Бір нәрсені тез байқайтын, сезімтал, көреген. Көзің жіті, қырағы, аңғарғыш, шама-шарқын сезгіш болсаң ғана дүние табуға мүмкіндік бар (Ә. Әлішев). Менің өз байқауым әкем. Мейірман біршама ақылды, аңғарымпаз адам еді (Б. Аманшин). Бәрін қалт жібермей көңіліне кестелеп отырған аңдампаз ағасы аспандағы қаршығаға бір, қарияға бір қарап қояды («Қаз. әдеб»). Кузнецовтың сөзінен, көз қарасынан оның заводтағы басқа адамдарға қа-рағанда әлдеқайда аңғарымды екенін байқатады (Ө. Қанахин). Әкесіндей бұл дағы ненің қалай тұрғанын абайлағыш, сынағыш (С. Мұқанов). Әсия-мұндай көп көріністерді елегіш, аңдағыш мәдениетті әйел (М. Әуезов). Ғалымның өскен ортасы әр нәрсені байымдағыш, көріп-білуге құмар болып өсуіне әсер етті («Халық мұғ.»). Елде әр нәрсені жете бақылап өскен Құрманның байқа-ғыш көзі саудагерлердің қасында тұрған бір татар баласының киіміне қызы-ғып, соның көпке дейін қасынан шықпады (Х. Есенжанов). Қорғаныс шебін-дегі ойыншыларды доп берілген кезде байқампазболуға үйрету керек (О. Жарылғапов). Былайша бағдаршыл жанымдағы серігім ай жарығында адаса қоймаспыз деп сенеді (Ө. Қанахин). Қасқырды қанша асырасаң да, қанға құмартып қоймайды дегендей, Қойбалаға көп сене берме байқас бол (Ә. Әлімжанов).