Ажарсыздану, көріксіздену, кейіпсіздену, ұсқынсыздану, сұрықсыз-дану, реңсіздену, өңсіздену

Ажарсыз болу, көркінен айырылу. Ажарсызданып бара жатқаны да жанына батпай жүрген жоқ, әрине (О. Әбділдаев). Мүсінді қара лакпен бояу көр жағдайда монументтің көріксізденіп, көнеріп кетуіне апарып соғады («Қаз. әдеб.»). Бұзау ауырып қалса, Таняның іші аяп кетеді де, мұндай күндері ренжіп кейіпсізденіп жүреді («Соғыс жылдары»). Ағасы осы екі-үш айда ақ қатты жүдеп ұсқынсызданып кетіпті («Лен. жас.»). Оның қазіргі өңі жапыраөтары селдіреген күзгі қарағаш бұтақтары тәрізді сұрықсызданып кеткен (Д. Әбілеев). Ауыл көрер көзге реңсізденіп қалғандай («Жетісу»). Бетін дақ басып өңсізденіп жүрген әйелдерге сәбіз шырыны немесе үккен сәбіз пайдалы (С. Сұбханбердин).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *