлы Жібек жолының адамзаттың географиялық таным шеңберін кеңейтудегі маңызы бүгінгі Қазақстанда халықаралық туризмді дамытудың міндеттерімен үндес болып отыр. Жібек жолымен оның бойындағы тарихи- мәдени ескерткіштер, қайталанбас табиғат көріністері дүниенің түпкір-түпкіріненкелетін туристердіің назарын өзіне аударуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен мәдениетті дамытудың Халықаралық онжылдығы болып жарияланған 1987-1997жж. аралығында Жібек жолын жаңғыртуға қатыстыжобалар жасалып, жүзеге асты.Қазақстан бойынша Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланған 2000 жылы Ұлы Жібек жолы бойында қалыптасқан, Түркістанның (Яса) 1500 жылдық мерейтойы халақаралық дәрежеде атап өтілді.
Ұлы Жібек жолы – Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуроазияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан торабы.
- Қазақстан аумағындағы қалалардың өсуі, мәдениет.
Қазақстанда заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші бар. Олар негізінен Сыр бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық қалаларының ірілері Отырар (Фараб), Тараз, Сығанақ, Түркістан (Йасы, Яса), Баласағұн, Суяб (Ақбешім), Сауран, Сайрам, Сарайшық.
Отырар – ХҮІІІ ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қала, бүгінде өзінің үйіндісінің ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған. Отырардың берік қамалы, айнала қазылған сулы ор үстіндегі аспалы көпірлерімен жабдықталған үш қақпасы боған.Ақша соғатын орынның, қолөнершілер тұрағының, су құбырының, нәжіс жүйесінің болуы мұндағы қала тіршілігінің астаналық сипатта болғанын көрсетеді.
Тараз – ҮІ ғасырдың өзінде-ақ белгілі болған ең көне қалалардың бірі. ҮІ – ІХ ғғ. қалалар мен қоныстар негізінен сауда-саттық және қол өнеркәсібінің орталығы ретінде қырдағы ел мен отырықшы аймақты байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген.
Оңтүстіктегі асаірі қалалардың бірі Испиджаб (Сайрам) қаласы болды.Византия, Иран , Кавказбен, Шығыс Түркістан елдерімен сауда және мәдени байланыс жасауда Сығанақ, Қойлық сияқты қалаларөте зор рөл атқарды.
- Түркілердің діни наным сенімдері.
Ежелгі түркілердің діни сенімдері негізінен Көкке (Тәңірге) және Жерге (Жер-суға) табыну болды. Оның ішінде Көк (Тәңір) негізі болды. Түркі қағандары тек Көк Тәңірісінің бұйрығыменбилік етеді деп түсіндірілген. Түркі хандары өз жазуларында Тәңіріні үнемі өздеріне рақымды болуға шақырады. Мазмұны жағынан келесі құдай отбасы және балалардың жебеушісі — әйел құдай Ұмай болды. Орта ғасырда барлық түркі тілді тайпалардың сенімдеріне сонау өткен ғасырда-ақ, Алтайда сақталған қасиетті тауларға (ыдуқ баш) табыну үлкен маңызға ие болды. Түркілердің нанымы бойынша жер және суды, ормандар мен тауларды көптеген рухтар жайлаған. Құрбандық шалумен олардың көңілін жұмсартқан.
Бұл барлық сенім, нанымдар ежелгі түркі тайпалары үшін ортақ болды. Мұны орта ғасырдағы араб және парсы шығармаларында кездесетін түркілердің нанымдарына берілген үзік-үзік сипаттамалар дәлелдейді.
- ІХ-ХІІ ғ.ғ. ғалымдар мен ойшылдар.
Түркілерден шыққан зиялы отандастарымыздың көпшілігі өз шығармаларын сол кездегіғылым, білім, өнер тілі – араб тілінде жазылды. Солардың бірі Отырардан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби. Оның шығармалары дүние жүзіне белгілі. Оның «Ғылымды жүйелеу», «Химия туралы толғаныс», «Физиканың негіздері туралы толғаныс», «Музыка туралы толғаныс», кітабы – іргелі ғылымдар саласынан көшелі ой айтқан көрнекті еңбектер.
Фарабиден екі ғасыр кейін өмір сүрген ғұламалар-Махмуд Қашқари мен Жүсіп Баласағұн өз шығармаларын араб әріпімен түркі тілінде жазған.
М. Қашқаридің «Дивани лұғат ат-түрік» атты еңбегі 1072 ж. 25 қаңтарда басталып, 1074 ж. 10 ақпанда жазалып біткен. Еңбектің түпнұсқасы бізге жетпеген. Түркі тілдерінің М. Қашқари жасаған алғашқы классификациясы екі түрлі негізге: 1) түркі халықтарының орналасу ретіне, яғни географиялық мәліметтерге, 2) түркі тілінің әрбір тобының өзіне тән фонетикалық және морфологилық қасиеттеріне, яғни лингвистикалық қасиеттерге сүйенген. Жүсіп Баласағұнидың ХІ ғасырда түркі тілінде жазған педагогикалық трактаттары кең өріс алды. Оның «Құдатғу білік» атты кітабы – сол кездегі түркі тілді халықтардың дүниетану тақырыбындағы алғашқы шығарма.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Ұлы Жібек жолы, оның Қазақстандық тармақтары мен бөліктері.
- Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары, олардың құрылысы мен қызметі.
- Түркілердің наным-сенімдері.
- ІХ-ХІІ ғ.ғ. ғалымдар мен ойшылдар, олардың еңбектері.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
- «Қазақстан тарихы» І том. А; 1996ж. 349-361, 454-462 б.б.
- К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәрістер курсы І, А; 2004ж. 78-85, 125-144 б.б.
- «Қазақ тарихы» 2004ж. №2 47-53 б.б.
- «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 159-162 б.б.