О, МҰҚА!

– Ұш! – дейді Уақыт сыпырып томағасын,
Фәнилік сапарыңды доғарасың.
Ертегі мен аңызда айтатындай,
Мынау жарық жалғанға қайта тумай,
Сен де, иә, із–түзсіз жоғаласың.
Өзгереді өңір де не түрге еніп,
Дауылына Уақыттың бетін беріп,
Біз қаламыз көп жайды байқай алмай:
Аққулар да кетеді қайталанба,
Тәттімбеттің күйлері секілденіп!
Неткен қатал, сұм тағдыр, керең еді,
Ғашық жанның тілегін елемеді.
Маздап жанып, һәм бықсып сөнбеу үшін,
Барлық қателігіңді жөндеу үшін,
Саған –
Қайта бір туу керек еді!
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *