Қазақстанның Ресей империясының қол астына өтуі

 

Дәрістің мазмұны:

  1. Қазақ билеушілерінің Ресей протекторатын қабылдауының тарихи алғы шарттары.
  2. Әбіхайыр хан, оның дипломатиялық қызметі.

 

1.Қазақ билеушілерінің Ресей протекторатын қабылдауының тарихи алғы                             шарттары.

XIX-XX ғасырдың екiншi жартысында Әбiлқайыр қазақтарды Ресейге бодан еттi деген де, алдымен Әбiлқайыр ханның 1730 жылғы Анна патшаға жазған хатын дәлел етемiз. Әрине, Әбiлқайырдың 1731-1732 жылғы хат жазғаны да, ант бергенi де шын, бiрақ, ол хаттың мақсатына, құқықтығына онша көңiл қоймай жүрген сияқтымыз.

Осы ойға байланысты қысқаша болса да белгiлi тарихшылардың ғылыми еңбектерiне тоқталайық. Ол туралы академик В.В. Бартольд “В 1740 году в Туркестане утвердил свою Верховную власть последний крупный завоеватель, вышедший из Персии Надир-шах”. Ресей Әбiлқайырға ешбiр қолдау көрсетпедi. Содан соң орыс патшайымына берген анттың да, қабылданған құжаттың да күшi жойылды деп дәлелдейдi В.В. Бартольд: “Принятая Абылхайыром русское подданство не имел реального значения” дейдi.

В.В. Бартольдтан кейiн алғашқылардың бiрi болып зерттеген тарихшы А.Н. Чулашников “Әбiлқайырдың Ресейге бодан болу туралы келiсiмге қол қоюы, бұл iстiң басы ғана емес, қарапайым маңызы жоқ, көп келiсiмнiң бiрi ғана” деген қорытынды жасады. Көренектi тарихшы Н.Г. Аполлова “Қазақ хандары XVIII ғасырдың басынан сыртқы саяси жағдайдың шиеленiсуiне байланысты Тәукеден бастап Әбiлқайырға дейiн Ресеймен бейбiт қарым-қатынасты нығайтуға қам жасады”, дей келе көпшiлiктiң Ресей бодандығына қарсы болуы, жасалған келiсiм-шартқа наразы болудың бiрден-бiр себебi, хан бұл мәселенi шешуде өз билiгiн тым жоғарылатып жiбердi. Ханның бұл қадамын старшина  мен билер бабаларынан келе жатқан әдет-ғұрыптарды бұзғандық деп түсiндi” деген болатын.

  1. Әбіхайыр хан, оның дипломатиялық қызметі.

         Әбiлқайырхан – XVIII ғасырдың бiрiншi жартысындағы тарихымыздың аса iрi тұлғасы. Қолбасшылық талантымен саяси көрегендiгi, мәмлегерлiк шеберлiгi күрделi тарихи кезеңде көзге түстi. Әбiлқайыр ел басына күн туған ауыр заманда қазақ жасағына Бас қолбасшы сайланып, жан-жақтан аңталаған жауға тойтарыс бердi. 

            Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы Жоңғар мемлекеті тарыпынан қаіп күшейген шақта жағдайдан шығудың жолы еді. Жоңғар шапқыншылығы қазақ жүздері арасндағы, әсіресе Кіші жүз бен Орта жүздің Ұлы жүзбен шаруашылық-саяси байланыстарын әлсіретті. Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілерінің арасында жіктеліс туды. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақайдағы жеңісіне қарамастан, Жоңғар хандығының жаңадан шабуыл жасауының тікелей қауіп-қатері жойылмады.

            Қазақ хандықтарының Бұхармен және Хиуамен қатынастары шиеленіскен күйінде қалды. Оның үстіне қазақтардың еділ қалиақтарымен және башқұрттармен өзара қатынастары күрделі болып қала берді. Әбілқайырдың башқұрт ақсақалдарымен шапқыншылықты тоқтату туралы келіссөздері табысқа жетпеді. Кіші жүздің батыстағы шекарасында бейбітшілікке қол жеткізу Әбілқайыр ханның ең басты сыртқы саяси міндеттерінің біріне айналды.Басты дұшпан – Жоңғар хандығымен күресуге қолды босату үшін бұл өте қажет болатын.

                Қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды.

Әбілқайыр хан – ХҮІІІ ғ. І ж. тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Қол басшылық талантымен саяси көрегендігі, мәмлегерлік шеберлігі күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Әбілқайыр ел басына күн туған ауыр заманда қазақ жасағына Бас қолбасшы сайланып, жан-жақтан аңталаған жауға тойтарыс берді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қазақс билеушілерінің Ресей протекторатын қабылдауының тарихи алғы шарттары.
  2. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың патша үкіметі мен депломатиялық байланысы.
  3. А.И. Тевкелевтің қазақ даласындағы дипломатиялық миссиясы (1731-1733 ж.ж.)

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 292-298 б.б.
  2. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 162-163 б.б.
  3. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 114-121 б.б.
  4. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 64-74 б.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *