Сізге қандай сусын керек?


Сусынға деген сұраныс артатын осы маусымда оны да денсаулықты түзеу үшін дұрыс тұтынғанға не жетсін! Әрі сусын, әрі ем болу үшін сізге қанда сусын керек екенін білесіз бе? Назар салып көріңіз:
🥃 #Су. Су асқазандағы токсиндерді шығарып, асқазан қызметін қалыпта ұстайды. Сонымен қатар қан тамырлары мен буындарға да күтім жасайды.
🥤 #Анар шырыны. Жүрек қызметі мен қан тамырларын қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ қан қысымының артуы мен қаназдық ауруы кезінде пайдасы мол сусын.
🥃 #Жалбыз шайы. Асзақан сөліне игі әсер етіп, қан қысымын азайтып, ұйқысыздықпен күреседі деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті.
🥤 #Айран. Айран ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіреді.
🥃 #Алма шырыны. Бүйрек, бауыр мен қуық қалбыршағының қызметіне оңды әсер етеді.
🥤 #Мүкжидек морсы. Бұл сусын иммунитетті нығайтады. Сонымен қатар ыстықты басатын қасиеті бар.
🥃 #Түймедақ шайы. Антибактериялы әсері бар, жүйкені тыныштандырып, босаңсытатын қасиетке ие.
Енді осылардың арасынан деніңізге саулық сыйлайтын сусынды таңдап алыңыз. Ем болсын!
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *