Тағамға жарататын нәрсе. Пішеншілерге ауылдан азықты жұмыс жасына жетпеген балалар тасиды (С. Мұқанов). Бетпақтың көкпек, жусан, шөбі сұйық, сол шөпті қорек қылған байғұс киік (С. Сейфуллин). Әсия Қайыржанға киім-кешек, азық-түлік алып келіпті (С. Алдарбергенов).