Алыс жерге ұ-зап кету. Қызмет бабы, өмір жолы тарам-тарам ғой, бірде қатар қызмет етіп, бірде алыстап кеттік (Ж. Арыстанов). Мына жерде қашықтаған соң, бізді ұмытып кетіп жүрмеңіз (С. Бегалин). Шана жылжып, жолаушылар бірте-бірте ұзап кетіп барады (Д. Әбілев). Сен келгелі Айдар екеуміздің арамыз алшақтап барады (А. Шамкенов). Тура келе жатқан адамдардың жолынан аулақтап, оңға қарай тездете басып ойысты (К. Оразалин). Мен айғырды ұстап мінгенше, қашқан қасқыр жырақтап кетті (С. Мұқанов). Жақын жүргенде ұл мен қызы келіп-кетіп жүретін-ді, қазір жер мойны шалғайлап, хабарсыз қалып отыр (М. Құмарбеков). Өздерін тіпті елден шығандап кетіпсіндер ғой, екі күн жүріп зорға жеттік (Қ. Салғарин). Орталықтан жүз елу шақырымдай қияндап, сонау Жәмитте киіз үй тігіп жатқан (С. Қалиев). Нұрлан машинасын қорадан аулақтау жерге қойды да, ішіне кіріп, ұйықтады да қалды (З. Шашкин). Кейде бұлар госпиталдан ұзақтау шығып, өзен бой-лап та кететін (С. Сарғасқаев). Айпара ана көлден қашаңдаған сайын, соңын ала судан көтерілген тұман да қуа шыққан (О. Бөкеев).