Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі

 

9.1. Президенттік институты Қазақстан Республикасының конституциялық құқығында маңызды орынға ие болады. Қазақстан Республикасы Конституциясында анықталған мемлекеттік билік органдарының жүйесі президенттік институтынан басталады, себебі қолданыстағы заңдылық қазақстандық мемлекттілік даму президенттік республика бағытында екенін нақты бекітті.

Қазақстан Республикасындағы президенттік басқару нысанының өзіндік ерекшеліктері бар. Ресейлік және қазақстандық құқықтанушылар Қазақстан “жартылай президенттік” басқару нысаны бойынша дамуда деп санайды. Себебі, конституциялық-құқықтық ғылымда таза президенттік басқару нысаны түсінігіне президент мемлекет басшысы болып қана қоймай, сонымен қатар біртұтас атқарушы-өкімдік билікті басқаратын нысан ретінде танылуы жатады. Президенттік республиканың классикалық үлгісі болы АҚШ-тары табылады. Бұндай асқару нысаны 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған.

“Жартылай президенттік” республикада президент тек қана мемлекет басшысы болып табылады. Басшысы Премьер-Министр болып саналатын Үкімет Парламент алдында жауапты. Бұндай модель Ү-ші Француз Республикасының Конституциясында қарастырылғанмен, іс жүзінде Парламентте Франция Президентін қолдаушылардың көпшілігімен үкімет өз қалаулары бойынша құрылады.

Қазақстанның президенттік басқару нысаны бойынша дамуының келесі негіздері бар. Біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-ші бабының 1-ші тармағында Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылатындығы бекітілген. Екіншіден, Қазақстан Республикасы Президенті Үкіметке қатысты көптеген өкілеттіктерге ие болады және Үкімет оның алдында жауапты.

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІІ-ші бөлімімен және 26 желтоқсан 1995 жылы қабылданған “Қазақстан Республикасының Президенті туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттеледі. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-шы бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы және оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Мемлекет басшысы ретінде ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды және ел ішінде әрі халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді. Президент халық бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады.

Республика Президенті билікті бөлудің мемлекеттік механизмінде ерекше орынға ие болады. Ол заң шығарушы, атқарушы ж2не сот билігі тармақтарының ешқайсына жатпайды, тек “арбитр” негізінде мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және мемлекеттік органдардың барлығының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Президентін сайлау. Президентті сайлау 28 қыркүйек 1995 жылғы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен кесімделеді. Ол жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде ҚР-ның кәмелетке толған азаматтарымен жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. Бір тұлға екі мәртеден артық Президенттікке сайлана алмайды.

Қазақстан Республикасы Президенті кандидатураға келесі талаптар қойылады: тумысынан республика азаматы, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұрған Республика азаматы сайлана алады. Осы кандидаттың Президенттікке сәйкестілігі Орталық сайлау комиссиясымен кандидаттың өтініш берген күнінен бастап бес күн ішінде анықталады.

Республика Президентінің кезекті сайлауы жеті жылда бір рет желтоқсанның бірінші жетісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс. Президенттің кезекті сайлануы Қазақстан Парламентінің Мәжілісімен тамыздың бірінші жексенбісінен кем болмайтын мерзімде жарияланады.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну республикалық қоғамдық бірлестіктерге, сонымен қатар азаматтарға — өзін-өзі ұсуну жолымен құқық беріледі. Президенттікке кандидаттарды ұсыну сайлауға дейін үш ай қалғанда басталып, екі ай қалғанда аяқталады. Президенттікке кандидаттыққа өзін-өзі ұсыну Орталық сайлау комиссиясына өтініш жазумен жүзеге асырылады.

Президенттікке кандидат өзін қолдайтын сайлаушылардың Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының және астанасының кем дегенде үштен екісінің атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бірден кем болмайтын пайыздық қолын жинауы тиіс. Сонымен қатар Президенттікке кандидат Орталық сайлау комиссиясының есеп шотына заңмен белгіленген ең төменгі жалақысының жүз есе мөлшеріндегі ақшалай жарна төлеуге міндетті.

Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде дауыс санау үшін мажоритарлық жүйе (абсолютті көпшілік) қолданылады. Кандидат Президент ретінде сайланған болып есептеледі, егер:

дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астам дауысына ие болса;

қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігіне ие болса.

Қазақстан Республикасының сайланған Президенті міндетті түрде Орталық сайлау комиссиясымен тіркеледі.

Президентті сайлаудың дұрыс өткізілгендігі туралы мәселе Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде Республика Президентінің, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы немесе Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің жүгінуі бойынша қарастырылады. Бұндай жағдайда жаңадан сайланған Президенттің лауазымына кіру процедурасы  тоқтатыла тұрады.

Республика Президентінің қызметке кірісуінің салтанатты жағдайы (инаугурация) қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі. Егер Президент кезектен тыс сайлауда сайланса, онда Республика Президентінің өкілеттіктерін қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде ант береді.

Конституциялық заң Президенттің қызметінің кейбір шектеулерін қарастырады. Президенттің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға хақы жоқ.

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері жаңа сайланған Президенттің лауазымына кіру кезінен тоқтатылады, сонымен қатар Президентті лауазымынан мерзімінен бұрын босату немесе кетіру не оның қайтыс болуымен байланысты тоқтатылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Сенат Төрағасына ауысады; Сенат Төрағасының өзіне Президент  өкілеттігі  қабылдауы мүмкін болмаған жағдайда ол Парламент Мәжілісінің Төрағасына ауысады; Мәжіліс Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған жағдайда ол республиканың Премьер-Министріне ауысады. Өзіне жоғарыды аталған негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлғаның Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы бастама жасауға құқығы жоқ.

 

 

№9 тақырып бойынша тест сұрақтары.

  1. Қазақстан Республикасында қарулы күштердің Жоғары Бас Қолбасшысы болып табылады:

а) Қазақстан Республикасы Президенті;

б) Премьер-Министр;

в) Қорғаныс министрі.

(дұрыс жауабы — а)

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттік мерзімі:

а) 5 жыл;

б) 4 жыл;

в) 7 жыл.

(дұрыс жауабы — а)

  1. ҚР-ның Президенттігіне қойылатын жастық ценз қандай:

а) 35 жастан жас болмауы керек;

б) 40 жастан жас болмауы керек;

в) 35 жастан асқан болуы керек.

(дұрыс жауабы — б)

  1. ҚР-сы Президенттігіне кандидат Қазақстан Республикасы аумағында соңғы неше жыл тұруы қажет:

а) 15 жыл;

б) 10 жыл;

в) 20 жыл.

(дұрыс жауабы — а)

  1. ҚР-сы Президенті қандай лауазымға сайлау үшін Парламент Сенатының отырысының бірінші сессиясында кандидатты ұсынады:

а) Бас Прокурорды;

б) Сенат Парламентінің Төрағасы;

в) ҰҚК-нің Төрағасын.

(дұрыс жауабы — б)

  1. Президенттің конституциялық заңға сәйкес Үкіметтің орнынан кетуі туралы немесе оны қабылдамау туралы мәселелері қаралады:

а) 3 күндік мерзімде;

б) 10 күндік мерзімде;

в) бір ай мерзімде.

(дұрыс жауабы — б)

  1. “Қазақстан Республикасы Президенті туралы” ҚР-ның Конституциялық Заңы қашан қабылданды:

а)  10 желтоқсан 1991 жылы;

б)  20 қараша 1995 жылы;

в)  26 желтоқсан 1995 жылы.

(дұрыс жауабы — в)

  1. Қазақстанда Президент тағы алғаш рет қашан енгізілді:

а)  24 сәуір 1990 жылы;

б)  1 желтоқсан 1991 жылы;

в)  30 тамыз 1995 жылы.

(дұрыс жауабы — а)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *