Құрылымдық талдау

Әдіскер ғалым Құттыгүл Айтжанова көркем шығарманы талдаудың бес жолын ұсынады. Соның бірі-құрылымдық талдау. Құрылымдық талдау дегеніміз, көркем шығарманың жанрлық, композициялық ерекшелігін және әдебиет әдістамасының қалыптасу мәселелерінің танысу жүйесі болып табылады. Құрылымдық талдау шығарманың көркемдік қасиеттерін айқын көрсететіндіктен, оқушы үшін талдаудың ең тиімді жүйесі болып саналады. Оның берер пайдасы көп-ақ. Мәселен, оқушы сатылай кешенді құрылымдық талдау негізінде оқиғаның біріздігін байқайды. Оқушыға автордың құрастырған сюжеті таңсық болмай, керісінше барлығы орын-орнымен көрінеді. Әр оқушы сюжеттің қандай құрылымдардан тұратындғын, қай сюжет қай сюжеттен кейін ұласып, жалғасатындығын, барлық сюжеттің өзара байланысын ұғып, оқиға сюжетін құрастыруға икемделеді. Өйткені, оқиғаның бірізді композияциялық құрылымы мен сюжеті оқушы санасында кесте түрінде тұрады.

Авторы: Білім саласына арналған Республикалық Ulagat.com порталының редакторы және Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің 4 курс студенті Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *