Өтсін мейлі, білмейміз біз айнуды,
Жаз – жайдары,
Қыс – сұсты,
Күз – айбынды.
Толқындармен тербеліп тұрушы еді –
Айдын қызды құшақтап,
Қыз – айдынды.
…Ыстық па өмір солдаттың аңсауынан,
Жаңбыр болып көз жасы жауса бұған.
Алтын жүзік тереңге сусып кетті
Сұлудың суда ойнаған саусағынан.
Көзден таса жоғалды асыл ғайып,
Сұлу қалды сұрланып, шашын жайып.
Кім кінәлі, қыз ба әлде,
Қызық па әлде,
Болды ма екен көңілдің хошында айып.
Қызға келген төтенше қиын дерттей,
Жүзік жатты көңілдің күйін шертпей.
…Тамақтан өте беріп тұрып қалған
Жүректің тұсындағы түйіншектей.
СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ