Алымы үлкен, қарпымы мол, күшті. Ұзаққа шабатын алымды жүйрік бар күшін жолдың екінші жартысына жұмсайтыны белгілі (М. Танекеев). Қаламы қарпымды тілші әсем сөзді аямай төгіп, желдірмелетіп-ақ жазыпты (М. Мағауин). Сейділда Оспанов-жауапты қызмет атқарған тәжірибелер, беделді, қарымды басшы (Ә. Жәмішев). Бұл бозбала жігіт тым зерек, шалымды, іскер (Т. Әлімқұлов).