Ерсі мінез көрсету, ажыраң – ажыраң ету, қоқаңдау. Әшейінде адыраңдап мені көрсе жыны ұстайтын директорымның жүні жығылып қалыпты («Қаз. әдеб.»). Сонда ғана кім екенімді танығандай «неге жұлқылайсың» деп ақыраңдай түрегелді (С. Мұқанов). Еңгезердей қара жігіт адыраңдапшыға келеді (С. Тал-жанов). Бұрынғыдайәкіреңдеп тұрған Темірбек жоқ, жыны басылған тәрізді (Б. Тоғысбаев). Дәптерін жыртыпсың, — деп жекіреңдеп мектепке келеді («Қаз. әдеб.»). Сол екі арада қару – жарақты едіреңдегенбес – алты атты кісі қораға кіріп келді (С. Сейфуллин). Ақанға бата алмай тұрған Батыр-аш « бөрі ашуын тырнадан аладының» керімен ежіреңдеп, оған тап-тап бер-ді (С. Жүнісов). Айтқожаның ожыраңдай бір нәрсені айтып қалғаны болма-са, қолын қоянға көтермейтін су жүректігін Жұмабек білетін (С. Бегалин). Нұраділ оны іліп алып, әжіреңдегенала көз ақ құбаны қойып жіберді (І. Жансүгіров). Шақшиып шағыр көзі шапыраштанып, кейде күн бола қалады жалғыз ұлық (А. Тоқмағамбетов). Айтқан ақылын ұнатпағасын, бадыраңдаптыңдайтын сыңай танытпады («Жұлдыз»).