Ажар, әр, дидар, өң, келбет, көрік, шырай, кейіп, рең, рай

Өң – түс, түр-тұрпат. Шалдың жасы жетпіске жетсе де, ажары әлі кетпеген келбетті, кесек тұлғалы адам екен (Ә. Әбішев). Әлде жылтыраған бетіңнің әрі болған соң, бар еркек сені білу керек деп ойлаймысың (С. Жүнісов). Дидары ашық қарағым, Таусылмас сенде нұр бар – ау. Сен бе екен деп қаламын көтерілген күнді анау (Д. Қанатбаев). Әйгерім отқа жақындап отырғандықтан, өңі ажарланып, балқығандай қызара түскен (М. Әуезов). Күләннің сүйкімді келбетіне бұрынғыдан бетер сұқтанып қарай бердім (Б. Соқпақбаев). Бай баласының шибарқыт шапаны көптен көрмеген жас жігіттің көркін аша түскен сияқты (Р. Райымқұлов). Отыз бестерге келіп қалса да, бетінің шырайытаймаған (Т. Дәуренбеков). Жапаста өң – түс жоқ бағынышты кейіп-пен әркімге бір жаутаңдай қарайды (З. Шашкин). Наурызбайдың реңінен көңілінің қапалы екенін аңғарған Күнімжан оған күле қарады (І. Есенберлин). Махмұт Шағманның үлкен ұялы көзінен әкелік қамқорлықтың райын байқа-ды («Бәйшешек»).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *