Салыстырмалы құқықтану идеясының қалыптасу және дамуының тарихы

Мақсаты: осы тақырыпты оқу өзiнiң мақсаты ретiнде ежелгi кезден қазiргi күнге дейiн салыстырмалы құқықтанудың қалыптасуының және дамуының негiзгi жолдары туралы жалпы көрiнiстерiн қалыптастыруды қарастырады.

         Жоспары:

  • Салыстырмалы құқықтанудың ежелгi әлемде пайда болуы мен дамуы
  • Салыстырмалы құқықтану идеясының орта ғасырларда дамуы 
  • Салыстырмалы құқықтанудың қазiргi кезеңде дамуының ерекшелiктерi

 

1 Салыстырмалы құқықтанудың ежелгi әлемде пайда болуы мен дамуы.  Салыстырмалы құқықтану өзiнiң қалыптасуын ежелгi әлемнен алатын, ұзақ және қайшылықтарға толы тарихын иеленедi. Мемлекеттi, құқықты, әртүрлi қоғамдық-саяси құбылыстарды, институттар мен мекемелердi оқуда салыстырмалы әдiстi қолдану идеялары зерттеушiлердiң, теорияшылдардың және тәжiрибешiлердiң қолдануында әрқашанда ғана емес, әр жерде де болды. Ежелгi әлемнiң кейбiр елдерiнде және аймақтарында, қолда бар деректерге сәйкес, салыстырмалы әдiстi қолдану өте ашық және жүйелi сипатқа ие болуымен, ал өзгелерде – кездейсоқ, әрқашанда тiкелей байқалмайтын және шартты сипатқа ие болуымен ерекшеленедi. 

Салыстырмалы құқықтанудың ең көрнектi идеялары, мысалы, Жерорта теңiзiнiң жағалауындағы елдерде байқала бастады. Олардың iшiнінен ерекше болып Ежелгi Греция мен Ежелгi Рим мемлекеттерi бөлiніп шығады. Батыстық зерттеушiлердiң көзқарастары бойынша, дәл осы жерде алғашқы рет тек қана салыстырмалы-құқықтық идеялар ғана емес,  сондай-ақ мемлекет және құқық аумағында салыстырмалы тәжiрибенi өткiзудiң алғашқы тәжiрибелiк қабiлеттiлiгi қалыптасты. Бұл тәжiрибе бiр мемлекет пен халықтың өкiлдерi өздерiнiкiне қарағанда, өзге мемлекеттердiң шекарасынан тыс қызмет ететiн құқықтық нормалар, қағидалар, институттарды және олардың iшiндегi өзiн дәлелдеп көрсеткендерiн нақтылап зерттеулерi, оларды толығымен немесе iшiнара қабылдау, қолдану және ыңғайландыру мақсатымен басталуымен көрiндi. 

Салыстырмалы құқықтанудың жанама және әр кезде жүйелi түрде болмаған идеялары  ежелгi әлемнiң өзге елдерiнде және аймақтарында көрiнiс тапты: Таяу және Қиыр Шығыс елдерiнде, Үндiстанда, Қытайда және өзге елдерде. Осының күшiнде, әлемнiң барлық ғалымдары ұзақ уақыт бойы, мысалы, өте ертедегi өркениеттiң бiрi – Месопотамияның құқықтық мәдениетiнiң өзге өркениеттермен кездейсоқ элементтерiнiң, әртүрлi мәдениеттiң бiр-бiрiнен тәуелсiз дамуының  ұқсастығының  фактiсi  туралы  немесе бұл нәтиженiң белгiлi бiр заңдылықтың пайда болуы, әртүрлi құқықтық мәдениеттiң өзара байланысы мен әсер етуiнiң нәтижесi туралы ұзақ уақыт бойы дауласып келдi. 

Бiрақ та, б.д.к. XVIII ғ.ғ. билiк еткен Вавилон патшасының – кеңiнен танымал, атақты Хаммурапи заңы бiр және сол географиялық және кейбiр кезi мәдениеттiк аймақта орналасқан, Эшнунналар патшалығының заңдарымен өте көп ұқсастығы бар деп есептеледi. Соған қарамастан, бұл қауымдастық әртүрлi құқықтық жүйелердiң, жеке заң нормаларының, актiлердiң және институттардың өзара әсер етуiнiң нәтижесi деп   болжанады.    

Тарихи деректерге сәйкес, ежелгi кезде құқықтық институттар, нормалар, салт-дәстүрлер және өнеге басып алу немесе өзге әртүрлi себептердiң нәтижесiнде, толығымен немесе iшiнара, өз еркiмен немесе мәжбүрлi түрде бiр халықтан екiншi бiр халыққа ауысқанда, мұндай жағдайлар әлемнiң бүкiл аймағында кездеседi.  Бұл, сөзсiз, осы кезеңдегi салыстырмалы құқықтанудың тек қана пайда болуын және кеңiнен тарауын бiлдiрiп қана қоймайды, сондай-ақ оның осы кезеңде қолданылғаны туралы куәландырады. 

Ежелгi Греция мен Ежелгi Римде салыстырмалы-құқықтық идеялардың пайда болуымен және дамуының маңызды куәсi болып, аталып кеткен құбылыстардан басқа, салыстырмалы-құқықтық әдiстер немесе салыстырмалы-құқықтық идеялар, қағидалар, тiптi салыстырмалы-құқықтық материал қолданып жазған антикалық философтардың, заңгерлердiң, тарихшылардың ғылыми еңбектерiн қарастыру қажет.

Өте ерте салыстырмалы-құқықтық зерттеулер Ежелгi Грецияда табылған болатын. Олар антикалық мемлекеттiң саяси-құқықтық құрылыстың нысанына ежелгi гректiк ойшылдардың ерекше қызғушылығымен байланысты болды. Платон өзiнiң атақты “Заңдарында” әртүрлi гректiк полистердiң заңдарымен салыстырды және осы салыстырудың негiзiнде оның көзқарасы бойынша, олармен қарастырылған барлық заңдар iшiнен мемлекет үшiн тән қызмет ететiн идеалдық мемлекет құрылысын ұсынады.   

Өте көп салыстырмалы-құқықтық материалдардың негiзiнде Аристотельдiң “Саясат” атты атақты жұмысы жазылды. Онда зерттеушiлердiң куәсi бойынша, 153 ежелгi гректiк қала-мемлекеттердiң конституциялық заңнамасына салыстырмалы-құқықтық талдау қолданылған. Аристотель салыстырмалы-құқықтық әдiстi қолдану жолымен ең жақсы бағдар мен өнегеге, мемлекеттiк құрылымның ең жақсы (“дұрыс”) нысанына, сот жүйесiне, заңдылық пен әдiлдiктiң және т.б. арақатынасына қатысты өзiнiң қорытындыларын шығарады.  

Платон мен Аристотельден басқа салыстырмалы-құқықтық әдiстi  өзге де авторлар да пайдаланды. Солардың iшiнен — ежелгi гректiк философ  Теофраст. Оның “Заңдар туралы” шығармасының бiзге жеткен үзiндiсiнен байқалғандай, автор жеке құқықты қолдану сферасында кеңiнен осы әдiстi қолданды. К. Цвайгерт және X. Кётцтiң ойы бойынша, Теофрасттың мемлекеттiк-құқықтық құбылыстарды зерттеуге қатысты ғылыми беталысы   “қазiргi сипатқа тән” келедi.  Ол әртүрлi гректiк полистердiң құқықтық тәртiбiнiң негiзiнде жатқан жалпы қағидаларды анықтап, оларға олардан бас тартылған ерекше топқа жинақталған нормаларға қарама қарсы қояды.    

 

2  Салыстырмалы құқықтану идеясының  орта ғасырларда дамуы

V ғасырда Батыс Римдiк империяның құлауымен ежелгi әлемнiң жоғары жетiстiгiн бiлдiретiн антикалық өркениет, онымен қоса сол кезеңде негiзгi болып табылған саяси және мемлекеттiк-құқықтық институттар да  артта қалды.  Осы дәуiрдiң орнына Орта ғасырлар келдi, зерттеушiлердiң әдiлеттi ескеруi бойынша, батыс европалық қоғам  «өте көпке кейiнге қалдырылды және примитивтiк протомемлекеттерден iрi конгломеративтiк “варварлық”  хандыққа жаңа беталыс жасауы қажет болды, ал соңында – орталықтандырылған ұлттық мемлекеттерге ауысуы керек деп есептелдi”.

Алайда, Батыс Рим империясының құлауы  антикалық әлемнiң аса бай рухани құндылықтарынан ұзақ уақыт бойы айырылуға әкелгенiмен,  оны мемлекеттiк-құқықтық идеялардың, салыстырмалы-құқықтық әдiстердiң, институтар мен жалпы адамзаттықты қоса  алғанда, дамудың тарихындағы регресс ретiнде қарастыруға болмайды.  Рим империясының құлауы Орта ғасырларда “экономикалық, әлеуметтiк және саяси өмiрдi ұйымдастырудың тарихи, өте маңызды нысандарын өзiнiң белгiсiз Шығыс елдерiне және антикалық әлемге” жасауға мүмкiндiк алған әрi римдiктерге саясат және құқықтық мәдениет жағынан орын берiп, Батыс Европаның саяси аренасына жаңа адамзаттық қауымдастықтың, этностардың және халықтардың шығуына мүмкiндiк бердi. 

Айтылғандардың барлығы, толық көлемде салыстырмалы құқықтануға жатады, — оның идеяларына, әдiстемесiне, институттарына және мекемелерiне. Оның ертерек пайда болған құбылыстарынан, мысалы, Ежелгi Римде болуы мен қызмет етуi сияқты халықтардың құқықтары немесе антикалық дәуірдің аяқталуымен гректiк мемлекет-қалалардың салыстырмалы-құқықтық зерттеулерiн өткiзу, сөзсiз  артта қалды.   Бiрақ та олардың орнына, тiптi кейде олардың дамуына жаңа, бұрын танымал емес салыстырмалы құқықтанудың көрiнiс табуы мен нысандары келдi,  салыстырмалы-құқықтық зерттеулердiң аумағында жаңа идеялар қалыптасты, салыстырмалы әдiстi белсендi түрде пайдалану сферасы мен географиясы кеңейтiлдi.  

Рим империясы құлағаннан кейін салыстырмалы – құқықтық зерттеулер тек қана Жерорта теңіз бассейннің елдерінде ғана емес, сонымен қатар Еуропа мен Азия, кейін Солтүстік Америка елдерінде кеңінен қолданды және белсене жүргізілді.

Аталып кеткен кезеңдегі салыстырмалы құқықтық идеялардың, құбылыстардың, институттардың ерекшелігі, олар белгілі бір кезеңдегі меншіктің негізінде емес, сонымен қатар рецепция негізінде, басқаша тілмен айтқанда, рим құқығының жаңа тарихи жағдайларға, жаңа мемлекеттік – құқықтық ортаға бейімделу негізінде қалыптасып, дамыды.

Рим құқығының рецепциясының даму тарихы бүкіл салыстырмалы құқықтанудың даму тарихының ажырамас бөлігі екенін атап айту қажет. Бұл тезис тек қана ортағасырлық  салыстырмалы құқықтану дамуына ғана емес, жалпы мемлекет және құқықтың даму тарихына дұрыс болып табылады.

Бірақ салыстырмалы құқықтану идеяларының  даму тарихы ортағасырларда және кейінгі жылдарда тек қана рим құқығының рецепциясымен шектеліп қоймайды. Салыстырмалы-құқықтық идеялар ұлттық құқықтық жүйелер негізінде дамыды және қолданылды. Қоғамның мемлекет және құқықтың, мемлекеттер арасындағы сауда және басқа да қатынастар даму процессінде сол кездегі қолданып жүрген рим құқығының институттары және қағидаларымен қатар, жаңа кезеңдегі, яғни ортағасырлық және кейінгі кезеңдегі құқықтық нормаларымен институттарын қолдану қажеттілігі туды.

Мұндай қажеттілік құқықтың кейбір саласының жүйеге келтірілуі және бірыңғайлануынан  кейін туындады, әсіресе, ол азаматтық құқықта қатты сезінді. Бір құқықтық жүйенің немесе оның бөлек актілер мен институттардың басқаларға әсер етудің үлгісі  ретінде Францияның 1804 жылы қабылданған Азаматтық кодексі немесе оның басқаша атауы, Наполеон кодексін келтіруге болады.

Қарастырылып отырған кезеңдегі салыстырмалы құқықтану тек қана рим құқығының рецепциясында және бірқатар мемлекеттердің  заңнамасының  практикалық дамуында ғана емес, сонымен қатар көптеген ғылыми зерттеулерде өз көрінісін және дамуын тапқан.

Салыстырмалы құқықтанудың  ортағасырлардағы Еуропада дамуына хрестоматиялық әдебиет ретінде XV ғ. ағылшын зерттеуші – компаративист Фортескьюдің еңбектері болды. Ол алғаш рет Англия мен Франция заңдарын салыстырып көрді («Англияға билік ету» және «Ағылшын заңнамасын мақтау» еңбектері).

XV – XVI ғғ.Англияда басқа да көптеген авторлар құқықтық жүйелер мен институттарын салыстырып көрген. Х. Гермейннің «Доктор және студент» атты кітабы кеңінен таралған. Бұл еңбекте автор ортақ және канондық құқықтарды таразға салған жалпы, канондық және азаматтық құқықтарды салыстырған  В.Фулбеке еңбектері белгілі.

 Жаңару кезеңінде көбі Вольф пен Неттельбладтың еңбектеріне сүйенген. Сол кездегі Еуропадағы басым  болған табиғи құқық теориясының жақтаушылары болғандықтан, олар құқықты салыстырумен айналысқан.

Табиғи құқық теориясын кейінгі жақтаушылары – Монтескье, Гроций, Пуффендорф және басқалары сияқты тұлғалар шынайы құқықтың жақтаушыларының  кейінгі жолын қуушылары бұл салыстырмалы тәсілді табиғи құқық теориясының доктринасына тек қана түсінік беру үшін қолданғанын ескеру қажет.

 Ортағасырлық салыстырмалы құқықтану тарихын зерттеген кезде Бэконның «О достоинстве және приращении наук» атты еңбегі көзге түседі. Бұл еңбекте автор ұлттық құқықты аша отырып, оның игілігін білуіміз қажет деп айтқан.

Қарастырылып отырған кезеңдегі салыстырмалы құқықтанудың  дамуында неміс философы Лейбництің кейбір еңбектері («Құқық қолдану ортасы» трактаты) және басқа да көптеген авторлардың еңбектері маңызды рөл атқарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *