ҚАБЫРҒАДАҒЫ ЖАЗУЛАР

Қалайша жөңкиді осы ой ырғағы.
Мынауың өмір ме өзі – ойын-дағы;
Адамзат ұлы жолдың бойындағы, –
Алла мен Абайды да көзге ілмей кеп.
Рухтың мәңгі – бақи өлмейтінін,
Ақыры –
Цойды көріп мойындады…
* * *
О, өлең!
Қалам сенен несін бүгіп?
Басыңнан сайқал дауын кешір бүгін:
Әйелдің сұлулығын көру үшін
Қажеті қанша оны шешіндіріп?!
Бір ойдан бір ой туып,
Есіл басты
Даң қылып әсемдікке есік аштық:
Ұятпен киінген пәк сұлулықты
Ұятсыз, шешіндіру –
Есуастық!
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *