ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК

 

  1. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАРИХЫ
  2. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ НОРМАТИВТІК ТҮСІНІГІ
  3. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК БОЙЫНША ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАР
  4. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
  5. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ

Дәріс мақсаты: Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншік құқығын сипаттау.

Дәріс міндеттері: 1. Интеллектуалдық меншіктің қазіргі халықаралық-құқықтық түсінігін қалыптастыру тарихын сипаттау.

  1. Интеллектуалдық меншіктің нормативтік түсінігін ашу.
  2. Интеллектуалдық меншік бойынша әрекет ететін халықаралық конвенцияларды сипаттау.
  3. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ұйымдарды талдау.
  4. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тәсілдерін талдау.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдері). – Алматы: ЮРИСТ, 2006.
  2. Основы гражданского законодательства Союза ССР и республик от 31 мая 1991.
  3. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 10 маусымындағы заңы.
  4. «Қазақстан Республикасының патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 16 шілдесіндегі заңы.
  5. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 13 шілдесіндегі заңы.
  6. «Тауарлық белгілер, қызмет белгілері және тауарлардың шығу тегінің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 26 шілдесіндегі заңы.
  7. Положение о Комитете по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан.- Утв. постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2001 г. № 411.
  8. Введение в интеллектуальную собственность.- Публикация ВОИС-Женева. — 1998.
  9. Вещные права в Республике Казахстан /Отв. редактор М.К. Сулейменов. -Алматы: Жеті-жарғы, 1999.
  10. Гражданское право. Учебник. Часть 3 /Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого.- М.: ПРОСПЕКТ, 1998.
  11. Гражданский кодекс. — Модель. Часть третья. Рекомендательный законодательный акт СНГ- Санкт-Петербург, 1995.
  12. Иващенко И.В. Понятие и содержание интеллектуальной собственности //Юрист. 1999, № 2.
  13. Каудыров Т.Е. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности: Монография. – Алматы: Жеті-жарғы,
  14. Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации. — М.: Теис, 1996.
  15. Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. -М.: Юрид. лит, 1975.
  16. Щенникова Л.В. Вешные права в гражданском праве России.- М. :Издательство БЕК, 1996.

 

  1. Шығармашылық ретінде қандай да бір жаңа және өзінің қайталанбастығымен тұпнұсқалығымен анықталатын нәрсені тудыратын қызмет түсіндіріледі. Шығармашылық адамға тән нәрсе, себебі оның жасаушысы – шығармашылық қызметтің субъектісі бар.

Шығармашылық процесі әлеуметтік құқықтық қызмет емес. Шығармашылық процестің өзі құқықтық нормалардың шегінен тыс жатыр. Бірақта, шығармашылық қызметтің ұйымдастырушылық әдістері туралы көптеген баспалар бар: «іскерлік ойын», «аналогия», «аналогияны қабылдамау», «ұжымдық генерация» т.б. Осының арқасында көптеген бір маманның немесе әртүрлі мамандардың топтары тартылады. Осындай топтарда құқықтық та қатынастар пайда болуы мүмкін. Бірақ бізге қажеті бұл қатынастар емес, шығармашылық нәтиженің пайда болу процесі негізгі. Осы процестің нәтижесі өзінің жаңалығымен және қайталанбастығымен сыртқа көрінеді. Ол ретінде ғылыми жаңалық, өнертабыс, әдеби және өнер туындысы, өнеркәсіптік үлгі, ноу-хау болуы мүмкін.

Шығармылық рухани қызмет, ол идеалды-жеке сипатта болады және осы қасиетіне қатысты заңдар мен құқықтық актілердің әрекет етуіне жатпайды. Заңнаманың бұл жердегі рөлі шығармашылық еңбектің нәтижелеріне құқықты тану, осындай нәтижелерге билік ету жағдайы, оны тудырушылардың құқықтарын қорғау табылады.

«Интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «интеллектулдық меншік құқығы» сияқты ұғымдардың КСРО-ның кең кеңістігіне қайту мерзімі болып, 1991 жылдың 31 мамырында КСРО мен одақтас республикалардың Азаматтық заңнама негіздерін қабылдау мерзімі табылады.

Қазақстан Республикасында аталған ұғымдарды толық қолдану егемендік алғаннан кейін жүзеге асты. Мәселен, 1990 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы» ҚазКСР-нің Заңының 9-бабына сәйкес азаматтардың жеке меншігі ретінде интеллектуалдық және материалдық қызметтің өнімі табылады деп айтылған. Бірақ позитивті мағынада «интеллектуалдық меншік», «интеллектуалдық меншік құқығы» сияқты ұғымдар КСРО-ның заңнамасында пайдаланылған жоқ. Кеңес дәуірінде интеллектуалдық меншік объектілерінің көпшілігі оның авторларының айрықша құқығында болған жоқ, оның бір ғана авторы болды мемлекет.

Осы саладағы, қазіргі таңдағы ең үлкен ерекше өзгеріс болып шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтың жеке тұлғалар мен ұйымдарға ауысуы табылады.

Сонымен қатар, бұрынғы КСРО мемлекеттерінде және Қазақстанда интеллектуалдық меншік объектілерінің белсенді қалыптасу процестері жүріп жатты. Осы бағыттарды толығымен түсіну үшін дамыған мемлекеттердегі интеллектуалдық меншік құқығының қалыптасу мен дамудың тарихи тәжірибесін білген жөн.

Біздің пікірімізше, интеллектуалдық меншік құқығының әлемдік тарихи эволюциясын үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең XY ғасыр мен XYIII ғасырдың ақырғы төртінші тоқсанын қамтиды және монополиялық артықшылықтар кезеңі деп аталады.

Екінші кезең 1790 жыл мен 1883 жылдарды қамтиды және интеллектуалдық меншікті қорғаудың ұлттық жүйелерінің пайда болу кезеңі деп аталады.

Үшінші кезең 1883 жылдан басталады және әлемдік конвенциялар кезеңі деп аталады.

 Монополиялық артықшылықтар кезеңі сол кездегі техникалық жетістіктерді әкелген тұлғалардың құқықтарын қорғау қажеттілігімен бізге қызықты.

Жеке деректер бойынша, Англияда жетістіктер шығарған адамдардың және шетелдік тауардың жаңа түрлерін әкелген адамдардың құқықтарын қорғау XIY ғасырдан басталады.

Ең ертедегі артықшылық құқықтар, мәселен Венециялық Республикада 1474 жылы «Парте Венеция» атымен атақты, бірақ өнертапқыш пен оны шетелде енгізген тұлға арасында айырмашылықтар көзделмеген.

Мұндай адамдарға айрықша монополиялы түрде өзінің жетістігін өзіне табыс тапқанға дейін мерзімде қолдануға мүмкіндік берілді. Бұл жағдай монополистке бәсекелестік күресте үлкен қолдау болды. Монополияны алу тәртібі де қызығушылық тудырады. Монополияны куәландыратын құжат болып Letters Patent – «ашық мадақтама» деп аударылатын құжат табылады. Артықшылық берілгені туралы жария түрде айтылатын, оның мерзімі аяқталған соң, монарх оны соза алмайтын.

Артықшылықтар жүйесі ары қарай дамытыла берді. Мәселен, 1628 жылы монополиялар туралы корольдік мәртебе қабылданды, онда патент артықшылық беретін жалғыз құжат болып саналды және оның мерзімі 14 жылмен ғана шектелді. Ақыры артықшылық алу үшін өнертабысты техникалық сипаттаудың ережесі қалыптасты.

Сонымен, өнертабысқа қатысты монополиялар кезеңінде өнертабысты техникалық сипаттаудың ережесі мен мемлекетке табысты патенттің қалыптасуы және үшінші тұлғалар алдында монополияның қорғалатындығы туралы қорытынды жасауға болады.

Тауарлық белгілерді құқықтық қорғаудың тарихы өнертабысқа қарағанда жас, бірақ жеке объектілеріне қатысты ежелгі тарихы бар.

Тауарлық белгілердің тарихы ғасырларға тереңдеп кетеді, сондықтан алғашқы тауарлық белгілердің пайда болу кезеңін анықтау өте қиын. Бірақ шамамен екі үш мың жыл бұрын адамдар алғашқы құмырлар сатуға бастады. Осы құмырларда таңбалар болды, оны біз қазір тауарлық белгілер деп атаймыз. Қытайда алғашқы шыққан ыдыстарда нақты таңбалар болды, онда мемлекет басқарған императордың аты-жөні жазылған.

Сонымен қатар, үш мың жыл бұрын Үндістаннан шығарылған қолөнершілердің қолжазбасы бар заттары табылған.

Рим империясында мыңдаған таңбалар болған, олардың ішіндегі ең кең таралғаны фабрикалық таңба – Fortis табылады.

Қазақстанға қатысты мұндай қатынастардың жинақталуы ежелгі тарихта бар: «Тауке- хан ережесінде», «Жеті-жарғыда». Онда былай деп жазылған: «Әрбір ру және тайпада өзінің таңбасы (тамга – белгісі, елтаңбасы) болу керек. Нақты кімнің меншігі екенін білу үшін, таңба арқылы мал, мүлік белгіленеді».

Жер шарының басқа бөліктерінде қолөнершінің тұлғасын және мүліктің шыққан жерін анықтау мақсатында тауарлық белгілер қару-жараққа, тұрмыстық мүлікке, бағалы заттарға соғылды.

Біздің пікірімізше, «таңба», «тамга», «тавро», «клеймо», ағылшындық бранд сөздері тауарлық белгінің негізін құрап, тауар шығарушы мен тауар арасындағы байланысты көрсеткен. Бұл сөздер белгі мағынасын атқарса да, бірақ экономикалық рөльді әлі атқарған жоқ. Бұл таңбалар жеке топ тауар шығарушылардың цехтік мүдделерін қорғау мақсатында Батыста гильдия деп аталатын адамдармен қолданылды. Сол кезде осы тауардың таңбасын заңсыз қоланса, адам қатаң жазаланатын (мамандығынан айыру, өлім жазасы т.б.).

Ұлттық жүйелер кезеңі диалектика заңы белгілегендей оның алдындағы кезең сын көтермегеннен кейін басталды. Бұл сын бір жерлерде төңкеріс түрінде, бір жерде бейбітті түрде феодализмнен капитализмге өту кезеңінде болды.

Интеллектуалдық меншік объектілерінің түсінігі мен рөлін қайта қараудың идеялық негізі болып сол кездегі жаратылыс құқығының теориясы табылады. Барлығына мәлім болғандай, бұл теория адам мен қоғамның өзара қатынасының терең сұрақтарын қайта қарауға ат салысты. Батыс мемлекеттерінің буржуазия идеологтары Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс феодалдық қатынастардан арылудың бағыттарын ұстанған. Олардың негізгі идеялары Ресейде Ф. Проковичпен, В.Н. Татищевпен қолдау тапты.

 Адам өмірінің құдаймен сыланғанына адам құқықтары мен бостандықтарының табиғатпен ұсынылғаны келді. Жаратылыс құқықтарының қатарына жеке меншікте жатқызылды.

Мемлекет пен адам қоғамдық келісімнің тең тараптары болып табылады, ол бойынша бір тарап мемлекет жоғарғы игіліктерді – адам өмірін, оның меншігін қорғауға міндетті болды. Адамның табиғат жаратылысынан туындайтын құқықтары жаратылыс құқығы болса, ал оған сәйкес қабылданған мемлекет заңдары позитивтік құқық деп аталды.

Авторлық құқық саласында артықшылықтар жүйесін сынға алудың нәтижесі болып 1709 жылы Англияда қабылданған Анна патшасының Мәртебесі табылады. Бұл акті авторлық құқық туралы алғашқы дерек болып саналды. Осы кезеңнен бастап автордың айрықша құқығы туралы (туынды жарияланғаннан бастап 28 жыл бойы қорғалатын), өз құқықтарын басқаға беру туралы, құқық бұзушының әрекеттерін сотқа шағымдану туралы айтуға болады.

Францияда болған көптеген төңкерістер арқасында қоғамдық және идеологиялық өзгерістер болды. Соның арқасында феодалдық қана емес сонымен қатар, кітап шығарушылардың да артықшылықтары тоқтатылды. 1791 және 1793 жылдары Құрылтай Кеңесінің Декреттері автордың туынды шығаруға деген құқығы оның өмірі бойы және ол қайтыс болғаннан кейін 10 жыл бойы оның мұрагерлеріне берілетіндігін бекітті. Бірақ авторлық құқық пайда болу үшін туындыны міндетті тіркеудің талабы бекітілмеген.

Осыған ұқсас авторлық құқыққа қатысты өзгерістер АҚШ-тың заңнамасында да болды. АҚШ-та қазіргі таңға дейін Анна патшысының Мәртебесі күшінде, ал 1790 жылы қабылданған заң (кітаптар мен басқа да объектілерді әрбір 14 жыл сайын депондау туралы) 1976 жылы Авторлық құқық туралы заң қабылданғанға дейін күшінде болды.

Көптеген сол кездегі дамыған мемлекеттерде терминологиялық және нақты айырмашылықтарды есепке алмағанда, авторлық құқық туралы заңнама осы құқықтарды меншік құқығы ретінде қарастырды. Осыған қатысты, И.А. Зенин интеллектуалдық меншік объектілеріне байланысты құқықты «проприетарлық тұжырым» немесе «проприетарлық тұрғы» деп атады, ол ағылшын тілінен меншік деп аударылады.

Шығармашылық объектілері саласында материалдық және материалдық емес құқықтарға қатысты түсінікке, И. Канттың философиялық ойларының қатты әсерінен авторлық құқықтар автор меншігі ғана емес, сонымен бірге автор мүдделерінің бірі болып табылады. Автор өз туындысына құқығын қорғауға мүмкіншілік алды, себебі ол автор тұғасының бөлігі болды. Осы аспекті И. Канттың пікірінше, негізгі болды, ал материалдық құқық моральдық құқықтың жалғасы болды. Со кездегі заң әдебиеттерінде және заңнамасында «моральдық құқық» термині болды, ол автордың экономикалық емес құқықтарын анықтайтын. Қазіргі қазақстандық заңнамада ол жеке мүліктік емес құқықтар деп аталады.

Авторлық құқықа қарағанда патенттік құқық ілгері дамыған жоқ. Көптеген Еуропа мемлекеттерінде артықшылықтар жүйесін ары қарай дамыту арқылы патентік қатынастар дамыды. Мысалы, Англияда артықшылықтар объектілерін пайдалануға қатысты сот практикасы 1711 жылы келесі қорытындыға келді: монополия алу үшін басқа құжаттармен қатар, оның «сипаттамасы» тапсырылатын.

Францияда монополияның кез келген түрімен күресу мақсатында, патент иелері өздерінің өнертабысын бір жыл ішінде қолданбаса, оған құқықты жоғалтады деген ереже бекітілді. Қазіргі таңда, өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтың мерзімділігі патенттік құқықтың негізгі принциптерінің бірі.

Осы және басқа да әкімшілік және сот практикасы бірыңғай ұлттық патенттік заңдарға енгізілді. Мұндай заңдар АҚШ пен Францияға қарағанда азаматтық заң төңкеріс негізінде өзгерген мемлекеттерде ерте қабылданды.

Сол кездегі патенттік заңдардың негізінде белгіленген жалпы принцип болып заңда белгіленген формальды және материалдық сипаттағы талаптарды орындаған өнертапқыштарға патенттің берілуі табылады. Осы принциптер 1790 жылы АҚШ-та және 1791 жылы Францияда патенттік заңдарда орын алды. Осы заңдар толығымен автордың меншік құқығын бекітті. Мәтінде франция дерегінің 1-бабында былай деп жазылған: «Кез келген жаңалық немесе өнертабыс кез келген түрінде автор меншігі болып табылады; осының арқасында заң оған толық және жан-жақты кепілдендірілген пайдалануды қамтамасыз етеді».

Осы қатынастарды сипаттайтын келесі белгісі ретінде патенттік қорғаудың ұлттық сипаты табылады. Мәселен, АҚШ-тың патенттік заңына 1793 жылы жасалған өзгерістер бойынша, патент тек қана сол мемлекет азаматтарына берілген. Францияға өнертабыс кіргізген адамдар оның авторы сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болған. Сонымен қатар, Францияда өнертабысқа патент алған өнертапқыш басқа мемлекетте патент алса, онда өзінің мемлекетінде оны пайдалану құқығынан айырылатын. Ақырғы ережеге сәйкес біздің пікірімізше, сол кездегі патенттік құқықтың негізгі функциясы болып ішкі нарықты қорғау табылады.

Осы және басқа да талаптар халықаралық экономикалық қатынастар дамыған сайын жұмсара бастады және патент берудің саны ұлғая түсті. Өнертабыстың ұғымы мен маңызына қатысты пікірлер күрт өзгере түсті. Жаңа техниканы әкелу жаңа инновацияға теңестірілуден бас тартылды. Өнертабысқа қатысты оның жаңалығына талаптар қойыла бастады және техникадағы деңгейі ұғымы енгізіле бастады.

Ресей империясында және оның бөлігі болып табылатын Қазақстанда ұқсас процестер жүріп жатты, бірақ кейбір өзгешеліктермен. Зерттеушілердің пікірінше, ресейдің интеллектуалдық меншік құқығының тарихында, авторлық құқықта, оның ерекшеліктері бөлінеді:

  • XYIII ғасырға дейін кітап басуға мемлекеттік монополияның үстемдігі, алғашқы жеке типография тек қана 1771 жылы ғана пайда болды;
  • тек қана шығарушыларға мемлекетпен артықшылықтардың берілуі және авторлар мен шығарушылардың арасында құқықтық реттеу пәні бойынша құқық қатынастардың болмауы;
  • Ресейдің авторлық құқығы мен цензуралық заңнаманың арасындағы тығыз байланыс;
  • XIX ғасырда авторлық құқықты меншік құқығының объектісі ретінде тануы және әдеби, шығармашылық меншік құрылысын енгізу;
  • авторлық құқықтың қазіргі түсінігін енгізу тек қана 1911 жылы мүмкін болды.

Ресейдің патенттік құқығы еуропалық және американдық жолмен дамыды (63,42). Оның ерекшеліктері жеке артықшылықтар жүйесінің ұзақ мерзімді болуынан көрінеді. Ресейдің алғашқы патент заңы 1812 жылы қабылданды. Бірақ Александр 1 1812 жылдың 17 маусымында қабылданаған манифесті «Шығармашылық пен қолөнердегі әртүрлі өнертабыс пен жаңалықтарға артықшылықтар туралы» деп аталған. Артықшылық деп өнертабысқа айрықша құқықты куәландыратын және қорғайтын құжатты айтатын. Яғни, «артықшылық» деген термин ретінде қазір патент деп аталатын құжат түсіндірілген.

Аталған Манифесттің бірінші бөліміне сәйкес өнертабысқа артықышылық ретінде артықшылықта көрсетілген тұлғаға зат меншігі болып табылатындығын және үкіметке кезінде ұсынылғанын куәландыратын куәлік табылатын. Артықшылық толығымен артықшылықта көрсетілетін тұлғаға өнертабыстың жататындығын көрсетпейді, сондықтан кез келген үшінші тұлға осы құқықты тану үшін дауға түсе алатын және өз құқықтарын сотта қорғай алатын.

1833 жылдың 22 қарашасында император Николай 1 кезінде «Артықшылықтар туралы Ереже» деген құжатпен аталған құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ереже қазіргі патенттік заңдарға жақын принциптер мен ұғымдарды енгізді. Мәселен, артықшылықтарға ұсыныс жасалғанда және оны пайдаланғанда ресей мен шетел тұлғалары бірдей құқықтарға ие болады. Ресейге әкелінген объектілерге айрықша құқық артықшылықпен, тек басқа мемлекетте оның мерзімі аяқталмағанға дейін ғана қорғалады. Сонымен қатар, артықшылық объектісін уақытша қолданудың да түсінігі енгізілді, ол қазіргі лицензиялық шарттарға ұқсас.

Осы ережеде қазіргі заңнамаға ұқсас заң талаптарын табуға болады: өнеркәсіптік қолданушылығын; техникалық шешімнің қоғамның талаптарына сәйкестігін; артықшылық алуға құжатта өнертабыстың толық сипаттамасының болуы сияқты.

Ресейдің патенттік заңнамасының одан кейінгі ары қарай дамуы артықшылықтар түсінігінен өнертабысты қорғау заңды түсінігіне көшті («Жаңа жаңалықтар мен өнертабысқа артықшылықтарды беру бойынша іс жүргізу тәртібін өзгерту туралы» 1870 жылдың 30 наурызында қабылданған заңы).

1896 жылдың 20 мамырындағы «Өнертабыспен ары қарай жетілдірудің артықшылықтары туралы Ереже» қазіргі терминдерге ұқсас ұсынылған шешімнің техникалық сипатын анықтады. Ақыры аяғы елеулі ерекшеліктер қазіргі өнертабыстың формуласына ұқсас бола бастады.

Артықшылықтар құқығын алу туралы арызды алғаннан кейін, Сауда және мануфактура Департаменті арыз берушіге «Қорғау куәлігі» деп аталатын құжатты беретін. Ол ресми баспада шығарылды және арыз берушіге өз өнертабысымен белсенді әрекеттер жасауға жағдай тудырды.

Сонымен, сол кездегі патенттік заңнама қорғау куәлігін енгізе отырып, уақытша құқықтық қорғаудың түсінігін енгізді және құқықтар жөнінде жария етудің рөлін көтерді деген қорытындыға келуге болады.

XIX ғасырдың аяғында өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық аяда бірнеше мемлекетте құқықтық қорғауды алудың мақсаты тұрды. Нақты жағынан көліктің, байланыстың дамымағанына байланысты бұл мүмкін бола алмады. Бір мемлекетте ұсынылған патенттік мәлімдеме өнертабыстың екінші мемлекеттегі жаңалығына күмән тудыратын.

Осы саладағы қатынастардың тежеуіші ретінде ұлттық патенттік заңдардың ережелеріндегі айырмашылықтар табылады. Сонымен қатар, технологиялардың интернационализациясы мұндай формальды патенттік кедергінің жойылуын талап етті.

Ұзақ мерзімді патенттік заңдардың біріктірілуі және интеллектуалдық меншік құқығының қорғау жүйесінің қалыптасуына байланысты жұмыстар, кезекті 1873 жылы Венадағы халықаралық техникалық көрменің болмай қалуына қауіп тудырды. Мемлекет өкілдері өз өнертабыстарын жоғалту қауіптеріне және қажетті құқықтық қорғаудың болмауына байланысты бас тартты.

Жағдайды сақтап қалу мақсатында австриялық билік органдары өнертабысты, өнеркәсіптік үлгіні және тауарлық белгілерді уақытша қорғау үшін арнайы заң қабылдады. Бұл акті өз бетінше прецедент болды және шетелдіктерге ұлттық режим берудің қажеттілігін енгізді.

Бұл мәселені қарастыру мақсатында 1873 жылы Патенттік реформалар жөніндегі Вена конгресі шақырылды, онда шығармашылық объектілеріне әртүрлі мемлекеттерде бірдей режим берудің принципі қаралды.

Қосарланған күш біріктіру арқасында Париж конгресінде (1878 жылы) одан кейін Париж конференциясында (1880 жылы) және француздық үкіметтің көмегімен халықаралық конвенцияның жобасы әзірленді.

1883 жылы 11 мемлекеттің өкілдері Парижде конвенция қабылдап оған қол қойды, ол конвенция тарихқа Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж Конвенциясы ретінде мәлім.

Одан кейінгі кезеңде қатысушы-мемлекеттер саны ұлғая түсті де, қазіргі таңда 140 мемлекетті құрайды.

Қазақстан аумағына Париж конвенциясы Ресей империясының және КСРО-ның құрамында болғанда таратылды, себебі олар сол келісімнің қатысушысы болған.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, алғашқы болып Париж Конвенциясының Қазақстан аумағына ары қарай таратылатындығы жөнінде 1993 жылдың 5 ақпанындағы «Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы Халықаралық келісімдер туралы» Декларациясында бекітті.

 

  1. Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде интеллектуалдық меншік немесе интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің анықтамасы бар норма жоқ. Біздің пікірімізше, бұл Батыс мемлекеттерінің заңнамасындағы және халықаралық конвенциялардағы сияқты мұндай анықтаманың болмауына байланысты түсіндіріледі. Екінші жағынан, кез келген түсініктеме шартты және объектілердің барлық аспектілерін ашпайды. Заң жағынан мұндай анықтама практикалық мағынада болмайды. Ғылыми жағынан мұндай түсінік қажет және біз оны беруге біз ат салысамыз.

Интеллектуалдық меншік деген не, деген сұраққа жауапты біз халықаралық-құқықтық және ұлттық заңнама сияқты қайнар көздерден таба аламыз.

Интеллектуалдық меншіктің Дүниежүзілік ұйымының аталған конвенциясының 2-бабының мағынасынан «интеллектуалдық меншік» құрамына келесі объектілерге қатысты құқықтар жатады: әдеби, шығармашылық және ғылыми туындыларға; артисттердің орындаушылық қызметіне, дыбыс жазбаға, радио, теле бағдарламаларға; адам қызметтің барлық саласындағы өнертабыстарға; ғылыми жаңалықтарға; өнеркәсіптік үлгілерге; тауарлық белгілерге қатысты құқықтар және сонымен қатар, өндірістік, ғылыми, әдеби және шығармашылық саласындағы интеллектуалдық қызметке қатысты өзге де құқықтар жатады.

Қазақстандық ұлттық заңнамада да аталған объектілердің мағынасын ашатын нормалар бар. Бұл біріншіден, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 10 маусымында қабылданған.

Интеллектуалдық меншіктің түсінігіне қалай да болса, анықтама беретін нормалар ҚР АК-нің 14, 59, 115, 119, 125, 126, 961-970 – баптарында көзделген.

ҚР АК-нің 961-бабына сәйкес интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне:

1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
 2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.

Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне: 

1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

2) эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;

3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;

4) селекциялық жетiстiктер;

5) интегралдық микросызба топологиялары;

6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);

7) осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады.

ҚР АК-нің 961-бабы мен Интеллектуалдық меншіктің Дүниежүзілік ұйымы конвенциясының мәтінін салыстарғанда көптеген объектілер ұқсас болып келеді.

Аталған жоғарыда қайнар көздер интеллектуалдық меншік объектілерінің нормативтік анықтамасын толығымен бермейді, ол үлкен кең көлемді сипаттамаларды ғана белгілейді.

Аталған объектілердің авторлық түсінігін бергенге дейін, олардың заңды және өзге де түсінігін анықтаған жөн.

Азаматтық заңнаманы талдағаннан кейін, біздің пікірімізше, интеллектуалдық меншіктің, интеллектуалдық меншік құқығының объектілерін сипаттайтын 4 негізгі құрылымды анықтауға болады.

Аталған құқықтық феномендер келесідей түсіндіріледі:

— мүлік түрі, меншік құқығының объектісі;

— шығармашылық нәтижесі және дараландыру құралы;

— азаматтық құқық қабілеттіліктің элементі;

— азаматқа немесе ұйымға тиесілі айрықша құқық.

Интеллектуалдық меншікке қатысты заң шығарушының жалпы пікірін екі ойға байланысты келесі тұрғыларға бөлуге болады: интеллектуалдық меншік объектілеріне жататын объектілер шегі және белгілі объектіге қатысты азаматтық құқықтар түрі ретінде интеллектуалдық меншікке құқықтың өзі.

Қаралып отырған объектілер шегінен қарағанда оны мүлік түрі ретінде анықтайтын тұрғы бар.

Ол ҚР АК-нің 115-бабына сәйкес анықталады, бұл бап бойынша азаматтық құқық объектілері келесі түрлерге бөлінеді: мүліктік құқықтар мен игіліктер және мүліктік емес құқықтар мен игіліктер.

Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. Осы аталған объектілер қатарында заң шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерiн, фирмалық атауларын, тауарлық белгiлер мен бұйымды дараландырудың өзге де құралдарын жатқызады.

ҚР АК-нің 117-бабына сәйкес қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар және интеллектуалдық меншік объектілері қозғалатын мүлiк деп танылады.

Осындай аспектінің тағы бір дәлелі ретінде Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 2-бабы мен ҚР АК-нің 125-бабында көзделген «Интеллектуалдық меншік» деп анықталған тараудың болуы табылады.

Осындай баптардың екі аталған нормативтік актіде бірдей көзделуі оның түсінушілік мағынасында күдік тудырмайды. Мәселен, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 2-бабында тікелей «интеллектуалдық меншік дегеніміз шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерiне меншік» көрсетілген.

ҚР АК-нің 125-бабы өз атауында бұл объектілерді меншік деп атайды және ол ҚР АК-нің меншік құқығы туралы жалпы ережелер параграфында көзделген.

Интеллектуалдық меншік объектілерінің азаматтық құқық объектілері сияқты азаматтық айналысқа түсетіндігін дәлелдейтін ҚР АК-нің 59-бабы бар: «ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады». 

Интеллектуалдық меншік объектілерінің заңды түсінігі шығармашылық нәтижесі ретінде ҚР АК-нің 125-бабында және нақты ҚР АК-нің 961-бабында көзделген. Осы баптарды талдай келе, азамат пен заңды тұлғаның айрықша құқығы азаматтық құқықтың кез келген объектісіне таралады деген қорытындыға келуге болады.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы интеллектуалдық меншік құқығын азаматтық құқық қабілеттіктің элементі ретінде түсінеді.

Нақты осындай мағына ҚР АК-нің 14-бабында көзделген. Онда азаматтың құқық қабілеттігінің бөлігі ретінде өнертабысқа, ғылым, әдебиет және өнер туындыларына және өзге де интеллектуалдық меншік нәтижелеріне интеллектуалдық меншік құқығы табылады.

Азаматтың интеллектуалдық меншік құқығын субъективтік мағынадағы интеллектуалдық меншік құқығы деп тануға болады, екінші жағынан ол объективтік мағынада нормалар жиынтығы ретінде қаралып заңнаманың тәуелді саласы ретінде қаралады.

Интеллектуалдық меншіктің айрықша құқық ретіндегі түсінігі ҚР АК-нің 125-бабында көзделген. ҚР АК-де және өзге де заң актiлерiнде белгiленген реттер мен тәртiп бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету белгiсi және т.б.) ерекше құқығы танылады.

Осы баптың екінші тармағында интеллектуалдық меншіктің заң шығарушымен маңызын түсіндірудің ережесі белгіленген. Шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерi мен ерекше құқықтардың (интеллектуалдық меншiктiң) объектiсi болуы мүмкiн даралану құралдарын пайдалануды үшiншi жақтар құқық иеленушiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады. Бұл жерде, интеллектуалдық меншік объектілері мен айрықша құқық объектілерінің сәйкестігі айқын көрінеді.

ҚР АК-ның Ерекше бөлімі қабылданғанға дейін, бұл норма интеллектуалдық меншіктің заңды анықтамасы болған.

Бұл объектілерді айрықша құқық объектілері ретінде танудың түсінігі интеллектуалдық меншіктің субъективтік азаматтық құқықтар жүйесіндегі орнын анықтайды. Бұл біздің пікірімізше, зерттелген объектілердің динамикалық сипаттамасы.

Біз интеллектуалдық меншіктің заңды анықтамасын қарастырдық, енді біздің пікірімізше бұл құқықтық құбылыстарды динамика мен статикада қарастырған дұрыс. Біз Р.О. Халфинаның пікірін ұстанамыз: «бар құқық қатынастар жүйесі тұрақты қозғалыста болады және қоғам дамуының динамикасын анықтайды, ал құқық қатынастар динамикасы модель мен нақты іс-әрекеттің (тәртіптің) динамикасын айқындайды».

Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты азаматтық құқық қатынастар жүйесінің даму динамикасын есепке алсақ, онда әртүрлі анықтамалар пайда болады.

Біздің пікірімізше, нақты құқықтық құрылыс азаматтық құқықтық қатынастардың дамуында, белгілі жағдайларда әртүрлі функциялар атқарады. Мысалы, жарияланған құқық әлеуетті сипатта және құқық нормасының құрылысында болады; осы құқық реттеушілік құқық қатынастарда болса, онда ол субъективтік құқық болады (белгілі объектіге меншік құқығы); субъктивтік құқық қорғаушылық қатынастарда болса, онда ол қорғалатын сипатқа ие болады. Құқықтық норма санкциясы өзінің жазалау әлеуетті қабілеттігі мен превентивтік шарасынан жауапкершілік шарасына айналады.

Р.О. Халфина өзінің пікірін дұрыс айтқан: «құқық нормасы азаматтық құқық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және тоқтатылуына заңды негіз болады…, ол келесі шарттардың, мән-жайлардың болуында құқықтық байланысты қозғалысқа келтіреді». Осыған сәйкес интеллектуалдық меншік құқығының нормативтік түсінігін бағалауды азаматтық құқық қабілеттілік элементі ретінде құқықтың түсінігінен бастаған жөн.

 ҚР АК-нің 14-бабындағы норманы: «азаматтың Қазақстан Республикасы шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, соның iшiнде шетел валютасын меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзi немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бiрiгiп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтiң өзге де туындыларына интеллектуалдық меншiк құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк және жеке құқықтары болады», — біз дұрыс және қайталанбас деп бағалаймыз.

Салыстырмалы түрде РФ АК-нің 18-бабында құқық қабілеттіліктің мазмұнына азаматтың құқығы көрсетілген: «ғылым, әдебиет және өнер туындыларына, өнертабысқа және өзге де заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне автордың құқығына ие болу» жатады.

Өзбекістан АК-нің 18-бабында осыған ұқсас норма белгіленген: азаматтар ««ғылым, әдебиет және өнер туындыларына, өнертабысқа және өзге де заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне автордың құқығына ие бола алады».

Бұл мемлекеттердің азаматтық кодекстеріндегі интеллектуалдық меншікті азамат құқық қабілеттігінің көлеміне енгізуде қауіптілік тудырады. Заңдарда тек қана автордың құқығы ғана белгіленген, ал интеллектуалдық меншіктің объектілеріне автордың ие болу құқықтары мен барлық мүліктік емес игіліктері тыс қалып қойған.

Біздің пікірімізше, ҚР АК интеллектуалдық меншік құқығын азамат құқық қабілеттігінің элементіне енгізуі, мемлекетіміздің оған конституциялық мағынада көңіл бөлгенін көрсетеді. Осындай енгізу ары қарай азаматтық құқық объектілерінің жүйесіндегі аталған объектілердің рөліне әсер етеді.

Осындай енгізу, 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған ҚР Конституциясының, интеллектуалдық меншік туралы ешқандай норманы бекітпеген, жеткізіліксіздіктің орнын толтырды. Салыстырмалы түрде РФ Конституциясының 44-бабында интеллектуалдық меншік заңмен қорғалады деген норма бар.

Интеллектуалдық меншік құқығы азаматтық құқық қабілеттіліктің элементі ретінде объектілерді өздері тудыратын нақты құқық қатынастарда жүзеге асады. Азаматтық құқық объектілерінің жүйесінде оның орны туралы сұрақ пайда болады.

Әртүрлі мемлекеттерде ол әр қалай шешіледі. ҚР АК-нің 115, 117, 125-баптарындағы ұсыныстар интеллектуалдық меншікті мүлік қатарына жатқызып, мәселені шешудің жолы тиімді ме?

Біздің пікірімше, мұндай енгізу қазақстандық азаматтық құқықтағы мүліктің оқшаулығымен, жаңалығымен түсіндіріледі. Бұл нақты түрде ҚР АК-нің 115-бабынан көрінеді. Оның мазмұнын талдай келе, М.К. Сулейменов өзінің «Вещные права в Республике Казахстан» атты еңбегінде мүліктің келесі құрылымын бөледі:

— заттар (ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда);

— жұмыс пен қызметтер;

— интеллектуалдық меншік;

— мүліктік құқықтар (талап ету құқығы);

— міндеттер (қарыздар).

Яғни, интеллектуалдық меншік объектілері «мүлік» деген категориямен қамтылады. Азаматтық құқық объектілерін сыныптаудың негізгі, базалық түрлерінен автор келесін бөледі: 1) заттар (ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда); 2) жұмыс пен қызметтер; 3) интеллектуалдық меншік; 4) жеке мүліктік емес құқықтар.

Сонымен қатар, автор заттар мен қызметтерді азаматтық құқықтың мүліктік объектілері категориясына, ал шығармашылық қызмет нәтижелері мен жеке мүліктік емес игіліктерді – азаматтық құқықтың мүліктік емес объектілері категориясына жатқызудың тұрғысын ұстанады.

Сонымен, ғылыммен берілген, азаматтық құқық объектілерінің идеалды сыныпталуы мен ҚР АК-нің 115-бабында көзделген заңмен анықталған нақты сыныпталу теңбе-тең келмейді.

М.К. Сулейменовтың пікірінше, «ақырғы сыныпталу Қазақстан Республикасының заңнамасы тұрғысынан дұрыстау емес». Бұл жерде, республика заңнамасы бұл сұрақты идеалды шешпейтін шығар? — деген сұрақ туады.

Енді осыған ұқсас сұрақ басқа мемлекеттердің заңнамасында қалай шешілетіндігін қарастырайық, мәселен, РФ АК-де.

Кодекстің 128-бабында «Азаматтық құқық объектілерінің түрлері» деп аталатын тарауда құрылымды түрде объектілердің төрт тобы бөлінеді: 1) мүлік; 2) әрекеттер; 3) интеллектуалдық (шығармашылық) қызметтің нәтижелері; 4) материалдық емес игіліктер. Бұл жерде, ҚР АК-нің 115-бабында көзделген тұрғыдан басқа тұрғы белгіленген, интеллектуалдық меншік мүлік шегінен тыс алынып тасталған.

РФ АК-не түсініктеме бере отырып, авторлар «мүлік» терминін азаматтық құқықта әртүрлі түсінеді. Заңмен анықталған түсініктің шегі өте кең.

Мәселен, мүлікке әрбір жеке жағдайда: жеке мүліктер немесе олардың жиынтықтары (РФ АК-нің 15-бабының 2-тармағы, 46-бабының 2-тармағы); заттар, ақша, бағалы қағаздар (РФ АК-нің 302-бабының 1-тармағы, 307-бабының 1-тармағы); заттар, ақша, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар (РФ АК-нің 18-бабының 1-тармағы, 56-бабы); барлық мүліктік құқықтар жиынтығына субъектінің міндетін қоса алғанда. Осы нұсқаулықты қолдана отырып, «мүлік» терминінің мағынасын түсінген жөн.

Л.В. Щенникова тар мағынада мүлік деп заттар жиынтығын түсінсе, кең мағынада оған – талап ету құқығы мен қарыздарды, немесе азаматтық-құқықтық міндеттерді түсінетін.Соның пікірінше, «заңды мағынада мүлік деп ақшалай бағаланатын нақты тұлғалар түсетін заңды қатынастар жиынтығы түсіндірілерді». Осы терминнің түсінігіндегі келіспеушіліктің көп болуына байланысты автордың нұсқаулығы бар: «қазіргі заңгердің «мүлік» ұғымының ғылыми теориясы қаруында болу керек».

 Қазақстан мен Ресейдің заңнамасында азаматтық құқық объектілерінің құрылымы және «мүлік» терминінің мағынасы әртүрлі түсіндіріледі. ҚР АК-нің 115-бабында мүліктің кең мағынасы белгіленген: заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет және жеке мүліктік емес құқықтарға жататын кез келген құқықтар жатады.

Осыған қатысты, «мүлік» терминін қандай шектерге дейін толтыруға болады және оның құрамына интеллектуалдық меншік құқығы объектілерін енгізуге болады ма? деген сұрақ туады.

Бұл сұрақ, теориялық және практикалық мағынаға ие. Интеллектуалдық меншік объектілерінің азаматтық құқық объектілерінің жүйесіндегі орнын анықтаудан ҚР АК-мен және басқа да заңнамалармен ары қарай реттеуі байланысты болады. Мәселен, осы сұрақты шешуден нақты интеллектуалдық меншік объектісіне нақты субъектінің айрықша құқығының заңды белгіленуі айқындалады, яғни барлық субъективтік құқықтардың сатылары. Өз кезегінде, субъективтік құқықтар сатысында мәселені шешу, интеллектуалдық меншік объектілерінің тез арада азаматтық айналымға енуіне әсер етеді.

М.К. Сулейменовтың пікірінше, «мүлік түсінігімен адамға (азаматқа, заңды тұлғаға, мемлекетке) тиесілі заттар, талап ету құқығы және міндеттер қамтылады». Ол өзінің осындай пікірімен Г.Ф. Шершеневичтің пікірін растайды: «мүлік дегеніміз бағаланатын мүліктік қатынастар». Сонымен қатар, Нидерландының АК-нің 3 кітабының 1-бабында мүлік түсінігі бекітілген: «мүлік – бұл барлық заттар мен мүліктік құқықтар».

Осындай түсінікке сүйене отырып, біздің пікірімізше, ҚР АК 115-бабы қалыптасқан. Осы құрылысқа сәйкес жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктер экономикалық мазмұны жоқ және тұлғадан ажырамас азаматтық құқық объектісінің түрлеріне айналды. Бұлардың қатарына адам өмірі, денсаулығымен қатар, адам есіміне, авторлығына құқығы мен туындының қол сұғылмаушылығы құқықтары енді. Осыдан интеллектуалдық меншік объектілері мүліктік сипатта да, мүліктік емес сипатта да бола алады.

Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші бөлігі, яғни мүліктік мазмұнға ие бөлігі біздің пікірімізше, мүліктік игіліктер мен құқықтарға азаматтық құқық объектісі ретінде біздің азаматтық заңнамаға енді.

Осы саладағы күдіктің негізгі себебі ретінде интеллектуалдық меншік қызметінің нәтижелеріне құқықтардың күрделі, кешенді, бірқалыпты сипаты толығымен есепке алына ма? – деген сұрақ туады.

Егер мүліктің мазмұнын меншік құқығының объектісі құраса, яғни материалдық объекті, ал интеллектуалдық меншік құқығының негізгі сипаты ретінде олардың материалдық еместігі, идеалды, «ұстауға келмейтін заттар», «ұстауға келмейтін мүлік», ойлау және сезім қызметінің нәтижесі философиялық немесе техникалық міндеттің нақты шешімі болады.

Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтардың негізгісі ретінде айрықша құқық деп аталатын пайдалануға мүліктік құқық табылады.

«Интеллектуалдық меншік» терминінің жақтаушылары мен қарсыластары бұл өкілеттікті шығармашылық нәтижелеріне құқықтың мазмұнын сипаттайтын негізгі деп есептейді. Зерттелген объектілерге қатысты осы терминді қолданып, «интеллектуалдық меншік» терминінен бас тартуда ұсынылды.

Интеллектуалдық меншік – бұл ғылым, техника, әдебиет, дизайн және тауарлық белгіні қалыптастырудың саласындағы, интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықты қамтитын, синтетикалық түсінік деген пікір сынсыз нақты барлығымен қабылданып таралған.

Сонымен қатар, тұрақты ресейлік заңнама мен халықаралық шарттармен интеллектуалдық меншік ретінде интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелеріне және өзге де халықаралық міндеттемелермен қабылданған заңанамамен белгіленген тізімдер объектісі, жеке және мүліктік сипаттағы айрықша құқықтар жиынтығы түсіндіріледі деген тұжырым нақты болып келеді.

Біз бұл автордың тұжырымын, азаматтық құқықтық қатынастар дамуының динамикасына қатысты алсақ, онда интеллектуалдық меншік айрықша құқықтарға жататындығына әкелетін құқықтық құбылыс деген пікірінің дұрысытығын түсінеміз.

Бұл қорытынды ҚР АК-нің 115-бабында белгіленген интеллектуалдық меншік құқығының объектілерін мүлікке жатқызатын тұжырымды дәлелдейтіндігін көреміз. Біз Шершеневич, М.К. Сулейменов, Л.В. Щенникова сияқты ғалымдардың мүлікке қатысты пікірін қолдаймыз.

«Интеллектуалдық меншік құқығы» терминінің логикалығы мен дұрыстығы сұрақ тудырады.

Ұлттық және халықаралық қайнар көздердің мәтіндерін салыстырсақ, онда ақырғыларында интеллектуалдық меншік ретінде материалдық емес объектілер, яғни осы объектілерге қатысты құқықтар түсіндірілетіндігін көреміз. Мұндай жағдайда, оның субъектілері қатынастарға түсіп құқықтарға қатысты құқыққа ие болады, яғни құқыққа байланысты құқық.

Бұдан келесі қорытындыға келуге болады: «интеллектуалдық меншік құқығы» оның мағынасын ашқанда «құқыққа құқық» деп түсіндіріледі, мұның өзі тавтология. Сондықтан, біздің пікірімізше, ҚР АК-нің осындай терминдер қолданылатын баптарына өзгерістер енгізу керек.

Мәселен, ҚР АК-нің 14-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұнына қатысты, «Азаматтың Қазақстан аумағында… құқықтарға ие» деген сөзбен басталатын бапты келесідей өзгертуді ұсынамыз: «өнертабысқа, ғылым, әдебиет және өнер туындыларына интеллектуалдық меншік және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелері» деп «құқықтары бар» дегенді алып тастаймыз.

Осыған сәйкес ҚР АК-нің «Интеллектуалдық меншік құқығы» деп аталатын 5-Бөлімінің атауының дұрыстығы туралы сұрақ туады.

Тавтология болмауы мақсатында бұл бөлімді «Интеллектуалдық меншік» немесе «Айрықша құқық» деп атаған дұрыс. Осы ұсынысты нақты жүзеге асыру үшін бізді АК-тің Жалпы Бөліміндегі «интеллектуалдық меншік құқығы» деген ұғым ұстап тұр.

Сонымен, біздің пікірімізше, интеллектуалдық меншік объектісін азаматтың құқық қабілеттігі мен мүлкіне және азаматтық құқықтың өзге субъектісінің мүлкіне кіретін, интеллектуалдық шығармашылық қызметінің объективтендірілген нәтижелеріне және заңды тұлғаны дараландыру құралдарына теңестірілген, жеке және заңды тұлғаның өнімі, орындалған жұмысы мен қызметіне айрықша құқық ретінде анықтауға болады.

 

  1. Кез келген жүйе сияқты интеллектуалдық меншік жүйесі де оны құрайтын бөліктерден тұрады. Әлемдік жүйенің негізгі бас элементтері ретінде нормативтік және институционалдық бөліктері (бөлімдері) табылады.

Нормативтік бөлігін күшіндегі интеллектуалдық меншік саласындағы конвенциялар мен мемлекеттер арасындағы шарттар құраса, институционалдық бөлігін қатысушы-мемлекеттер, қатысушы-мемлекеттердің одақтары, Интеллектуалдық меншік бойынша Дүниежүзілік ұйым (ВОИС) құрайды.

Интеллектуалдық меншік бойынша конвенциялардың барлығын үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топты интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін шарттар құрайды. Бұл топтың өзін бірнеше топшықтарға бөлуге болады: авторлық және сабақтас құқықтардың қорғауын қамтамасыз ететін шарттар; өнеркәсіптік меншіктің қорғауын қамтамасыз ететін шарттар.

Екінші топты бірнеше мемлекетте өнеркәсіптік меншіктің қорғауын алуға жеңілдететін шарттар құрайды.

Үшінші топты халықаралық сыныпталуды бекітетін шарттар құрайды.

Аталған топтарға енетін көпжақты конвенцияларға нақты тоқталайық.

Интеллектуалдық меншік бойынша Дүниежүзілік ұйымның авторлық және сабақтас құқықтардың қорғауын қамтамасыз ететін шарттарға жатады: Әдеби және шығармашылық туындыларды қорғау бойынша Берн конвенциясы 1886 ж., Орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың және жариялау органдарының мүдделерін қорғау бойынша Рим конвенциясы 1961 ж., Фонограмма шығарушылардың мүдделерін фонограмманы заңсыз жаңғыртудан қорғау бойынша Женева конвенциясы 1971 ж.

Осы топтағы шарттар басқа мемлекеттерде қатысушы-мемлекеттер азаматтарның мүдделерін қамтамасыз ететін, халықаралық-құқықтық материалдық және процессуалдық нормалардан тұрады.

 Өнеркәсіптік меншіктің қорғауын қамтамасыз ететін шарттарға келесі халықаралық шарттар жатады: Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясы 1883 ж., Тауардың шығу тегіне қатысты жалған және қателікке әкелетін мәлімдемелерді кесу бойынша Мадрид келісімі 1891 ж., Олимпиядалық символды қорғау бойынша Найроба шарты 1981 ж., Тауарлық белгілер бойынша заңдар туралы Шарт (ТЛТ) 1994 ж.

Бұл конвенциялар нақты көрінетін қорғау функциясын атқарады. Олар мемлекеттермен келісілген заңды қорғаудың қайнар көзі болып табылады.

Бірнеше мемлекетте өнеркәсіптік меншіктің қорғауын алуға жеңілдететін шарттар қорғау объектісіне байланысты бөлінеді.

Патенттер саласында оларға жатады: Патенттік кооперация туралы Шарт (РСТ) 1970 ж., Микроағзаларды патенттік тәртіп мақсаты үшін депондауды халықаралық тану туралы Будапешт шарты 1977 ж.

Тауарлық белгілер саласына, Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі 1891 ж. және Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттама 1989 ж. жатады.

Тауарлардың шығу тегінің орындарының түр-түріне қатысты, Тауарлардың шығу тегінің орындарының түр-түрін және олардың халықаралық тіркелуі бойынша Лиссабон келісімі 1958 ж. қолданылады.

Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық-құқықтық қорғаудың сұрақтарын Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық депондау туралы Гаага келісімі 1925 жылғы реттейді.

Аталған топтағы конвенциялар ұлттық қорғау құжаттарын бір немесе бірнеше мемлекетте алуын жеңілдетеді. Осы конвенцияларды пайдаланушылар саны жылдан-жылға өсуде, бұл осы саладағы глобализацияның көрінісі.

 Үшінші топты халықаралық сыныпталуды және олардың ары қарай жетілдіру тәртібін бекітетін шарттар құрайды. Осы саладағы шарттарға жатады: Халықаралық патенттік сыныпталу туралы Страсбургтік келісім 1971 ж., Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныпталуы туралы Ницц келісімі 1957 ж., Белгілердің бейнелеу элементінің халықаралық сыныпталуын құру бойынша Вена келісімі 1973 ж., Өнеркәсіптік үлгілердің Халықаралық сыныпталуын құру бойынша Локарлық келісім 1968 ж.

Осы күшіндегі конвенциялардың ары қарай жетілдірілуі тұрақты жүзеге асуда және ВОИС мүшелерінен белсенділікті талап етеді.

Халықаралық байланыстағы дамудың көрсеткіші ретінде жұмыс топтарымен және сарапшылардың тұрақты комитеттерімен әзірленген конвенция жобалары табылады. Олардың саны өте көп, оның барлығын атамаймыз. Сондықтан, біздің пікірімізше аса өзектілерін қарастырған жөн.

Патенттік қорғауды тез арада алуды және қолданудың тиімділігін көтеру мақсатында, ВОИС-тың патент сарапшыларының Комитетімен Патенттік заңдар туралы шарт (ПЛТ) жобасы әзірленді. ПЛТ жобасы ұлттық және аймақтық заңдар арасындағы түсінбеушілікті реттеуші ретінде де табылады.

2000 жылдың мамыр-маусым айларының арасында Дипломатиялық конференцияда, ПЛТ-ның патенттік құқықтың процессуалдық нормалары бар, бірінші бөлігі бірнеше мемлекеттермен және аймақтық патенттік ұйымдармен қабылданды. Дипломатиялық конференция шарт мәтінімен келіссе де, ПЛТ-ның өзі әлі де жетілдіруді талап етеді. Қазақстан Республикасы ПЛТ-ның мемлекеттің экономикасына пайдасы түсетіндігін ұғынғанда ғана ратификациялайды.

Келесі ВОИС-тың сарапшылары жұмыс жүргізіп жатқан жобаның бірі авторлық саладағы жоба, ол Берн конвенциясына Хаттама.

Осы саладағы практикаға сәйкес ұлттық заңнама мен Берн, Рим конвенцияларының арасында келіспеушіліктер пайда болуда.

Сондықтан, осы жағдайды түсініп сарапшылар комитеті Берн конвенциясына хаттаманы әзірлеуге бастады. Бұл жобаны әзірлегенде, авторлық құқықтың азаматтық құқыққа (рим және континенталдық) және жалпы (ағылшын-саксондық) құқыққа негізделген жүйелерінің арасында байланыс орнатуды мақсат тұтқан.

 Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық депондау туралы Гаага келісімін алпыс жыл қолданудың тәжірибесі, оның қатысушыларының аз ынталандыратындығын көрсетті, соның нәтижесінде осы Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер саны өте аз.

Сарапшылар комитеті өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық депондаудың санын ұлғайта алады және қатысушы-мемлекеттер санын ұлғайта алады, егер үш топ мәселені шешетін болса:

— жүйе пайдаланушыларына және депондау нысанына, депозитормен бажды төлеуге әкелетін және соған қатысты мәселелер;

— ұлттық ведомствоның мәселелеріне қатысты мәселелер;

— өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың аймақтық жүйелерінің болуы арқасында, олар ұлттық жүйелерді ауыстырып Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер санын азайтады.

Қазіргі таңда, Гаага одағының қатысушы-мемлекеттер өкілдерінен тұратын сарапшылар Комитеті өз қызметін жалғастыруда. Олар осы аталған үш мәселені шешуді мақсат қойған және соның нәтижесінде жүйеге жеңілдіктер берудің арқасында конвенцияға қатысушы-мемлекеттер санын ұлғайтпақ.

ВОИС-тың сарапшылар комитеті жұмыс істеп жатқан келесі құжат болып Интеллектуалдық меншік саласындағы мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу бойынша ВОИС Шартының жобасы табылады.

Осындай келісімді қабыладудың себебі ретінде интеллектуалдық меншік саласындағы мемлекетаралық қатынастарды реттейтін шарттардың түсінігі мен қолдануында туындайтын, даулар табылады. Осы ереженің болмауына байланысты мемлекеттер туындаған дауларды халықаралық принциптерге негізделе отырып шартта тараптар келісілген дауды шешу құралын қолданып келеді.

Осы жобаланып жатқан шарттың мақсаты болып интеллектуалдық меншік саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін интеллектуалдық меншікті қорғауға көмек табылады (16,625).

Осындай дауларды шешу үшін тиімді тәртіпті белгілеу интеллектуалдық меншікті қорғаудың негізі болады.

Интеллектуалдық меншіктің құқықтық реттелуін қарастыра отырып, оның енді интеллектуалдық меншікті қорғаудың әлемдік жүесінің институционалдық бөлігін қарастырған жөн.

Қазіргі таңдағы интеллектуалдық меншік саласындағы тұрғылар мен тәртіптердің ұқсастығына байланысты, халықаралық стандарттау және өзара құқықтар мен міндеттерді тану арқылы практикалық тәртіпті жеңілдетуге көшу керек. Осы тұжырым мемлекеттер арасындағы келіссөзге әкелді және соның нәтижесінде көпжақты шарттар (конвенциялар) қабылданды. Әрбір конвенция әрбір салада мемлекеттер одағынан тұрады.

Сондықтан, әртүрлі мемлекеттер одағының үлкен саны жиналады, мысалы, Париж одағы, Берн одағы, Мадрид одағы, т.б. Әрбір одақты әкімшілік басқарудың қажеттілігі пайда болады (мүшелік сұрақтары, мүшелік үшін төлеу, отырыстарды ұйымдастыру, құжаттарды толтыру т.б.). Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Париж және Берн конвенцияларының саласында халықаралық хатшылық, қысқаша БИРПИ құрылды.

1967 жылы Интеллектуалдық меншік бойынша Дүниежүзілік ұйымды (ВОИС-тың) құрылуын бекітетін Стокгольм конвенциясы қабылданды, кейіннен бұл ұйым БҰҰ арнайы ұйымы ретінде енді.

ВОИС қызметі интеллектуалдық меншікке қадірлеушіліктің өсуін және өнеркәсіптік мәдениеттің қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті.

Осы қызмет негізінен үш бағытта жүзеге асуда:

— интеллектуалдық меншіктің әкімшілік сұрақтары бойынша үкіметаралық байланысты қамтамасыз ету;

— бағдарламалық қызмет;

— тіркеу қызметі.

Осы үш бағыт ВОИС-тың БҰҰ арнайы ұйымдарынан айырмашылығын көрсетеді (мысалы, ЮНЕСКО-ға, МОТ-қа, ВОЗ-ға т.б. қарағанда).

ВОИС-тың негізгі қызметін бағдарламалық қызмет құрайды. Ол қазіргі таңда, бар конвенциялардың кеңінен қолданылуын, оны қажет болғанда қайта қарауын, жаңа ережелердің қабылдауын және «даму мақсатында байланыс бойынша қызметтің» жүзеге асуымен шектеледі.

Біздің республика 1993 жылдан бастап ВОИС өткізетін барлық іс-шараларға белсенділікпен қатысуда және халықаралық ұйым тарапын қажетті интеллектуалдық меншік құқығы саласында құқықтық және техникалық көмек алуда.

Қазақстан тәуелсіздік алған кездің алғашқы жылдары мемлекет алдында, интеллектуалдық меншік жүйесін қалыптастыру мен қатар, әлемдік жүйе дамуына сәйкес келудің қиын міндеті тұрды.

 

  1. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласында халықаралық деңгейдегі ең негізгі институт және бірқатар ұйымдар бар. Негізгі халықаралық ұйымдар Бүкіләлемдік интелектуалдық меншік ұйымы (БИМҰ) және Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) болып табылады. Аймақтық ұйымдар арасында Еуропалық Одақ маңызды орын алады. Бұл ұйымдар өте маңызды қызмет атқарады. БИМҰ және БСҰ интелектуалдық меншікті корғау саласындағы негізгі халықаралық шарттарды жасау мен қайта құру үшін жауап береді. Олар мұндай шарттарды жасап қана қоймай, кейбір жағдайларда олардың күштеп орындалуын жүзеге асырады. Европалық Одақ тауар таңбалары жөніндегі аймақтық бюро ашып, қазіргі уақытта тауар таңбалары туралы аймақтық заңнама жасаумен шүғылданады.

Бүкіләлемдік интелектуалдық меншік ұйымы (БИМҰ).

Интеллектуалдык меншікті қорғау саласындағы халықаралық әріптестіктің қажетті бөлігі БИМҰ қызметіне қатысу болып табылады.

Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымы — интеллектуалдық меншік мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың ежелгісі және ірісі. БИМҰ тамырлары Иоганн Брамс өзінің Үшінші симфониясын, Роберт Луи Стивенсон «Остров сокровищ» еңбегін жазғанда, ал Джон мен Эмили Рэблинг Нью-Йоркта Бруклин көпірінің құрылысын аяқтап жатқанда 1883 жылға кетеді.

Яғни, бұл ұйымның құрылу тарихы XIX ғ. аяғында «Өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Париж конвенциясы» мен «Әдеби және көркем шығармаларды корғау туралы Берн конвенцияларын» жүзеге асыру үшін құрылған құрылымдарының қосылу кезеңіне жатады. 14 мемлекет қатысатын Париж конвенциясы 1884 жылы күшіне енді. Оның ережелеріне сәйкес мүше мемлекеттердің мәжілістерін ұйымдастыру сияқты әкімшілік міндеттерді орындау үшін Халықаралық бюро құрылды. 1886 жылы халықаралық құқық және онымен бірге Берн ковенциясы пайда болды. Берн конвенциясы шеңберінде әкімшілік міндеттерді орындау үшін де Халықаралық бюро құрылды. 1893 жылы бұл екі шағын бюро Интеллектуалдық меншікті қорғау жөніндегі біріккен халықаралық бюро деп аталатын бір халықаралық ұйымға бірікті (бұл ұйым француз тілінде қысқартылған нүсқасымен белгілі БИРПИ). Швейцарияның Берн қаласында орналасқан штаб-квартирасы бар, жеті адамнан тұратын бұл кішігірім ұйым бүгінгі Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымының алғашқы бейнесі болды.

1967 жылдың 14 шілдесінде Стокгольмде Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымын қалыптастыратын конвенцияға қол қойылды. Онда ұйымның мақсаттары, қызметтері, құрылымы және ондағы меншік анықталды. 1974 жылдан бастап БИМҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

БИМҰ құратын конвенция 4 түрлі органның құрылуын көздейді: Бас Ассамблея, Конференция, Координациялық комитет және БИМҰ Халықаралық, бюросы.

БИМҰ құрылымында ұйымның хатшылығы болып табылатын Халықаралық бюромен катар, Патенттік ақпарат жөніндегі тұрақты комитет (ПАТК) пен Патенттік құжаттама орталығы әрекет етеді.

ПАТК акпараттық іздеу саласында қызметтестік жөніндегі халықаралық комитеттің мирасқоры ретінде 1977 жылдың қазаң айында құрылды. ПАТК-да 4 жұмыс тобы әрекет етеді: жоспарлау, дамушы елдерге арналған патенттік ақпарат, жалпы акпарат және іздеу ақпараттық бөлімдері. ПАТК БИМҰ қатысушы мемлекеттер арасында патенттік ақпаратқа қатысты мәселелер бойынша қызметтестікті ұйымдастырады. ПАТК келесі бағыттарда жұмыс атқарады:

  • патенттік ақпарат саласында БИМҰ-ға қатысушы-мемлекеттердің патент ведомстволары қызметін стаңдарттау;
  • патенттік ақпарат саласында автоматизация;
  • патенттік құжаттама іздеу қорын ұйымдастыру және сақтау;
  • өнеркәсіптік меншік саласында статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу және тарату.

Қазіргі кезде штаб-квартирасы Швейцарияның Женева қаласында орналасқан БИМҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде 16 мамандандырылған мекемелерінің бірі болып саналады. Ол интеллектуалдық меншікті корғаудың әр түрлі аспектілеріне қатысты 23 халықаралық шарттың әкімшілік қызметтерін жүзеге асырады. 182 мемлекет Ұйымның мүше мемлекеттері болып табылады. Бұл бүкіл әлемдегі мемлекеттердің 90 пайызын құрайды, ұйым қызметінің айрықша маңыздылығы мен мәнділігін көрсетеді.

Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ).

Бүкіләлемдік сауда ұйымы 1995 жылы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімді жетілдіру туралы көп жақты келіссөздердің нәтижесінде құрылды. Бұл келісім еркін сауда дамуында маңызды орын алады. Бірақ оның ережелері қызметтерді сату туралы және интеллектуалдық меншікті алу туралы мәселелерді қамтымайды. Оған қоса ГАТТ шеңберінде оның ережелерін күштеп орындау институттары мен механизмдер құрылмаған болатын.

1986 жылдан 1994 жылға дейін созылған халықаралық келісімдердің Уругвай раунды БСҰ-ның құрылуы туралы келісім де, өзге келісімдер де кірген Қорытынды актіні қабылдаумен аяқталды. Қорытынды актіге кірген тағы бір келісім — интеллектуалдық меншік құқытарының сауда аспектілері жөніндегі келісім (Trade Related Aspects of Intellectual Property Rights — TRIPS). Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім ТРИПС мемлекеттің интеллектуалдық меншік жөніндегі негізгі халықаралық шарттарды ұстану, сәйкес шарттар бойынша талап етілетіндей оның қорғалуының деңгейін қамтамасыз ету дайындығы және ең бастысы, шарттық міндеттемені күштеп орындаудың тиімді механизмдерін қолдану БСҰ-ға мүшеліктің талаптарын көрсететін ережелері бар.

Заң жобасы «Авторлық кұқық және сабақтас құқықтар туралы», «Қазақстан Республикасында селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент Заңы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Интегралды микротәсімдер топологияларын құқықтық қорғау туралы» сияқты Қазақстан Республикасының бірнеше заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Заң жобасы Қазақстанның интеллектуалдық меншік объектілерінің кажетті деңгейде қорғалуын және бұл салада ұлттық заңнаманың интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері жөнівдегі БСҰ Келісіміне сәйкестендірілуін талап ететін Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуге дайындалуына байланысты жасалды.

Заң жобасы әрекеттегі заңдардың негізгі қағидаларын сақтай отырып, оларды біздің мемлекетіміз соңғы жылдары жасасқан «Таңбаларды тіркеу үшін тауарлар мен қызметтерді халықаралық классификациялау туралы» Ницце келісімі, «Халықаралық патенттік классификациялау туралы» Страсбург келісімі т.б. сияқты халықаралық шарттар талаптарына сәйкестендіреді.

«Қазакстан Республикасындағы селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент Заңы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» және «Интегралды микротәсімдер топологияларын құқықтық корғау туралы» Заңдарына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар әрекеттегі нормалардың бірқатар ережелерін нақтылайды, құқықтық әрекеттің шекараларын анықтап, олардын бір мәнді емес талқылануына жол бермейді.

Заң жобасы еліміздің заңнамасының өзгерістерін, сонымен қатар, аталған заңдардың интеллектуалдық меншік объектілеріне қорғау беру тәжірибесінде қолданылуын ескереді және жұмыс істемейтін ережелерді жою мен неғұрлым жаңа реттеу механизмдерін енгізуге бағыггалған.

Бүкіләлемдік санаткерлік меншік ұйымымен Бүкіләлемдік сауда ұйымы арасындағы байланыстар.

Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) ГАТТ шеңберіндегі көп жақты сауда келіссөздерінің Уругвай раундының сәтті аяқталуы нәтижесінде 1994 жылдың 15 сәуірінде құрылды. 1995 жылдын 1 қантарында күшіне енген Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері туралы келісім (ТРИПС) сол кезде жасалған келісім болып табылады. ТРИПС келісімі интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласында жаңа кезеңді белгіледі, сонымен қатар БИМҰ жұмысы бағдарламасының маңыздылығын арттырды. ТРИПС келісімінің авторлық құқыққа және сабақтас құқықтарға, патенттерге, тауар таңбаларына, өнеркәсіптік үлгілерге және интегралды микротәсімдер топологиясына қатысты ережелері БИМҰ хатшылығы және оның алдында болған ұйымдары 100 жыл бойы қызмет көрсеткен халықаралық шарттар мен конвенцияларды тікелей толықтырады.

1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымы мен Бүкіләлемдік сауда ұйымы арасындағы келісім күшіне енді. Келісім ТРИПС келісімін жүзеге асыруда, атап айтқанда, заңдар мен ережелер туралы ескертулер, дамушы мемлекеттер мүддесіне құқықтық-техникалық көмек көрсету және техникалық қызметтестікті жүзеге асыру нысандарында қызметтестікке бағытталған.

Еуропалық Одақ.

Еуропалық Одаққа ұзақ мерзім бойы интеллектуалдық меншікті корғаудың мықты жүйесі әрекет ететін мемлекеттер кіреді. Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер мен Еуропалық Одақ басқарушы органдары интеллектуалдық меншікті қорғау саясатында мына мақсаттарды алға қояды:

— интеллектуалдық меншікті қорғауды күшейту;

— интеллектуалдық меншікке құқықтың адал емес бәсекелестікте қолданылуынын алдын алу;

— интеллектуалдық меншік туралы заңнаманы үйлестіру;

— тауар таңбаларымен айналысатын ұлттық патенттік қызметтер мен құрылымдардын күштерін қайталау деңгейін төмендету.

Бұл мақсаттарға жету үшін Еуропалық Одақ бірқатар механизмдер қолданады:

  • міндетті директиваларды жариялау;
  • негізгі халықаралық ұйымдар жұмысы мен шарттарын дайындауға қатысу;
  • еуропалық, Одақка мүше мемлекеттері үшін косылу шарттарын дайындау (кейбір жағдайларда басқа мемлекеттер үшін де ашық);
  • жеке институттарды, атап айтқанда, Еуропалық патенттік бюро мен Тауар таңбалары жөніндегі Еуропалық бюроны құру.

 

  1. Интеллектуалдық меншікті қорғау жүйесі авторлық-құқықтық, патенттік-құқықтық және аралас тәсілдер болып бөлінеді. Біздің пікірімізше, бұл үш категорияны да екі түрге сыныптауға болады: универсалды және арнайы тәсілдер деп. Бұл жерде, универсалды тәсіл болып интеллектуалдық меншік объектілерін қорғаудың авторлық-құқықтық тәсілі табылады.
  2. Авторлық-құқықтық тәсіл. Негізгі бірлік ретінде, авторлық құқықта туынды табылады. Қазақстанның және Ресейдің заңнамасында туныдының түсінігі жоқ, тек Заң санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастары реттейдi деп қана көрсетілген.

Қорғаудың авторлық-құқықтық әдісі оның мағынасын емес, туындының нысанын қорғайды дегенді көрсетеді. Заң жағынан оның мағынасы келесіден көрінеді: «авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды» (Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңның 6-бабының 4-тармағы).

Қорғаудың авторлық-құқықтық әдісі туындының нысанына ғана емес, сонымен қатар оның мазмұнына да таратылады. Сонымен бірге, ол айрықша құқықтардың басқа субъектіге беруінен де қорғалуымен сипатталады.

Сонымен, біздің пікірімізше, авторлық-құқықтық әдіс нысанмен қатар, онымен байланысты мазмұн элементтерінің барлығын қорғауға көмектеседі. Бірақ, мұндай қорғау объектінің мазмұнынан туындайтын айрықша мүліктік құқықтарды бермейді.

Универсалды авторлық-құқықтық әдіс шығармашылық қызметтің кез келген нәтижесіне таратылады, бірақ ҚР АК-нің 961-бабында көзделген — азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына таратылмайды. Бұл түсінікті де, себебі бұл объектілер шығармашылық қызмет нәтижесінде емес, патенттік ведомствомен тіркелгенде ғана пайда болады.

  1. Патенттік тәсіл және патенттеу жүйесі. 1992 жылдың 18 маусымында ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Ұлттық патенттік ведомствосы құрылды. Осыдан кейін, біздің республикамыздың аумағында өнеркәсіптік меншік объектілерінің патенттік қорғауы жүзеге асуға бастады.

«Патент» термині кеңінен қолданылып жүр. Ол латын сөзі «patere» -ден ашық болу, көрінуге ашық деп аударылады. Алдынғы бетінде мөрі бар құжат «ашық мадақтама» деп аталды.

Патент әртүрлі заңды және әдеби анықтамалардан тұрады, сондықтан біз оған толық анықтама беріп көрелік:

патент деп заңнама нормаларына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органмен патент иесіне берілетін, белгілі уақыт ішінде белгілі аумақта патенттелген техникалық шешімді өз қалауы бойынша қолдануға айрықша құқықтардың бергендігін куәландыратын қорғау құжаты табылады.

Патенттік қорғаудың пайда болуынан, екі ғасыр бойы көптеген әдебиеттерде патенттің экономикалық және құқықтық рөлі туралы көптеген тұжырымдар болды. Мысалы, патент құқықтарды беру туралы акті және шарт болып есептелінді. Кейбір әдебиеттерде патент монополия және интеллектуалдық меншік объектісі ретінде де қаралды.

Қазақстан Республикасында патент интеллектуалдық меншік объектілерін қорғаудың ерекше тәсілі, ол заңнамамен толық реттелген және өзінің аспектілерімен сипатталады. Қазақстандық патенттік жүйе тұпнұсқалы, сондықтан оның аспектілерін қарастырған жөн.

ҚР Патенттік жүйесіне келесі белгілер тән:

— қорғалатын объектілердің шектелген тобы. ҚР Патент заңының бірінші бабынан бастап осындай объектілердің шектелген тобы көрсетілген — өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіп үлгілері. Оны қысқартылған түрде өнеркәсіптік меншік объектілері деп атайды. Заңның 5-7 баптарында осы объектілер нақтыланады.

1999 жылдың 13 шілдесіндегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін, патентпен қорғалатын объектілер саны кеңейді. Заңның 3-бабына сәйкес селекциялық жетiстiкке құқық Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады және патентпен расталады. Патент селекциялық жетiстiктi пайдалануға патент иесiнiң айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердiң авторлығын куәландырады. 

2001 жылдың 29 маусымындағы «Интегралды микротәсімдер топологиясын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес құқық иесіне «Топологияны тіркеу туралы куәлік» деп аталатын қорғау құжаты беріледі;

— патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі. Бізбен анықталған патенттеу объектісі техникалық немесе шығармашылық-техникалық шешімді білдіреді, ол авторлық құқық объектілеріне қарағанда қайталанатын болып келеді.

Патенттеу тәртібін схемалық түрде келесідей көрсетуге болады: патенттік ведомствоға өтінім беру — өтінімді қабылдау бөлімінде формальды сараптама — өнертабыс және пайдалы модельдер бөлімінде сараптама – қорғау құжатын беру туралы шешім – берілетін патент туралы мәліметтерді басу – патент иеленушіге қорғау құжатын беру.

Патенттеу жүйесін таңдау сұрағы біздің республикамызбен тәуелсіздік алғаннан бері шешіліп келген.

Барлық белгілі ұлттық жүйелерді екі негіз бойынша сыныптауға болады: патент иелері болуға құқықтары бар субъектілер бойынша және патенттік сараптама тәртібі бойынша.

Бірінші негіз бойынша авторлық және арыздық жүйелерді бөлуге болады.

Авторлық жүйеде патент иесі ретінде автор не оның мирасқорлары ғана бола алады. Мұндай АҚШ-та қолданылады.

Арыздық жүйеде патент иесі ретінде кез келген арыз берген тұлға бола алады – автор оның мирасқорлары немесе өзге де тұлғалар. Көптеген Еуропа мемлекеттері осы жүйені таңдаған. Қазақстан да осы жүйені таңдады.

Екінші негіз бойынша патенттеудің келушілік, тексерушілік және аралық жүйелерін бөлуге болады.

Келушілік жүйе (Греция, Италия, Швейцария т.б. мемлекеттерде қолданылады) бойнша патент қажетті құжаттар мен талаптар орындалғаннан кейін, оның жаңалығы мен өнертабыс деңгейін анықтамай-ақ беріледі.

Бұрыңғы Кеңес Одағында тексерушілік жүйе қолданылған. Кез келген өтінім оның жаңалығына, өнертабыстық деңгейіне және өнеркәсіпте қолданушылығына толығымен тексеріледі. Осы тексерушілік жүйе қазір Ресей Федерациясында қолданылады.

Қазақстан Республикасы тексерушілік жүйені енгізе алмағандығының себебі, сараптамалық патенттік қордың болмауынан болды.

Сондықтан, патенттеудің жаңа жүйесін құру қажет болды, біз оны аралас деп атадық, яғни екі жүйенің элементтерін біріктіретін жүйе.

Таңдалған патенттеу жүйесі тіркеулік-тексерулік болып келеді. Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек. Өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала патент өтiнiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды. Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек ( ҚР Патент заңының 5-бабы).

Берілетін қорғау құжаттарына сәйкес өтінімді сараптаудың тәртібі белгіленген. Олардың саны екеу – формальды сараптама және мәні жағынан сараптама.

Өнертабысқа өтiнiмнiң ресми сараптамасын еткiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiмнiң берiлген күнi, ұсынылған өтiнiмдi өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ өнертабыстың бiрлiгi тексерiледi. Өтiнiм берiлген өнертабыстың Заңның 6-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттiгi талаптарына сәйкестiгiне тексеру жүзеге асырылмайды. Алдын ала патент өтiнiм берушiнің тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi. 

Формальды сараптама жүргiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiм берiлген күн, мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ пайдалы модельдiң бiрлiгi тексерiледi.

Алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн, алдын ала патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жағдайында өтiнiм берiлген күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей берiлетiн өтiнiм берушiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама техника деңгейiн анықтау үшiн өтiнiм мәлiмделген өнертабысқа қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген шешiмнiң өнертабыс бiрлiгiнiң талабына және патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келетiнiне тексеру жүргiзудi қамтиды және өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенiн растайтын құжат, сондай-ақ өтiнiштi өтiнiм берушi жасаған болса, алдын ала патенттiң қолданылуын күшiнде ұстап тұруға ақы төленгенiн растайтын құжат табыс етiлген жағдайда жүзеге асырылады.

Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткiзу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы.

Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар, сұратуға немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың көшiрмелерiн өтiнiм берушi оған сараптама жасау ұйымының сұратуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, аталған көшiрмелер жiберiлген күннен бастап өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде табыс етiлуге тиiс. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген ұсыныс Заңда айқындалған өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып патентке өтiнiм берушiмен келiсiлген өнертабыс формуласымен оң қорытынды береді.

Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.

Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.

Өтiнiм берушi өтiнiм қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi және үшiнші тұлғалар алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техника деңгейiн салыстыру арқылы өнертабыстың патент қабiлеттiлiгiн бағалау жүзеге асырылатын анықтау үшiн ақпараттық iздестiру өткiзу туралы өтiнiш жасай алады.

Өтiнiм беруші сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен таныстырылуы мүмкiн. Өтінiм берушi сұратқан материалдарды сараптама жасау ұйымы оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi.

Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады. Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады.

ҚР Патент заңының 32-бабына сәйкес шағым кеңесi берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi уәкiлеттi органның мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Шағым кеңесi туралы ереженi, шағым кеңесiне қарсылықтардың берiлу және қаралу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

Берiлген қарсылық шағым кеңесiнiң алқа отырысында белгiленген мерзiм iшiнде қаралуға тиiс. Қарсылықтарды қарау мерзiмi қарсылық берген адамның, сондай-ақ патент иеленушiнiң өтінішi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол қарсылықты қарау үшiн белгiленген мерзiм өткен күннен бастап алты айдан аспауы керек.

Шағым кеңесiнiң шешiмiне қарсылық берген адам немесе патент иеленушi өздерi шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде оған сотқа шағымдануы мүмкiн;

— патент иеленушіге кешенді құқықтардың, оның ішінде объектіні пайдалануға айрықша құқықтардың бекітілуі.

Сонымен, патенттеу процесінің финалы ретінде алдын ала патенттің және патенттің берілуі табылады.

— қорғаудың уақытша және аумақтық сипаты.

Патенттер мен алдын ала патенттердің қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектелген. Патенттік монополия уақытпен де шектелген. Ол ҚР АК 999-бабында көзделген: алдын ала берiлетiн патент пен патент патенттiк органына (ұйымына) өтiнiм түскен күннен бастап қолданылады және заң актiлерiнде белгiленген талаптар сақталған жағдайда:

1) өнертабысқа алдын ала берiлетiн патент — бес жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек;

2) өнертабысқа патент — жиырма жыл бойы; 

3) пайдалы модельге патент — бес жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек;

4) өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала берiлетiн патент — бес жыл бойы; 

5) өнеркәсiптiк үлгiге патент — он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ бес жылдан аспауы керек.

Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау патент органына (ұйымына) өтiнiм келiп түскен күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау тек патент берiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент беруден бас тартылған жағдайда қорғауға алынбаған болып есептеледі;

— айрықша құқықтардың заңды шектелуі мен патент иесіне міндеттердің жүктелуінің қабілеттілігі.

Патенттік құқықтардың айрықшалығы және абсолюттігі сипаты түсінікті. Ол ҚР АК-нің 992, 993-баптарында көзделген.

Патент иесi кез келген тұлғаға өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы патенттiк органына (ұйымына) өтiнiш бере алады. Ашық лицензияны пайдалануға ниет бiлдiрген тұлға патент иесiмен төлем туралы шарт жасасуға мiндеттi. Мұндай шарттың талаптары туралы дауларды сот шешедi. Ашық лицензияға құқық беру туралы патент иесiнiң өтiнiшi қайтарып алуға жатпайды.

Патенттік қатынастарда патент иесінің және үшінші тұлғалардың қорғау шешіміне құқықтарының параллельді болуы да мүмкін. Ол ҚР АК-нің 1004-бабында немесе ҚР Патент заңының 13-бабында көзделген.

Өнеркәсiптiң меншiк объектiсiнiң басымдық алған күнiне дейiн Қазақстан Республикасының аумағында оның авторына тәуелсiз жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ұқсас шешiмдi адал пайдаланған немесе бұған қажет дайындықтар жасаған тұлға мұндай пайдалану көлемiн ұлғайтпай оны өтеусiз пайдалану құқығын (бұрын пайдалану құқығын) сақтайды.

Бұрын пайдалану құқығы басқа адамға ұқсас шешiмдi пайдалану орын алған немесе оған қажеттi әзiрлiк жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.

Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен бастап, бiрақ өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, пайдалы модельге алдын ала патент беру туралы мәлiметтер ресми жарияланған күнге дейiн пайдалана бастаған адамдар патент иеленушiнiң талап етуi бойынша одан әрi пайдалануын тоқтатуға тиiс.

Патент иесінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде техникалық шешімді пайдалану міндеті табылады.

ҚР Патент заңының 11-бабына сәйкес патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi.

Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлерiнiң келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия немесе қорғау құжатын беруге құқығы жоқ.

  1. Аралас тәсіл. Ол аталған екі тәсілдердің элементтерінен тұратын модификацияланған тәсіл болып табылады. ҚР АК-нің 961-бабында типсіз деп көрсетілген объектілерге қатысты қолданылады.

Типсіз сыған қатысты құқықтардың заңды бекітілуінің тәсіліне сипатталады.

Біздің пікірімізше, типсіз объектілерді қорғауды жүйелемекпіз. Авторлық тәсілге интегралды микротәсімдер топологиясын қорғау жақын, ал патенттік-құқықтыққа селекциялық жетістіктерді қорғау жақын болады.

Әртүрлі мемлекет заңнамасында және әдебиеттерінде типсіз институттардың тізімін әртүрлі анықтайды.

Селекциялық жетістіктерге, ашылмаған ақпаратқа және интегралды микротәсімдер топологиясына РФ тағы ғылыми жаңалықтар мен рационализаторлық ұсыныстарды жатқызады.

Мәселен, интегралды микротәсімдер топологиясы авторлық құқықтың элементтері сияқты тұпнұсқалы болуға тиіс. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне қолданылмайды. Сол сияқты құқықтық қорғау интегралды микротәсімдердің мазмұнды бөлігіне – идеяларға, тәсілдерге, жүйелерге, технологияларға қолданылмайды.

 ҚР АК-нің 1017-бабында ашылмаған ақпаратты қорғау көзделген. Техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық ақпаратты, оның iшiнде үшiншi тұлғаларға белгiсiз (ашылмаған ақпарат) өндiрiстiк құпияларды (ноу-хау) заңды түрде иеленетiн тұлғаның, осы ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға құқығы бар. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы осы ақпаратқа қатысты қандай да болсын шарттылықты орындауға (оны тiркеу, куәлiк алу және т. б.) қарамастан туындайды. Ашылмаған ақпаратты қорғау туралы ережелер, заң актiлерiне сәйкес қызметтiк немесе коммерциялық құпия бола алмайтын мәлiметтерге (заңды тұлғалар туралы мәлiметтер, мүлiкке құқықтар және олармен мәмiлелер туралы мәлiметтер; мемлекеттiк статистикалық есеп беру ретiнде ұсынылуға жататын мәлiметтер және басқалары) қатысты қолданылмайды. 

Ашылмаған ақпаратты заңсыз негiзде алған немесе таратқан не оны пайдаланушы тұлға осы ақпаратқа заңды түрде иелік етушiге оны заңсыз пайдаланудан келтiрiлген залалдарды өтеуге мiндеттi. 

Егер ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланушы тұлға оны таратуға құқығы жоқ тұлғадан алса, ол туралы ақпаратты алушы бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адал ниеттi алушы), ашылмаған ақпараттың заңды иесi адал ниеттi алушы оны пайдалану заңсыз екенiн бiлгеннен кейiн одан ашылмаған ақпаратты пайдаланудан келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. 

Ашылмаған ақпаратқа заңды иелiк етушi тұлға оны кiм заңсыз пайдаланса, содан оның пайдаланылуын дереу тоқтатуды талап етуге құқылы. Алайда сот ашылмаған ақпаратты адал ниеттi алушының оны пайдалануға жұмсаған қаражатын ескере отырып, оны айрықша тегiн лицензия талаптарымен одан әрi пайдалануға рұқсат беруi мүмкiн. 

Ашылмаған ақпараттың мазмұнын құрайтын мәлiметтердi өз бетiнше және заңды түрде алған тұлға бұл мәлiметтердi тиiстi ашылмаған ақпарат иесінің құқықтарына қарамастан пайдалануға құқылы және мұндай пайдалану үшiн оның алдында жауап бермейдi. 

Интеллектуалдық меншік объектілерінің азаматтық-құқықтық сипаты айрықша құқықтарды қорғаудың тәсілдерін анықтады. ҚР АК-нің 9 және 970-баптарында көзделген арнайы қорғау тәсілдері толығымен осы объектілерге қолданылады. Айрықша құқықтарды қорғау АК-тің 9-бабында көзделген әдiстермен жүзеге асырылады. Айрықша құқықтарды қорғау:

— пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою;

— жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен;

— заң актiлерiнде көзделген өзге әдiстермен де жүзеге асырылуы мүмкiн.

Сонымен қатар, арнайы қорғау әдістері басқа да нормативтік актілерде көзделген. Мысалы, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, ең төмен жалақының жиырмадан елу мыңға дейiнгi мөлшерi, ал ЭЕМ-ға арналған бағдарламаның немесе деректер базасы авторларының құқығын бұзғаны кезде ең төмен жалақының бес жүзден елу мыңға дейiнгi мөлшерi сомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *