Алыс деп білу, алыс деп есептеу. Көкке тойынған қой бес-алты шақырымды алыссынбайды (З. Ақышев). Еламан жар басынан қиялап шығатын жолды қашықсынып, үй-інің дәл тұсынан кеп тік жарға төтелеп салды (Ә. Нұрпейісов). Жер қара, күн жылыда ешкім мұны жырақсынып көрмеп еді («Жас Алаш»). Бес шақырым жердегі ауылға балаларының қатынап оқуын көп ата-ана шалғайсынады («Жетісу»).