Белгілі бір заттың, құбылыстың ерекшелігі мен қасиетін ашатын, жазбаша не ауызша берілетін түсінік. 1953 жылға дейін осы бір кішкене анықтаманы журнал бұрышына жазып отыру ешкімнің ойнына келмепті (О. Шаймерденов). Жезқазған алқабының геологиялық сипаттамаларын 1908 жылдан бері талай адам жазып келді (Ә. Әзиев). Кішкентай көк кұс жөніндегі осы бір шағын суреттеме қысқа да тұжырымды («Бәйшешек»).