Алыстық, қашықтық, жырақтық, шалғайлық, ұзақтық

 Алыс болушылық, жақын еместік. Жол жағасына оның алыстығын көрсететін бағандар қойғызды (Н. Баяндин). Төрт-бес жастағы бөбектер кеңістік пен уақытты, алыстық пенқашықтықтынашар ажыратады (Қ. Жарықбаев). Ол Бакалда жергілікті сушылармен жарысып, су бетінің жырақтығына та-лайынан озып та шыққан (С. Мұқанов). Қоныстың шалғайлығы қашық емес, көңілдің шалғайлығы қашық (С. Алдабергенов). Жолдасың келіссе, жолдың бәрі қызық, Жалықпайсың, ұзақтығын да сезінбейсің (М. Сәрсекеев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *