Кей кезде, әлсін-әлсін, соқта-соқпада. Күн жылыда, жұмыс болмаған уақытта, анда-санда ғана барып сабақ алып тұр (С. Торайғыров). Кейде болмаса, мен қыздың үйіне көп бармайтынмын («Лен. жас»). Әжем қайбірде үнсіз мұңға шомып, ойға қалатын болды (Ауызекі тіл). Зу-зу ұшқан оқтар кей-кейде жуан теректің аша бұтағына тиіп, үзіп түседі (Ә. Нұрпейісов). Басқа балаларды қойғанда Ділдәнің өзі де баз-базда оның көмегіне тәуелді болып қалады (Ә. Омарбеков). Ниязбай қызыл тазыны ілуде болмаса, бұл тоғайға әкелмейтін (С. Бегалин). Қайсыбірде тіршілік тірегі неде деп ойлайсың («Алматы ақшамы»).Әскер киімді адамды шаңда бір кинодан көрмесек, былай көру бізге бұрын бұйырмаған (С. Бердіқұлов). Сүйіншіңе деп пошташыға өзінің ілу-шалуда бір салатын бөртпе шәлісін ұсынды (Ш. Құмарова).