Хиросима жайлы менің де

Хиросима жайлы менің де
Өлеңім туған жоқ-тұғын…
…Шайтанкөл жатыр еркелеп,
Еркелеп самал еседі.
Бір кезде осы өлкеде
Топан су болған деседі…
* * *
Тұранды айтсаң, сол жұрттан
Тұра қашып құрт-қыбыр,
Құранды айтсаң – қолтықтан
Құдай сүйер ұлтты бұл.
Ғажап күнім – азат күн,
Тәңірі бергей от-қуат.
Абайы бар қазақтың.
Ақымағы көп, бірақ!
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *