Даң-дұң, шу-шәле-кей. Айғай-ұйғай, қыздардың шырылдаған дауысы үйді жарып жібере жаздады (М. Дүйсенов). Айғай-сүрең бұрынғыдан да күшейіп, поезд жылжып кетті (Ә. Шәріпов). Ағасы Сари сонау айғай-шу шығып жатқан тұста ойын сауықтың ішінде жүр (Т. Әбдіков). Шаң-шұң еткен дауыстар шыға бастады (М. Дүзенов).