БАЛЫҚТАР ТРАГЕДИЯСЫ

Бүгін бір ғажап күн екен,
Не деген ғажап сырлы әнің:
Күн астында Күнекей
Қыз жайлы аңыз жырладың!
…Көкжиек.
Шаңқан өр теңіз
Әкелген айдап кім мұнда!
Отырмыз Шайтанкөлде біз
Сөз беріп Муза – бұлбұлға.
Шайтанкөл жатыр –
Құрлықтың
Дидарындағы таң-шырай;
Сұлушаш деген Мұңлықтың
Көзінен тамған тамшыдай…
Шайтанкөл жатыр еркелеп,
Еркелеп самал еседі.
Бір кезде… осы өлкеде
Топан су болған деседі…
Топан су!
Тұнбай – селдеген!
Қиялға бір сәт ерік бер:
Өмірге онда келмеген
Темірхандар мен Серіктер…
Мұхит-тын осы өңірде,
Таң қалған тақсыр таңдар да,
Серіктер түгіл,
Өмірде
Жоқ еді Ақсұңқарлар да!
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *