Әжептәуір алыс, жақынырақ емес. Апам бұл күндері жаяу жүрсе тез шаршап қалатындықтан, алыстау бір үй шақырса, бие жегіп апарамыз (Ж. Молдағалиев). Біраздан соң екеуміз ауыл-даналысырақ кетіп, көк шөпке отырдық (Ж. Саин). Аяқты мал қашықтау өрістерге жіберілетін болды (К. Қазыбеков). Ол ауыл Сұлтанбекке шалғайлау сияқты көрінді (М. Әбдіхадықов). Бұл ауылдың керуен жолынан жырақтау отырғанының да бір мәнісі бар (Ж. Тәшенов). Алтыбақан Сүйіндік ауылынан қашаңдау жерде, кең алаңда екен (М. Әуезов). Өтті қыс, жетті міне, жаз жар-қырап, Әсия Алматыдан алшағырақ (Қ. Бекхожин). Қызға бір күн бар сырын айтып еді, оңаша алып барып аулағырақ («Үш ғасыр жырлайды»).