Азын-аулық, бірлі-екілі, некен-саяқ, бірен-саран, бірлі-жарым, жал-ғыз-жарым, бірді-екілі, қадақ-құдақ қарап., некен-нұқан сөйл

 Анда-санда бір ұшырасатын, ілуде бір, аздаған, құнарсыз, шамалы. Азын-аулақ малымыз-дың өзін етекке түсіріп, әлі қырқа алмай жатырмыз (Ғ. Сланов). Шырағым, сенің сауатының бірлі-екілі сиыр емес, он екі сиыр,- дедім (Б. Тұрсынбаев). Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ, болады осындай қыз некен-саяқ (Абай). Төте жол қуалап қатынасқан бірен-саран салт атты жүргінші болмаса көп ағылған ел жоқ (М. Әуезов). Бірлі-жарым кен зерттейтін инженерлер де мөлшерлі күнге дайындалып келді (К. Оразалин). Сыртта жүрген жалғыз-жарым әйелдер, бала-лар аңқиып тұра қалып, поезға қол бұлғайды (Т. Ахтанов). Қолдарындағы бірді-екілі қараларын да қайда, кімге қалдыруды қарастырғандар бар (А. Хангелдин). Шашында қадақ-құдақ көкшіл талдар бұрыннан да бартұғын (Е. Мырзахметов). Амал қанша, мойын-серікке кірмей, сай-сайда бұғып отырған некен-нұқан кедейлер әлі де бар-ау? (А. Жүнісов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *