Амандық, саулық, есендік, салауаттық, есен-амандық, сәлеметтік, есен-саулық, аман-саулық, аман-есендік

 Денсаулық пен тіршілік, ден та-залығы. Амандық болса, бұлдап сатса, осы он қойының ақшасына Мейірма-ныма арнап бір жақсы ат алмақшы (Б. Аманшин). Арамыздағы бір тентек қайда жүрсе де аман болса екен деп, шетімізден соның саулығын тілеп қала бердік (М. Дүзенов). Қария құранын аяқтап, бетін сипады да, есендік сұра-сып, көңіл айтуға кірісті (Ә. Сәрсенбаев). Жаныңа салауаттық болса, бәрі де қалпына барады (С. Шаймерденов). Есентай мен Әділғазы Шернияздардан есен-амандық сұрасып жатыр (Д. Әбілов). Әтірмен жақсы ғой, әтір сән емес, сәлеметтіктісақтауға жатады (І. Жансүгіров). Құшақтасып, сүйісіп, есен-саулық сұрасып болғаннан кейін Дәулетті шаршы төрге отырғызды (Х. Ерғалиев). Бірақ амандық-саулық сұрасып, тіл қатысқаннан бөтен тіс жарып, ештеңе сөйлесе алмадық (Т. Ыдырысов). Салт бойынша әуеліаман-есендікті сұрапты да,сосын өз жағдайына ауысыпты(Б.Тоғысбаев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *