Абайлағыш болушылық, әрнәрсені аңғарғыш, аңғарғыш болушы-лық. Жинақтығы жұмбақтар балдырған бөбектерді аңғарғыштыққа үйретеді («Лен. жас»). Ол ең алдымен ізденгіштігімен, еңбек сүйгіштігімен, аңғарым-дылығымен көзге түседі («Соц. Қаз.»). Әйел затының сыншыл да аңғарым-паздығы белгілі ғой (Т. Ахтанов). Абайлағыштыққа ие болу үшін адам зерек, аңғарғыш болуы тиіс (М. Мұқанов). Михайло да ер жүрек, елгезек болды, бі-рақ ол тапқырлығы, ептілігі жағдайды аңғарғыштық жағынан өз досынан кем соға беретін-ді (Қ. Қайсенов). Жолдастарының аңдағыштығына сүйсініп қалды («Қоғамдық тәртіп»). Көмескі болса да, әлі есінде, мектепте оқып жүр-ген шағында тамам баладан мұның ала бөтен ерекшелігі-байқағыштығы еді (О. Бөкеев). Мұндай байқампаздық, сергектік біздің дағдымызға айналған еді, ал сақтықсыз жүрген жауынгер тектен-тек арам өледі (К. Көпішев).Кейде үлкендер баланың зеректігі мен байымдағыштығына көңілшектікпен ел-жіреп кетеді (Т. Молдабаев).